Қойылым көрерменге 4 қараша күні сағат 19.00-де ұсынылады.
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында Қажым Жұмалиевтың либреттосына жазылған Мұқан Төлебаевтың «Біржан – Сара» спектаклінің қойылымына 75 жыл толуына орай және дирижер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Раиса Садықованы еске алуға арналған спектакль өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz
«Біржан – Сара» операсы отандық музыка мәдениетінің тарихында ерекше орын алады. Оның премьерасы 1946 жылы Абай атындағы опера және балет театрының үлкен сахнасында өтті. Сюжеттің негізінде көрнекті ақын, әнші-композитор Біржан сал (Біржан Қожағұлов) мен жас талантты поэтесса Сара Тастанбекқызы өмірінің шынайы тарихы жатыр.
«Біржан – Сара» операсында өткен жүзжылдықтың бастапқы кезеңі қайта жаңғыртылған. Қойылымда байдың озбырлығы мәселесі көтерілген, осы ретте басты кейіпкерлер Біржан мен Сараның жарқын махаббаты, олардың рухани күші мен феодалдық қоғамға қарсы тұруы айқынырақ көрінеді. Музыка Қазақстанда классикалық опера өнерінің дамуына негіз болған ұлттық эпос пен формалардың органикалық қоспасын ұсынады. Біржан мен Сараның махаббат тарихы қайғылы, бірақ ол халықтың жүрегінде мәңгі қалады. Біржанның әндерін ғашықтардың жаңа ұрпақтары шырқайды. Қойылым көрерменге 4 қараша күні сағат 19.00-де ұсынылады.
Ал, 5 қараша сағат 19.00-де театр сахнасында бір актілі балеттердің кеші өтеді. Көрерменге ұсынатын алғашқы қойылым Жорж Бизенің «Кармен» операсы негізінде қойылған хореграф Альберто Алонсоның «Кармен-сюита» бір актілі балеті. «Кармен-сюитаны» қою идеясы Кармен рөлін сомдауды армандаған атақты балерина Майя Плисецкаяға тиесілі. Бизенің шығармасын негізге ала отырып, Щедрин балет либреттосын Мерименің романына емес, әлемге танымал операға сүйене отырып жазған. Оқиға сыған қызы Кармен мен оны шынайы сүйген сарбаз Хозенің қайғылы тағдыры жайлы, алайда Кармен Тореро есімді жас жігіт үшін Хозені тастап кетеді. Хозенің қолынан қаза тапқан Кармен өлімі және кейіпкерлер арасындағы қарым-қатынас сынақ, көтеріліс, қарсы тұру сынды әрекеттермен анықталады.
Шахриярдың жас әйелдерін өлімнен құтқарған Ханшайым Шехерезаданың шешендігі туралы баяндайтын «Мың бір түн» ертегісінің сюжетіндегі «Шехеризада» балеті. Симфониялық оркестр әуенімен Михаил Фокиннің Н. Римский-Корсаковтың музыкасына қойған қойылымының Шығыс құмарлықтары мен колоритін көрермендерге балет труппасының жетекші солистері ұсынады. «Шехеризада» балетін Абай ат. ҚазҰОБТ Лондон Колизейіндегі (Coliseum Theatre) гастрольдерде ағылшын қауымына ұсынған болатын.
6 қарашада сағат 18.00-де П.И. Чайковскийдің «Иоланта» лирикалық бір актілі операсы Опера театрының үлкен сахнасында орындалады. Петр Ильич өз жұмысын жазған кезде, ол: «Я напишу такую оперу, что все будут плакать» - деген еді. Шын мәнінде де, көрермен бүкіл спектакль бойы алаңдаумен болады, сюжет басты кейіпкерлер - хас сұлу Иоланта мен оның сүйіктісі Робертке деген шиеленіс пен жанашырлық сезімде «ұстайды». Дегенмен, сирек жағдайларды қоспағанда, «Иоланта» операсының соңында Happy End күтеді.