Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Орталық Азия жазба ескерткіштерін зерттеуге арналғ...

Орталық Азия жазба ескерткіштерін зерттеуге арналған халықаралық ғылыми конференция өтті

Білім және ғылым 23.11.2022, 16:24 1,476
Орталық Азия жазба ескерткіштерін зерттеуге арналған халықаралық ғылыми конференция өтті

 «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында дәстүрлі ІІІ Есік оқулары «Орталық Азияның жазба ескерткіштері (аударма және интерпретациялау мәселелері)» тақырыбында халықаралық ғылыми конференция өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Конференция жұмысына Қазақстанмен қатар Түркия, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Өзбекстан, Бельгия, Ресей елдерінен 50-ге жуық ғалымдар қатысты. 


«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында өткен ғылыми конференцияның пленарлық отырысына А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының жетекші ғылыми қызметкері, ф. ғ. д. А. Н. Гаркавец., әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, т. ғ. д. Д. С. Байқонақов сынды ғалымдар құттықтау сөз сөйлеп, ғылым жолына қосқан музей-қорығының еңбегіне сәттілік тіледі. 


Конференцияны ашқан «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Мұхтарова Гүлмира Райылқызы қазіргі таңда музей-қорығында жасалып жатқан ауқымды ғылыми жұмыстар барысына тоқталды. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның пленарлық отырысында ф.ғ.д. И.А.Жеменей, т. ғ. д. А. Н. Подушкин, т. ғ. к. Ғ. Ә. Жакей, ф. ғ. д. А. Қ. Мектеп-тегі, Севастополь мемлекеттік университетінің доценті, т. ғ. к. С. Г. Бочаров, «Манас» университетінің ғалымдары т. ғ. к. К. Ш. Табылдыев пен ф.ғ.к., Т.К. Абдиев баяндама оқыды.


Конференцияда ежелгі заман жазуы, аңыз, таңба (белгі), символдар мәні сондай-ақ жазу мәдениетін өнердің символы ретінде археологиялық, этнологиялық, мәдениеттану, өнертанушылық тұрғыдан қарастыру мәселелері сондай-ақ археологиялық қазба жүмысының нәтижелері мен зерттелуі талқыланып, тың ойлар айтылып, тәжірибелерімен бөлісті. 


Халықаралық ғылыми-конференцияның секциялық отырыстарда «Сулайман Тоо» тарихи-археологиялық музей кешені (Қырғыз Республикасы), Моңғол-Алтай жартас сұлба суреттері кешенді қорық орталығы (Моңғолия Бай-өлке), Ташкент қаласындағы Камолиддин Бехзода атындағы ұлттық өнер және дизайн институты (Өзбекстан), Ресей ғылым академиясының Археология институты, Душанбе Ұлттық ғылыми академиясының Тарих, археология және этнография институты (Тәжікстан), Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеттерінің ғалымдары мен зерттеушілері баяндама жасады.



 «ICOMOS Қазақстанда» қоғамдық бірлестігі, Алматы облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығы, Жетісу облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталықтың ескерткіштерді қорғау және қала құрылысы бөлім мамандары, «Таңбалы» қорық-музейінің қызметкерлерінің қатысуымен «Ескерткіштерді қорғау мәселелері бойынша алқалы жиын өтті.


Орталық Азияның жазба ескерткіштері мәселелері мен зерттелу тарихы ешқашан өз мәнін жоғалтқан емес. «Есік» музей-қорығында өткен Халықаралық конференцияның маңызы мен ғылымилығы да ерекше болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#конференция #Есік музейі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Паралимпиада қатысушылары Алматыдағы матчтің құрметті меймандары болды

Бүгін 21:54

Алматының коммуналдық қызметтері «Қайрат – Астана» матчінде тазалықты қамтамасыз етті

Бүгін 21:22

Алматыда «Қайрат» – «Астана» матчінен кейін жанкүйерлер еріктілермен бірге стадионды тазалады

Бүгін 21:05

Ұзақ күткен матч: Алматыда “Қайрат” пен “Астана” кездесіп жатыр

Бүгін 20:15

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика