Қазақ халқы – Наурыз мейрамы кірген күні мейрам құрметіне арнап, ежелгі дәстүр-салт бойынша әр үйде міндетті түрде жеті дәннің басын қосып, үлкен тайқазанға ”Тілеу көже” жасайды. Оны “Наурыз көже” деп те атайды.
Қазақ ырымы бойынша “Тілеу көже” – сол үйдің байлық пен молшылығын, бақытты отбасы екендігін білдіреді. Жыл басы мол тілеу көжемен басталса, жыл соңына дейін тіпті өмір бойы ырызықтары тасып, бай-дәулетті өмір өткіземіз деп ұйғарады. Қазақ аналары “Үйде дән тұрса, өмірде мән тұрады” деп дастарханы мерекелі болған сайын, өмірлері шат-шадыман өтеді деп сенеді.
Әне, мейрамның сәні де мәні де, берекесі де сол – “Наурыз көже” деп біледі де, Ұлыстың ұлы күні әр отбасы жеті түрлі тағамнан тамақ пісіріп, үй төріне гүлдей етіп өте мол дастанхан толы дәм дайындап қояды. Бай екенін, пыйғылының кең екенін сол жаяған дастарханынан танып,”Дастарханы тоқ екен” десе, кейбір сараң үйлердің жұтаң жаййған дастарханына қарап “Дастарханы аш” екен деп бағалап жатады.
Наурыз көжеге салған жеті дәннің сыры
Бағызы замандағы дана аналармыз”Ер азамат түз сақтайды, әйел адам үй сақтайды” деп отбасындағы ер тапқан байлықты көзінің қарашығындай қорғап, оның бәрін әдемі дәстүр тәртібі мен ибалы әдебімен ұстай білген. Тамаша өнегелі салт пен дәстүрге бағындыра білген.
Әне, сол ана дәстүрінің бірі “Наурыз көже”. Қазақ аналары – “Наурыз көжеге” жеті түрлі дән салып істейді. Мұнда жұп сан істетпейді, тақ сан қолданады 7-9-11 деген сынды. Оны “Тілеу көже”, “Көп көже”, “Көк көже”, “Сүт көже”, “Қатық көже”, “Айран көже”, “Наурыз көже”, “ Бидай көже”, “Мерам көже” деп те атай береді. Олай атауының себебі көжеге қандай ақ түрін қосса, соның атауымен атап кеткен.
Бағызы аналармыздың “Наурыз көже” жасаудағы тұрақты қалыптасқан дағдылы ұғымдары бар.
Наурыз көжеге:
- Ет тағамын салады. Науыздың сыйлы жілігі кәріжілік болып есептеледі. Қыста соғым сойғанда төрт түлік малдың (Жылқы, Түйе, Сиыр, Қой, Ешкінің) сүрленген кәріжілігін Науырыз сыбағасы ретінде сақтап қояды да, Наурыз айындағы” Тілеу көжеге” салады.
- Ақталып жаншіліп, жарылған бидай дәнін салады.
- Тары дәнін салады,
- Күріш дәнін қосады,
- Тұз қосады,
- Қатық салады,
- Су құяды.
Бұл жеті дән мен дәм жеті атаны, жұрты, жеті ұрпақты, жеті қат көкті, жеті қат жерді, жеті ықылымды, жеті қазына, жеті ағайын, жеті күнінің мәнінін білдіреді.
Бақыт, байлық, десаулық, даналық, батырлық, жомарттық, қайырымдылық сынды ұлы қазақы бақытты болып, өмір жолындығы философиялық дүние танымының заты, нақты көрнісі болып табылады.
“Жеті үйден”Тілеу көже” ішкен адамды жеті бақыт күтіп тұрады” деп ырым еткен. Бұл берекенің, бейбіт өмірдің көрнісі деп білген.
Жеті дәннің өзі керемет ұғымдарға ұялаған:
- Кәріжілік - сыбаға-сыйдың асы. “ Еске алсаң, ескі асыңнан сақта” деген тамсіл содан қалған.
- Бидай - ұрпақтың көгеріп көктеп өсуі, бақытты тіршілік кешудің символы.
- Тары - көбейу ұрпақты болудың нышаны.
- Күріш- төзімді болу мен бақытты өмір сүрудің белгісі.
- Тұз- ырыстың, берекенің, бірліктің, дәмділіктің белгісі.
- Қатық- ақ жолды болу мен аман болудың, ақ ниеттің өлшемі.
- Су – тіршілік нәрі. Қуатты өмір сүрудің, тазалықтың нышаны.
Қазақ халқы - “Наурыз көжні” яғни “Тілеу көжені” үлкен ас, думанды тойларда да осындай жақсы ниетпен жасайтын болған. Оның мәні тым тереңде жатыр.
Наурыз тарихына қатысты қызық деректер
- Наурыз - Нұқ пайғамбар заманынан бастау алған.
- Қазақ аңызындағы Самархан апаның көктасы еріген күнен бастау алған.
- Қыдыр атаның даланы аралаған күнінен бастау алған.
- Джамшид патша Әзірбайжан жеріне келіп тоқталыпты. Ол уәзірлеріне күнгей жаққа қаратып, үлкен тақ орнатырыпты. Күн сәулесімен шағылысқан тақ айналаға ерекше нұр шашыпты. Осыдан соң, ел бұл күнді жаңа жыл есебінде тойлауды дәстүрге айналдырыпты деседі.
- Тәжiк халқында Наурыз мeрeкeсi туралы айтылған аңызда, күн көзін тосып, суық шақыратын Хұт (Үт) құбыжығы көктeмнiң күн нұры сәулeсi қызғанда, одан қорқып, жаңа күнгe жол ашып қашып кетеді екен. Содан бастап Наурыз мейрамы басталады деп аңыз етеді.
- Қазақ халықының ежелгі мифологиялық түсінігінде 21 наурыз түні ұлы даланы бақ иесі Қыдыр аралайды. Сол түннен бастап,Әз-Наурыз кіреді деп сенген.
- Ежелгі Грекияда, Ежелгі Римде, Ұлыбританияда аталып, 1700 жылға дейін ежелгі Русь жерінде де Наурыз мейрамы тойланып келген.
- Тәжік халқы бұл мерекені "Бәйшешек", "Гүлгардон" не "Гүлнавруз" деп жер беті көгергенде Наурыз кірді деп есептеген.
- Татарлар "Нардуган" деп гүл мейоамы деп тойлаған.
- Бирмалықтар "Су мейрамы" деп қабылдаған.
- Ежелгі гректер "Патрих" деген атпен тойлаған.
- Хорезмдіктер "Наусарджи" деп қабылдаған.
- Буряттар "Сагаан сара" деп мерекелеген.
- Армяндар "Навасарди" деген атпен тойлаған.
- Цуваштар "Норис ояхе" деп қабылдаған.
- Соғдылықтар "Наусарыз" деп атаған.
- Татарлар "Нардуган" деп атайды екен.
- Қазақ халқы “Әз-наурыз”, “Ұлыс мерекесі” деп қабылдаған.
- Наурыз құсы- шағала келсе Наурыз басталады,
- “Мәз амалы” кіргенде көрсу көтемі басталады.
- “Әз амалы” кіргенде күн мен түн теңеледі.
- “Мәз кірмей, Әз келмейді, Шағпла келмей жаз келмейді”…
- Көкиойынұзақ келсе, көктем келеді.
- Көк құт көзін ашпай, көктем келмес.
- Көк белгісі- көктем.
- Көктем бұлты көңілшек, қыстың бұлты еріншек.
- Көкек сақау болмай, көктем бітпес.
- Қар көбесі сөгілсе, көктем көрінеді.
- Көктемдегі жауын-сауып тұрған сауын.
- Көкек айы көк ішек, мамыр айы май ішек.
- Сәуір болмай, тәуір болмайды.
- Бес тоғыс - Наурыз.
- Жыл басы - Наурыз.
Тұтас түркі жұртына ортақ мереке-Әз наурыз
Наурыз мейрамы – “көктемгі жаңару” мерекесі, Ұлыс күн. Тұтас түркі жұртында Наурыз - бес мың жылдан астам уақыттан бері тойланып келеді. Наурыды- Орта Азия халықтарының бәрі мереке ретінде тойлайды. Соның ішінде қазақ халқы ұлттық салт-дәстүр мерекесі ретінде ерекше тойлайды.
Әзірбайжан халқы
Әзірбайжан халқы – Әз-Наурызы "Новруз байрам" деп атайды. Наурыздың 20-нан бастап 5 күн қатар тойланады. Негізінде 21 наурызға дейін төрт апта бұрын тойлау басталады. Дастарханға міндетті түрде жұмыртқаны айнаның үстіне қояды. Жұмыртқа бір жағына домалаған кезде, соны жаңа жылдың келуі деп санайды. Әрбір үйде дастархан үстінде міндетті түрде бидай тұқымынан өсірілген дақылдар қойылады.
Олар Наурыз мейрамын – күн мен түннің теңескен күні есебінде аталып өтеді. Мерекелік дастарханына бас тағам деп “Шекербура” қойяды. Ол - Ай пішіндес қамырдан жасалған тәтті тағам. Ал, өсіп тұрған жасыл бидай сабақтары “Күн символын” білдіреді. Бидай қуырылып, жұмыртқалар қызылға боялады. Әзірбайжан халқында Наурыз күні жаңбыр жауса, “келер жыл өте жақсы, берекетті” болады деген ырымды сенім қалыптасқан.
Қырғыз халқы
Қырғыз халқы – Әз-Наурызды “Нооруз" – деп атайды. Наурыздың 21 күнінінен бастап тойланады. Жылдың алғашқы күнінде "нооруз кёджё", "ауз кёджё", "кавут" ұлттық тағамдарын дайындап, Жаңа жылда бір-бірін көтеріңкі көңіл-күймен құттықтайды. Бұл күні алыс-жақын туыстар кең жайылған дастархан басында жиналып, бір-біріне ізгі тілектер айтады.
Олар Наурыз мейраммын айрықша тойланады. Мейрамда дастархан жайылып, май, қант және бидай ұнынан жасалған дәстүрлі ұлттық тағам – сумелек (сүмөлөк) және көже дайындап, ақ дастанханын дәнмен сәнге келтіреді.
Қырғыз халықы арасындағы сенімге байланысты “Су” және “Мелек”(періште) деген сөзден алынған ұғым.
Қырғыз ұлтының дүние танымында, бұл тағам”Жәннәт тағамы”, “Қасиетті тағам”айтылады. Олар осы тағамды ауыз тиуден ілгері қарыздарын өтеп, желкеден басқан ауыр жүкті жеңілдетуге құшынады. Реніштері барлар кешірісіп, бір дастархан басында отырып”Сумелек” ішіп берекелеседі.
Наурыз мейрамы күні нәресте дүниеге келсе, есімін "Нооруз" деп қояды. Ал, қар жауу да - жақсылықтың нышаны деп жақсылыққа жориды. Ұлыс күні жаңа ұлттық киімдерін киіп, ұлттық ойын-сауық қыймылдарын өткізіп, Наурыз мерекесін дүркіретіп өткізеді.
Түркімен халқы
Түркімен халқы – Әз-Наурызды “Новруз байрамы" – деп атайды. Наурыз мейрамын 21-22 күнен бастап тойланады. Наурыздың осы күндері ауыл шаруашылығы үшін жаңа жыл болып саналады. Мерекелік дастарханға бидай өнімінен ұлттық тағамдар әзірленіп, халва, тәтті нандар мен уыттан ботқа дайындалады. Наурызда түркімендер бір-бірінің үйіне барып, қонақ болады, ал жастар кешкі уақытта жаппай сауық-сайран құрады.
Олар Наурызды “Көктем мейрамы” деп қабылдайды. Олардың Наурыз мейрамына қатысты көптен-көп ырымдары, жөн-жосықтары бар.
Егер Наурызда күн бұлтты болса, онда осындай ауа-райы маусым айына дейін созылады" деп ұйғарады.
Егер Наурызда қар не жаңбыр жауса – жыл егінге қолайлы әрі өнімді болады деп жориды.
Наурыз айы кіргенде шопан-малшылар қасқырға алабай иттерін қосып, аңшылық серуен құрады. Бұл өте қызықты және өте қыйын өнер.
Түрікмен халқы Наурыз Байрамында әйелдер қауымын ерекше сыйлап оларды “От бағы” деп сыйлықтар ұсынады. қоғамдық рөлін көтеріп, олардың отбасындағы көзге көрінбейтін еңбегін жоғары бағалап”Аналар күні” деп марапаттар жасаайды.
Өзбек халқы
Өзбек халқы- Әз-Наурызды "Навруз" - деп атайды. Ресми түрде тек 21 наурыз демалыс күнінен бастап тойлап, мерекені 13 күн бойына жалғастырады. Олар 13 күн бойы істеген игілікті ісі айдан-айға ұласып, жыл бойы жалғасады деп сенеді. Мерекенің алғашқы күндері түрлі ұлттық ойындар ұйымдастырылады. Ал тоқтықтың белгісі ретінде мейрам күндері әрбір үйдің дастарханына "сумәләк" асы қойылады.
Олар Әз наурызды күні дәстүрлі түрде жәрмеңкелер ашады, жалпы халықтық шерулер өткізеді, ит және әтеш таластыру, ат бәйге ұйымдастырады. Ұлттық киімдерімен ән айтып, би билейді.
Өзбек халқының Наурыз тағамдары - сумаляк (бидай ұнынан жасалған тағам) самса, хош иісті палау, халим (бидай етпен) мен жасыл желек қосып дайындалған нишалда тәтті бәліші әзірленеді.
Олардың “Сумаляк” аталатын тағамы – мықты өмірді, күшті денсаулықты, барлық пен молшылықты және жомарттық пен береке, бірліктің символын білдіреді.
Тәжік халқы
Тәжік халқы – Әз-Наурызды “Навруз", "Бәйшешек", "Гүлгардон", "Гүлнавруз", "Хадир айиам", яғни, "үлкен мереке" - деп атайды. 20-21 наурыз аралығында мерекелік күндерін жарялап дем алады. Наурызды достықтың кілті және тіршіліктің оянуы деп санайды. Дастарханға тәтті суманақ асы қойылады. Оны бидай өнімінен дайындайды. Ерлер арасында "бузкаши" (қазақтың көкпарына ұқсас) ойыны өткізіледі.
Олар - Наурыз мерекесі күндері бір-бірімен ерекше түрде төс қағысып, құшақтасып аман- сәлем жасасады.
“Наврузотан пируз бод!”деп. Мереке күнімен бірін- бірі құттықтайды.
Тәжік халқының Наурыз тағамдары – “Кәуап”және дәндерден қосып жасалған тәтті “Палау”.
Өздерінің ежелден сақталған ата салты бойынша Палауды ерлер дайындап пісіреді. Әйелдер пісірмейді. Олай етсе үй дәні азаяды деп ырым етеді. Тәжіктердегі Наурыздың басты символы – от. Ол - жаңару мен емдік қасиеті бар, дүниенің төртін бірі, тіршілік отсыз болмайды деп сеніп, отқа байланысты көріністер қойып, көрсетілімдер жасайды.
Ауған халқы
Ауған халқы – Әз-Наурызды “Навруз" немесе "Жаңа жыл" деп атайды. 21-22 наурыздан бастап тойланады. Дәстүр бойынша Ауғанстанның солтүстік астанасы - Мазари Шариф қаласы Наурыз мейрамын тойлау "астанасына" айналады. "Хафт син" және "хафт мева" (жеті жеміс түрі қойылады). Би фестивалі, спорттық жарыстар және әуе жыланынын ұшырады. Бұл күні ауғанстандықтар Кабулдағы Карт Сакхи мешітіне жиналып, әулие тудың көтерілуін тамашалайды.
Олар Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамында ұстанатын адам сенгісіз салт-жоралғылар бар.
Ауғандар 20-наурыз түнгі сағат 1-ден, 21-наурыз күндізгі 12-ге дейін ешкім көшеге шықпайды, есіктерін ашпайды. егер кімде-кім сол уақытта үйден шықса, есігін айқара ашса, онда кірген жылда жанұясынан бір адам дүниеден өтеді деп жаман ырыға санайды.
Ауғандар Наурыз мейрамы кіргенше жанұяның барлық мүшесіне жаңа киімдер тігіледі. Жақындарына сыйлықтар дайындайды. Үйлерін тазартып, ескі заттарды қоқысқа тастап, өртеп жібереді. Сүйтсе көне ауырпалық ескі жылда қалып, отпен бірге жанып кетеді деп ырым етеді.
Ауғандықтар мейрам күні дастарханда жеміс-жидектер мен әр түрлі дәндер, жеті түрлі жемістен дайындалған компот және 5 түрлі тағам қояды.
Бір ғажабы бұл дәндерің атауы шартты түрде “с” әрпінен басталатын болуы қажет. Осы тағамдар достары мен таныстарға ұсынылады.
Иран халқы
Иран халқы- Әз-Наурызды “Ноуруз” - деп атайды. Ирандықтар бұл мерекені мұсылмандар күнтізбесі бойынша көктемнің бірінші күні, ал Григориан күнтізбесі бойынша 22күні тойлайды. Наурыздың 20-нан бастап 13 күнге жалғастырады. "Хафт-Син" - міндетті түрде жеті түрлі тағам дайындалады. Ирандықтар осы мейрам басталмай, әр кім өз үйін тып-тинақтай етіп жуып тазалайды екен. Олар оны - ханетакани деп атайды.
Олар Наурыз мейрамын 13 күн брйы тоқтаусыз тойлайды. Алғашқы 5 күнін дос-жаран, туыс жақындарымен бірге наурызды күтіп алуға арнаса, тоғызыншы күн Шахрйаран Навруз (шах Навруз) ретінде тойлайды.
Ал, он үшінші күн Сизда‑бедар («Он үшіншісі үйден тыс») ретінде атап өтіледі. Дәстүр бойынша ирандық әйелдер, мейрам қарсаңында “Осы уақытқа дейін болған барлық жамандық атауы кетсін әрі өздері үшін денсаулық пен әсемдікті қалау” ниетімен оттан секіретін болған.
Ерлер бұл күні қызыл түсті киім киіп, беттерін қара күйе немесе қара бояумен бояп қала көшелерін серуендейді. Бұл жылдар бойы тиген тіл-мен көздің сұғын кетіруге жасаған амалды ырымдары болып табылады.
Түрік халқы
Түрік халқы – Әз-Наурызды “Невруз” ("Newrouz", "Newrouz Bayrami") - деп атайды. Бүл күні көшелердегі саябақтарда от жағылып, адамдар лапылдаған жалынның үстінен секіреді. Оттың үстінен секірген уақытта адам бойындағы жаман энергиядан, ауру-сырқаудан арылады деп сенген.
Түріктер Наурыз - Aнадолуда “Султаны Невруз”, “Невруз Султан” деп атайды. Салт-дәстүр бойынша Наурыздың алғашқы күні не көрсе немесе байқаса, адам жыл бойы сонымен бірге болады деп жорамалдайды. Бұл тек адамдарға ғана емес, қарапайым тұрмыстық заттар мен тағамдарға да байланысты. Сол себепті, мейрамда Түркияда алдын-ала дайындалып, өзіне заттар сатып алып және жақсы амалдар жасауға тырысады.
Түрктер 23-наурыз Наурыз мерекесінің алғашқы күні ретінде аталып өтеді. Ол күні таңертең ерте тұрып, жаңа киімдерін киеді. Зират басына барып дұға жасайды және шәй, кофе ішеді. Содан кейін, бәрі бір дастархан басына жиылып ас ішеді. Сол мезетте аспаптар ойнатытылып, жыр-ән, өлеңдер айтылады. Ағашқа әткеншектер байлап , ұл балалар мер қыз балалардың бәсеке жарыстарын өткізіп, оларға бағалы сыйлықтап ұсынады.
Ал, . Әбу Райхан Бируни, Омар һайямдардың тарихи еңбектерінде шығыс халықтарының Наурызды қалай тойлағандығы туралы мол мәліметтер береді, нақты мысалдар келтіреді.