Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Tallinn University мен QyzPU арасында меморандумға...

Tallinn University мен QyzPU арасында меморандумға қол қойылды

Барлығы 18.11.2025, 09:26 380
Tallinn University мен QyzPU арасында меморандумға қол қойылды
Cурет: Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің баспасөз қызметі

Назарбаев Университетінде жоғары білім мен ғылым саласындағы халықаралық әріптестікті дамытуға арналған Ректорлар форумы өтті. Жиынға Эстония Президенті Алар Карис, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, сондай-ақ Эстонияның жетекші университеттері ректорлары арнайы қатысты, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Форум аясында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректордың міндетін атқарушы Сәбит Суатай  мен Таллин университетінің ректоры Ты́ну Вийк өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум аясында тараптар мектепке дейінгі және бастауыш білім беруге қатысты заманауи педагогикалық тәсілдер мен өзекті мәселелерді бірлесе зерттеу үшін ортақ академиялық алаң құрады. Сонымен қатар, ынтымақтастық цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектке негізделген инновациялық білім беру шешімдерін әзірлеу мен енгізуді қамтиды. Тараптар ұзақ мерзімді ынтымақтастықты қамтамасыз ететін тұрақты серіктестік желісін қалыптастыруды көздейді.

Академиялық ынтымақтастықтың болашақ бағыттарын талқылау барысында QyzPU ректорының міндетін атқарушы Сәбит Суатай мектепке дейінгі білім беру жүйесін дамытудағы бірлескен бастамалардың маңызын атап өтті.

«Бүгінгі талқылаулар QyzPU мен Таллин университеті арасындағы стратегиялық әріптестікті жаңа деңгейге көтеретініне сенімдімін. Біздің бірлескен бастамаларымыз мектепке дейінгі білім сапасын арттыруға елеулі үлес қосады», – деді ол.

Меморандумға қол қою рәсімі екі университет арасындағы ынтымақтастықтың ресми бастамасы болып табылады және білім беру саласындағы бірлескен жобаларды дамытуға жол ашады. Ынтымақтастық аясында жүргізілетін зерттеулер мен тәжірибе алмасу білім беру сапасын арттыруға, заманауи педагогикалық тәсілдерді енгізуге және цифрлық технологияларды қолдану арқылы инновациялық шешімдерді жүзеге асыруға бағытталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Tallinn University #QyzPU #Меморандум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Бүгін 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Бүгін 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Бүгін 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика