конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Жетісуда полицейлер 10 келіден астам марихуананы т...

Жетісуда полицейлер 10 келіден астам марихуананы тәркіледі

Заң мен тəртіп 30.09.2025, 14:39 582 dulatbekova
Жетісуда полицейлер 10 келіден астам марихуананы тәркіледі
Сурет: ашық дереккөз

Жетісу облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, прокуратура өкілдерімен бірлесіп, "Қарасора" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында есірткі тасымалдаудың ірі арнасын тоқтатты.

Тергеу кезінде Алматы қаласынан Жетісу облысына есірткі жеткізіп, сақтаумен айналысқан азаматтың әрекеті әшкереленді. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Алматы облысының Шамалған ауылында 51 жастағы ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Кейіннен күдіктінің тұрғылықты жерінде және Жамбыл облысы Меркі ауданындағы мал шаруашылығы қоймасында тінту жүргізіліп, ерекше иісі бар, қарасораға ұқсас өсімдік тектес зат табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес, бұл кептірілген марихуана болып шықты. Оның жалпы салмағы 10 келіден асты.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, мұншама көлемдегі есірткі 10 мыңнан астам адамды тыйым салынған заттарды тұтынуға итермелеуі мүмкін еді. Алайда полицияның жедел әрі үйлесімді жұмысының арқасында қауіпті өнімнің заңсыз айналымға түсуіне жол берілмеді.

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе олардың аналогтарын заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау, өткізу немесе жөнелту ауыр қылмыс саналады. Ол үшін мүлікті тәркілей отырып, жеті жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жетісу облысы #марихуана #тәркілеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Медеуден Шымбұлаққа дейінгі аралықта инженерлік инфрақұрылым құрылысы жалғасуда

Бүгін 16:16

Алматыда Ұлттық домбыра күні мен Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама дайындалды

Бүгін 15:37

Жас белсенділер әділетті Қазақстан құру бағытын қолдады

Бүгін 14:30

Алматының жас ғалымдары конституциялық реформаларды қолдады

Бүгін 14:27

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды тұрғындарды жеке мәселесі бойынша қабылдады

Бүгін 14:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);