AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Полипропилен, әйнек, гидроген

Полипропилен, әйнек, гидроген

Экономика 11.11.2022, 05:41 1,880 Айбар Олжаев
Полипропилен, әйнек, гидроген
фото ашық дерек көзінен алынды

Қазақстанды енді ештеңе тоқтата алмайды




Еліміз биыл ешкім күтпеген технологиялық серпіліс жасады. Жылдың аяғында Қызылордада отандық әйнек зауытының сатып алушыларға дайын өнімнің алғашқы партиясын жібергенін жазған болатынбыз.




Араға 3 күн салып, Атырауда "KPI" газохимиялық зауыты "пластмассаның королі" - полипропилен өндірді. Алғашқы партия зауытпен контрактқа отырып қойған отандық компанияларға жөнелтілді. Қазір зауыт 10 контрактқа қол қойып қойды, ол бойынша бұған дейін полипропиленді Ресей мен Әзірбайжаннан сатып алып келген біздің компаниялар енді отандық полуфабрикатты алатын болады. Олар отандық полимерден қапшықтар, бамперлер, сеткалар жасайды. Алғашқы келісім бойынша 8 мың тонна полипропилен сатылды.





KPI - Еуразиядағы ең мықты зауыт. Өзбекстан, Әзірбайжан, Түркіменстан зауыттары біріксе де, біздің зауыттың көлеміндей өнім шығара алмайды. Оның жылдық қуаты - 500 мың тонна полипропилен. Осымен есептесек, зауыттың жылдық выручкасы кем дегенде 105 миллиард теңге болатынын болжауға болады. Ресейдегі ең алып зауыт - Сибур холдингінің құрамына кіретін "Тобыл-Полимердің" өзі жылына тек 436 мың тонна полимер өндіреді.





Енді Атырау - мәңгілік киелі мекен. Онда мұнай таусылса, ол пластмасса астанасы болып саналып, өзінің экономикалық өрлеуін жалғастыра бермек.



KPI - полипропиленнің ең көп таралған, бағасы арзан 11 түрін шығарады. Бұл жаңалықтан шабыт алған отандық инвесторлар тез арада Шымкентте осы полимердің ең қымбат, премиум түрін шығаратын зауыт тұрғызатын болды. Яғни біз полипропиленнің арзанын да, қымбатын да жасайтын боламыз.



Қызылорда әйнек, Атырау мен Шымкент полимер өндірсе, Ақтау одан да әрі кетті. Қазақтың болашағы - логистика, транзит жағынан да, энергия жағынан да Ақтауға тікелей байланысты болады.




Ақтау - болашақтың мұнайы - "жасыл" гидроген (сутегі/водород) өндірмек. Швед технологтары мен инвесторлары осы жобаны дайындай бастады. Қазақстан үкіметі тікелей қолдау көрсетіп отыр. Жасыл дегеніміз - электролизбен алынатын, ал оған керек энергияны күн мен жел генерациясы беретін сутегінің ең экологиялық таза өндірісі. Мұндай гидрогенді 2060 жылы мұнай мен көмірден кетеміз деп отырған Батыс әлемі алақанында ұстайтыны анық.



Стратегиялық тұрғыдан қарасақ, Қазақстан кешегінің отыны - көмірді, бүгінгінің отыны - мұнай мен газды, ертеңгінің отыны - уранды қазір өндіріп отырған, және онымен қоймай суперболашақтың отыны - гидрогеннің қамына бүгіннен бастап кірісіп жатқан әлемдегі санаулы мемлекет.



Сондықтан, өркениет пен техникалық прогресстен біз ешқашан тыс қалмаймыз. Біз осы процестердің ішіндеміз және әлемге керек мемлекетпіз.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #технология #зауыттар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда құқықтық мәдениет тақырыбын көтерген конференция өтті

Бүгін 10:35

Сейфуллин – Жансүгіров көшелерінің қиылысындағы көлік жолайрығының құрылысы аяқталды

Бүгін 10:18

Алматыда JAN Production киностудиясының директоры қамалды

Бүгін 09:10

Еліміздің 16 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:39

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Кеше 17:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);