Ардагерлерге құрмет - ұрпақтар сабақтастығының айғағы

Ардагерлерге құрмет - ұрпақтар сабақтастығының айғағы Сурет: "Ауыл" партиясы

«Ауыл» партиясының Алматы қаласы филиалы «Дүниежүзілік қарттар күні» мерекесіне орай іс-шара ұйымдастырды.

Бұл мерекелік басқосуда партия ардагерлеріне деген құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Партияның бүгінгі жетістігі мен қалыптасу жолындағы табыстары, аға буынның еңбегі мен тәжірибесінің арқасында. Сондықтан ардагерлерді құрметтеу – ұрпақтар сабақтастығын сақтаудың маңызды бөлігі.

Іс-шара барысында партия мүшелеріне арнайы құттықтаулар айтылып, олардың өмірлік тәжірибесі мен ел дамуына қосқан үлестері жоғары бағаланды. Кездесуде, қазіргі заманауи үрдістерге сай, ардагерлерге жасанды интеллект мүмкіндіктері жайлы шағын танымдық дәріс өткізіліп, тұңғыш қазақ тілінде шығарылған жасанды интеллекті пайдалану жолдарын көрсететін кітаптың авторы Мейіржан Әуелханұлы  өзі табыс етті. Бұл ардагерлердің жаңа технологиялардан шет қалмауына, күнделікті өмірде пайдалы ақпараттарды пайдалануына жол ашады.

Сонымен қатар ардагерлерді партияның 25 жылдық мерейтойына орай шығарылған медальдар мен естелік сыйлықтар табысталды. Бұл марапаттар олардың көп жылғы еңбегін мойындап қана қоймай, жас буынға үлгі боларлық өнеге екенін тағы бір мәрте көрсетті.

Жылы атмосферада өткен басқосу ардагерлердің көңілін көтеріп, қуаныш сыйлады. Өз кезегінде партия мүшелері алғыстарын білдіріп, «Ауыл» партиясының ел болашағына деген айқын бағыты мен халыққа жасап жатқан қызметіне жоғары баға берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
1
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:51

21:20

21:19

17:12

17:01

16:42

16:38

16:20

16:14

16:08

16:03

15:59

15:39

15:22

15:15

15:03

14:39

14:16

13:05

12:47

12:36

12:16

11:58

11:47

11:29