AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Онлайн санақтан өткендер дәстүрлі санаққа қатыса м...

Онлайн санақтан өткендер дәстүрлі санаққа қатыса ма?

Әлеумет 01.10.2021, 10:55 1,305
Онлайн санақтан өткендер дәстүрлі санаққа қатыса ма?
byglyckp.livejournal.com

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттіктің ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов Ұлттық халық санағы дәстүрлі форматта қалай жүргізілетінін түсіндірді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



«Санақ сұрақтарына онлайн режимде жауап бергендер санақтан өткені туралы хабарламаны көрсетеді. Интервьюер тұрғын үйдегі барлық адамдар санақтан өткеніне көз жеткізгеннен кейін, өз учаскесінің келесі мекенжайына барады. Бұл учаскелер халық санағының 1-30 маусым аралығында өткен бірінші кезеңі барысында қалыптастырылған болатын», - деді Нұрболат Айдапкелов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.



Айта кетейік, 1 қазаннан бастап халықты санақпен толық қамту мақсатында жаппай аралау кезеңі басталды. Ол 30 қазанға дейін жалғасады.


«Қазіргі уақытта республика бойынша санақ персоналы ретінде 23 мың адам жұмысқа алынды. Олардың ішінде 2693 нұсқаушы-бақылаушы және 20 мыңнан астам интервьюер бар. Ерекше атап өтерлігі, олардың барлығы 18 жастан асқан, COVID-ке қарсы вакцина алған, планшет, компьютермен жұмыс істей алатын азаматтар. Барлық интервьюерлерге планшетпен жұмыс істеу, сауал салу жүргізу әдістері бойынша оқыту ұйымдастырылды. Интервьюерде санақ логотипі бар көк шарф және сөмке болады. Электрондық санақ парақтары бар планшет, сондай-ақ, бейдж-куәлік беріледі. Бұл куәлікте аумақтық статистика департаменті басшысының қолымен және мөрімен расталған интервьюердің фотосуреті, толық аты-жөні болады. Куәліктің жоғарғы бөлігінде тіркеу нөмірі көрсетіледі. Бұл нөмірді sanaq.gov.kz сайтында «интервьюерді іздеу» жолағына енгізуге болады, содан кейін сайтта интервьюердің деректері көрсетіледі. Сондай-ақ, интервьюердің жеке басын 1446 нөміріне қоңырау шалу арқылы да тексеруге болады», - деп түсіндірді спикер.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #санақ #түсіндірме
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сейфуллин – Жансүгіров көшелерінің қиылысындағы көлік жолайрығының құрылысы аяқталды

Бүгін 10:18

Алматыда JAN Production киностудиясының директоры қамалды

Бүгін 09:10

Еліміздің 16 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:39

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Кеше 17:41

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Кеше 16:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);