Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Не пайда, не зиян?

Не пайда, не зиян?

Әлеумет 11.05.2025, 17:06 569
Не пайда, не зиян?
интернеттен

Жасымық – ақуыз бен темірге бай. Оның құрамында фолат бар, ол ми мен қан түзілу қызметі үшін өте қажет. Сосын тұрақты крахмал бар, ол ішек микрофлорасы үшін маңызды. Гликемия индексі төмен болғандықтан, диабетпен ауыратындар да жеуге болады. 

Мейіз – калий, магний мен бета-каротиннің қоспасы. Ол жүрекке, көзге және су балансын ұстап тұруға пайдалы. Бірақ кептірілген күйінде қант көп болғандықтан, күніне 3-5 тал жесе жетеді. 

Күнжіт дәні пайдалы, онда кальций, магний және мырыш бар. Ол сүйек саулығы, иммунитет үшін жақсы және қан қысымын реттейді. Сәл қуырылған күнжіт жақсы сіңіріледі. Оны салаттарға да қосады. 

Пластик ыдысқа салынған тамақты ысытқан кезде мыңдаған пластик бөлшек бөлінеді. Олар гормондарға, репродуктивті жүйеге зиян.  

Күйзеліс (депрессия) жүрек-қан тамыр ауруларының (инсульт, инфаркт) қаупін арттырады.  Күйзеліс кезінде нейромедиаторлар тепе-теңдігі бұзылады. Ол қан тамырларының қысылуына, қан ағыны бұзылуына, атеросклероздың қозуына әкеп соғады. 

Суды шамадан тыс ішу – зиян. 
Суды тым көп ішсе қандағы электролиттерді, әсіресе натрийді ерітіп жібереді, бұл гипонатриемия деген жағдайға әкеп соғады. 
Адам өзін зорлап көп су ішуге болмайды, ол бүйрекке ауыр келеді және пайдалы микроэлементтерді шайып тастайды. 
Өз ағзаңызды тыңдай білу керек. 
Шөлдеген кезде, белсенді қимылдағанда, ауырған кезде суды көбірек ішкен жөн.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#пайда #зиян #тағам
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика