Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Түркістан облысындағы қайғылы жағдай: аман қалғанд...

Түркістан облысындағы қайғылы жағдай: аман қалғандардың жағдайы айтылды

Оқиға 18.11.2025, 10:36 527
Түркістан облысындағы қайғылы жағдай: аман қалғандардың жағдайы айтылды
aqshamnews.kz

Түркістан облысы Жетісай ауданы Алғабас ауылындағы өрттен кейін медициналық мекемелерге үш адам - екі ересек және бір бала жеткізілді, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомство ақпаратына сәйкес, қазір барлығы реанимация бөлімінде жатыр, жағдайлары ауыр, бірақ тұрақты.

"18 қарашада Жетісай ауданында болған өртке байланысты өңірдің медициналық қызметі зардап шеккендерге жедел түрде көмек көрсетуді бастады. Медициналық мекемелерге үш адам - екі ересек және бір бала жеткізілді. Барлығы реанимация бөлімінде жатыр, жағдайлары ауыр, бірақ тұрақты. Науқастарға интенсив терапияның толық кешені жүргізіліп жатыр, олардың жағдайы салалық мамандардың толық бақылауында", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, басқарма жедел медицина желісі бойынша күшейтілген жұмыс тәртібі енгізілгенін мәлім етті.

"Облыстық денсаулық сақтау мекемелерінен қосымша мамандар тартылып, қажетті дәрі-дәрмекпен және психологиялық қолдаумен қамтамасыз етілді. Жағдай Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының бақылауында", - деп атап өтті облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

Оқиғаның мән-жайы 

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 18 қарашада таңертең Жетісай ауданына қарасты Алғабас ауылындағы екі қабатты жеке тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабар түскен.

"Үйде екі отбасы болған, шатыр опырылып түсті": Зәкиева оқиғаның жай-жапсарын айтты

Оқиға орнына жеткен өртсөндірушілер келген сәтте үй толықтай өртке оранғаны анықталған. Өртті сөндіру және барлау кезінде үйден ес-түссіз жатқан үш адам эвакуацияланып, жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.

"Үйдің ішінен 12 адамның мәйіті табылды, олардың тоғызы – бала", – делінген ТЖД хабарламасында.

Көршілердің айтуынша, оқиға болған үйде қонақтар болған, себебі алдыңғы күні үй иелерінде іс-шара өткен. Өрт 360 шаршы метр аумақта толық сөндірілді.

Қазір оқиға орнында барлық жедел қызмет жұмыс істеп жатыр. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, тергеу басталды.

Үкімет пен Түркістан облысының әкіміне зардап шеккен азаматтардың туған-туыстарына барлық қажетті көмек көрсетіп, қайғылы оқиғаны жан-жақты тексеруді тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Түркістан облысы #өрт #өлім #аурухана #денсаулық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика