конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда Орталық Азиядағы балаларға арналған алғаш...

Алматыда Орталық Азиядағы балаларға арналған алғашқы ғылым музейі ашылмақ

Барлығы 30.09.2025, 15:22 756
Алматыда Орталық Азиядағы балаларға арналған алғашқы ғылым музейі ашылмақ
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімдігінде қала басшысы Дархан Сатыбалдының төрағалығымен балаларға арналған ғылым музейі жобасын жүзеге асыру жөнінде кеңес өтті.

Бұл Орталық Азиядағы алғашқы білім беру орталығы болмақ, ол мектеп оқушылары мен жас ұрпақ арасында ғылымды кеңінен насихаттайтын алаңға айналады, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.


 
Жоба Singapore Science Centre Global халықаралық франшизасы аясында Kingsmen Exhibits компаниясымен бірлесе жүзеге асырылып отыр. Болашақ музей білім беру орталығы ғана емес, мектеп, колледж және университет бағдарламаларына заманауи ғылыми жетістіктерді енгізетін платформа болмақ.


 
Кеңес барысында құрылыс жұмыстарының қазіргі барысы қаралды. Бүгінде бұзу жұмыстары аяқталуға жақын. Сонымен бірге жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, инженерлік зерттеулер қолға алынған. Ғимарат құрылымдарын сейсмикалық талаптарға сәйкес нығайту жұмыстары қызған. Онымен қатар халықаралық және жергілікті сарапшылардың атсалысуымен музейдің білім беру және көрме мазмұны дайындалып жатыр. Институционалдық даму мәселесі қарастырылып, халықаралық әріптеспен ынтымақтастық бағыттары талқылануда.

Жобаны жүзеге асырудың мерзімі айқындалды. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2026 жылдың сәуір айында аяқталып, маусым айына салтанатты ашылу рәсімі жоспарланған. 

Дархан Сатыбалды жобаның стратегиялық маңызын атап, жауапты басқармаларға әрбір кезеңді сапалы түрде орындауды тапсырды. Музейдің ұзақ мерзімді дамуы үшін Алматы қаласының Білім басқармасы стратегиялық салалық куратор болып бекітілді. Бұл қадам жобаға тұрақты даму миссиясын қамтамасыз етіп, балалар мен жас буын арасында ғылымды дәріптеуге, зерттеушілік қызығушылықты қалыптастыруға және болашақ мамандыққа ерте бағдар беруге мүмкіндік береді.
 
Жиын соңында Алматы әкімі ғылым музейі елдің флагмандық жобасына айналатынын, ол білім, ғылым мен мәдениетті біріктіріп, өскелең ұрпақтың зерттеушілік ойлауын дамытып, балаларды заманауи технологиямен таныстырып, олардың зияткерлік әрі шығармашылық тұрғыда өсуіне жол ашатынын атады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ғылым музейі #балаларға арналған
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ақын, ғалым, «Құрмет» орденінің иегері Әділғазы Қайырбеков Құрылтай сайлауында таңдау жасады

Бүгін 09:37

Қазақтың батыры сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады

Бүгін 09:33

69 жастағы ұлы 90 жастағы анасын Алматыдағы сайлау учаскесіне ертіп келді

Бүгін 09:20

Алматыда Құрылтай есімді екі тұрғын дауыс берді

Бүгін 09:18

Алматыда Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Амантай Бергалиев дауыс берді

Бүгін 09:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);