Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Нәтижелі қадамдар Алматының болашағы тұрақты дамуғ...

Нәтижелі қадамдар Алматының болашағы тұрақты дамуға бағытталған

Әлеумет 26.01.2025, 10:52 872
Нәтижелі қадамдар Алматының болашағы тұрақты дамуға бағытталған
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматы – Қазақстанның ең ірі қаласы әрі елдің экономикалық, инновациялық орталығы ретінде қарқынды дамып келе жатқан мегаполисі. Қаланы дамыту бірнеше негізгі бағытта жүзеге асып келеді. Нәтижелі көрсеткіштер арқасында алып шаһар алға қарай нық қадам басуда.

 

Жалпы, Алматының болашаққа арналған даму жоспары қала тұрғындарының өмір сапа­сын арттыру, экономиканы әртараптандыру, экологиялық тұрақтылықты сақтау және инно­вациялық қаланы құру мақсаттарына негіздел­ген. Төменде Алматы қаласы әкімдігінің бас­пасөз қызметі таратқан ақпараттар негізінде қаланың 2024 жылғы нәтижелері мен 2025 жылға арналған жоспарларын ықшамдалған нұсқасын ұсынып отырмыз.

• 2024 жылы Алматы бюджетіне 1,8 трлн теңгеден астам салықтар мен төлем­дер түсті.

Бұл ретте түсімдердің шамамен, 70%-ы ШОБ дамыту есебінен қамтамасыз етілген. Алматы қаласының Қаржы басқармасының мәліметінше, жергілікті бюджеттің кірісі қала экономикасының қарқынды өсуінің арқасында айтарлықтай өсім көрсеткен.

Айта кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында қала мәслихаты Алматының 2025–2027 жылдарға арналған бюджетін бекітті. Еліміздің тарихында тұңғыш рет Алматының қалалық бюджеті ағымдағы жылға 2,2 трлн теңгеден асты. Бұл 2022 жылдың басымен салыстырған­да, 2,1 есе жоғары. Аудандар бюджеті де өсуді көрсетуде. Мәселен, функцияларды орталық­сыздандыруды ескере отырып, Алматының 8 ауданының бюджеті 2022 жылға қарай 6 есе өсумен 293,6 млрд теңге сомасында бекітілді.

• Өткен жылы 74 мыңға жуық жұмыс орны ашылды.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Алматыда 73,9 мың жұмыс орны құрылды. Олардың 61,5 мыңы тұрақты екенін атап өту маңызды.

Қала әкімдігінің жұмысындағы маңызды басымдық алматылықтардың әл-ауқатын арттыру болып табылады. Өткен жылдың 9 айында ағымдағы инфляцияны ескере отырып, Алматыда орташа айлық жалақы нақты мәнде 6,1%-ға өсіп, 470 мың теңгені құрады. Өткен жылы 73,9 мың жұмыс орны құрылды. Құрыл­ған жұмыс орындарының 83,2%-ы тұрақты. Нәтижесінде Алматыда жұмыссыздық деңгейі 2024 жылдың үшінші тоқсанында 4,6%-ға дейін төмендеді.

• 2025 жылы қала экономикасына 2,2 трлн теңгеден астам қаржы тарту жос­парлануда.

2024 жылы Алматыда негізгі капиталға шамамен 2 трлн теңге инвестиция тартылды. Негізгі капиталға инвестициялар өңдеуші өнеркәсіпке (өсім 2,9 есе), білімге (84,7%), көлікке (37,5%), денсаулық сақтауға (31,3%) инвестициялардың айтарлықтай өсуі есебінен 8,2%-ға ұлғайды.

Бұл өсу динамикасы инвестициялар құры­лымының сапалы өзгеруін көрсетеді. Шама­мен, 90%-ды жеке инвестициялар құрайды, олардың өсімі 6,2%. Қала экономикасының қарқынды дамуын және жергілікті бюджет кірістерінің айтарлықтай өсуін ескере отырып, 2024 жылғы 6 желтоқсанда Fitch Ratings Алма­тының «ВВВ+» деңгейіндегі дербес несиелік рейтингін, «Тұрақты» болжамы растады.

Жалпы, қала экономикасына 2025 жылы 2,2 трлн теңге тарту жоспарлануда.

• Биыл 4 мың ШОБ жобасына 71 млрд теңге бөлінеді.

Биыл Алматыда шағын және орта бизнесті дамытуға бюджеттен 71 млрд теңге бөлінбек. Бұл сома, оның ішінде жергілікті бюджеттің қаржыландыруын 2,5 есеге арттыру арқылы 52,6 млрд теңгеге жеткізілмек. Қаржы жалпы 4 мың жобаны, оның ішінде 2 мың жаңа жо­баны қолдауға мүмкіндік береді. Алматы қала­сының Кәсіпкерлік және инвестициялар бас­қармасының хабарлауынша, бүгінде бұл салада қалада жұмыс істейтіндердің 85%-дан астамы, яғни шамамен, 942 мың алматылық еңбек етеді.

Айта кетейік, Алматыда шағын және орта бизнестің экономикаға қосатын үлесін 2024 жылғы 60%-дан 2030 жылға қарай 75%-ға дейін арттыру жоспарланып отыр. Еске сала кетейік, 2024 жылы 2,5 мың жаңа жобаны қол­дауға бюджеттен 53,1 млрд теңге бөлінген бо­латын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #экономика #инвестиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жаңа автобус бағыты іске қосылады

Бүгін 14:14

Қазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарды

Бүгін 14:07

Алматыда кенеге қарсы күрес жүріп жатыр: мамандар осы жолы 2,3 мың гектар жерді дәрілеп шықпақшы

Бүгін 12:33

Қазақстанда құстың 20 жаңа түрі табылды

Бүгін 12:18

Алматы қаласының Алмалы ауданында 60 тұрғын үйдің қасбеті жаңарады

Бүгін 12:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика