AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Түркі әлемі медиасы Алматыда бас қосады: VI халықа...

Түркі әлемі медиасы Алматыда бас қосады: VI халықаралық түркітілдес журналистер форумы өтеді

Барлығы 18.11.2025, 09:39 458 Сұлу
Түркі әлемі медиасы Алматыда бас қосады: VI халықаралық түркітілдес журналистер форумы өтеді
depositphotos.com

18-19 қарашада Алматыда Түркітілдес журналистер қорының ұйымдастыруымен "Түркі әлемінің медиа кеңістігі: жаңа дәуірдегі міндеттер мен мүмкіндіктер" тақырыбына VI Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумы өтеді.

Іс-шараға Қазақстан, Орталық Азия, Түркия, Еуропа елдерінен БАҚ басшылары, журналистер, депутаттар, медиа саласындағы ҮЕҰ басшылары, Қоғам қайраткерлері, PR менеджерлер, баспасөз хатшылары, журналистика факультетінің мұғалімдері мен студенттері т.б. қатысады.

"Медиа және мәдени бірегейлік: БАҚ арқылы түркі әлемінің байланысын нығайту", "Түркі елдері арасындағы цифрлық көпір: PR-дағы жаңа технологиялар, платформалар және құралдар", "Медиабизнестегі тұрақтылық пен инновациялар: болашақтың моделі", "Жаңа дәуір шындығы: БАҚ-тағы жасанды интеллект" тақырыптарындағы отырыстарда түркі әлемі медиасында ортақ ақпараттық алаң қалыптастыру жолдары, мәдени мұралар арқылы түркінің ұлттық құндылықтарын насихаттау, түркі мемлекеттерінің әлемдік аренадағы имиджін нығайту үшін PR стратегиясын үйлестіру, БАҚ-тағы кіріс көзін диверсификациялау, ақпаратты табыс көзіне айналдырудың жолдары, контент дайындау және өңдеу процестерінде жасанды интеллектті пайдалану, т.б. мәселелер талқыға салынады.

Медиа форум шеңберінде ұйымдастырылатын "Әлеуметтік журналистика: БАҚ-тағы әлеуметтік мәселелер" тақырыбындағы семинар-тренингте Германиядағы "Неміс толқыны" телеарнасы Түрік редакциясының директоры Эркан Арыкан "Deutsche Welle": жасанды интеллект көмегімен жасалған жалған видеоларды анықтау" тақырыбына шеберлік сабағын өтеді.

Сондай-ақ, "Түркітілдес журналистер қоры" ҚҚ "Шеврон" компаниясы серіктестігінде ұйымдастырған "Әлеумет – қоғам айнасы"-2025 байқауы мен "Halyk Bank" АҚ серіктестігінде ұйымдастырған "Еркін сөз"-2025 байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Түркітілдес журналистер қоры #Алматы #Медиафорум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

BilimClass электрондық журналы 25 мамырға орай ерекше науқан бастады

Бүгін 14:43

Енді несие беру табысқа қарай шектелуі мүмкін

Бүгін 14:10

Алматыда журналистердің арасында үстел теннисінен жарыс өтті

Бүгін 14:08

Алматыда алғашқы түнгі Almaty Glow Ride велошеруі өтеді

Бүгін 13:12

Қазақстандықтардың автонесиеге қызығушылығы төмендеді

Бүгін 12:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);