Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Еңбек жәрмеңкесінде 2000-нан астам жұмыс орны ұсын...

Еңбек жәрмеңкесінде 2000-нан астам жұмыс орны ұсынылды

Әлеумет 30.09.2025, 16:03 482
Еңбек жәрмеңкесінде 2000-нан астам жұмыс орны ұсынылды
aqshamnews.kz

Еңбек күні мен «Жұмысшы ма­мандықтар жылына» орай Алма­ты қаласының еңбек мобильділігі ор­талығы жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді.

Іс-шара Арбат алаңында мерекелік ат­мосферада өтіп, ондаған ірі компанияны, мемлекеттік ұйымдарды, кәсіпорындарды және жұмыссыз азаматтарды біріктірді. Жұмыс берушілер мен үміткерлер арасын­да тікелей сұхбаттасу болып, бос жұмыс орындары туралы өзекті ақпарат алуға мүмкіндік берілді.

Алматы – елдегі ең қарқынды дамып келе жатқан әрі жастар көп шоғырланған қалалардың бірі. Статистикаға сәйкес, мұнда 700 мыңнан астам жас азамат тұра­ды, олардың шамамен, 400 мыңы – 14 пен 29 жас аралығында. Солардың ішінде 12,5 мыңнан астамы жұмыссыз болса, NEET санатындағы жастардың саны – 40 мыңға жуық. Осыған байланысты үміткер­лерге 300-ден астам бос жұмыс орны ұсынылып, түрлі салалар бойынша 2000- нан аса қызмет орны қамтылды. Олардың ішінде өндіріс, өнеркәсіп, құрылыс, көлік пен логистика, сауда және қызмет көрсе­ту, денсаулық сақтау, білім беру, энерге­тика, ақпараттық технологиялар, мәде­ниет және қоғамдық тамақтану салалары бар.

– Біз «ЭФКО» ірі өндірістік компания­сына қоғаммен байланыс жөніндегі және сату жөніндегі менеджерлерді, нарықты талдау бөлімінің маманын, операторлар­ды, химиялық талдау зертханашылары және жүк тиеушілерді жұмысқа шақыра­мыз, – деп атап өтті персоналды іріктеу жөніндегі менеджер Карина Плотникова.

Қазақстанда бөтелкедегі су мен су­сындар өндіруге маманданған басқа ком­панияға орта біліммен «экспедитор» бо­лып жұмысқа тұруға болады. Тек қана «В», «С» санатындағы көлік құралдарын басқа­ру куәлігінің болуы, жүргізуші мамандығы бойынша кемінде бір жылдық еңбек өтілі, жергілікті жерді жақсы білу және қаланы меңгеру қажет. Сонымен қатар, жиын барысында қолдан жасалған бұйымдар жәрмеңкесі де өткізілді. Онда кәдесый қорапшалары, гипстен жасалған бұйым­дар, тақия, шамдар және тағы басқа көп­теген өнім сатылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жұмыс #еңбек #маман
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда AI Engineering бағдарламасының жаңа легі басталады: оқушылар жасанды интеллект пен жобалар жасайды

Бүгін 19:41

Алматыда жасыл желектерді ауқымды дәрілеу жұмыстары басталды

Бүгін 19:38

Махаббат пен парыз арасындағы тартыс: Алматыда «Шідер» детектив-драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 18:38

Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:17

Алматыда World Schools Team Championship 2026 Азия кезеңі басталды

Бүгін 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика