AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Қостанай облысында алғашқы қар: 9 көлік жол жиегі...

Қостанай облысында алғашқы қар: 9 көлік жол жиегіне түсіп кетті

Оқиға 30.09.2025, 12:36 753
Қостанай облысында алғашқы қар:  9 көлік жол жиегіне түсіп кетті
Сурет: Gov.kz

Қостанай облысында қар аралас жаңбыр мен көктайғақ салдарынан жүргізушілерге қиындық туды.

30 қыркүйек күні таңертең Қостанай қаласы мен бірнеше ауданда (Меңдіқара, Фёдоров, Қостанай) жауын-шашыннан кейін жолдарда бірқатар көлік оқиғасы тіркелді, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz. 

Патрульдік полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшіп, таңғы 6:00-ден 10:00-ге дейін жол жиегіне түсіп кеткен 9 көлікті қауіпсіз жерге шығарды. Әсіресе, Қарабалық ауданы бағытындағы Қостанай–Алматы–Екатеринбург трассасында жағдай күрделі болды.

Мысалы, бір учаскеде Alphard пен Volkswagen жүргізушілері көлікті басқарудан айырылып, жолдан шығып кеткен. Полицейлер мен жақын маңдағы жүк көлігі жүргізушілері олардың көліктерін қар құрсауынан шығарып алды.

Қатты жел мен құлаған ағаштар да қауіп төндіріп тұр. Бүгіннің өзінде полицияға ағаш құлағаны туралы 10 шақырту түсті. Абай даңғылында Exeed көлігіне, Павлов көшесінде JAC көлігіне ағаш құлап, залал келтірген. Бұл фактілер бойынша материал жиналып, шешім қабылданатын болады.

Полиция жүргізушілерге келесі ескертулерді жасауда:

  • Жолға шығар алдында ауа райы болжамын тексеру;

  • Қала ішінде жаяу жүргіншілер өткелдерінде жылдамдықты азайту;

  • Тайғақ жолда арақашықтықты сақтау, күрт бұрылмау;

  • Трассада манёвр алдында жол жағдайын мұқият бағалау;

  • Ағаштардың жанына көлік қоймау.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қостанай облысы #алғашқы қар #Жол апаты
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Ұлыбритания одан арғы ынтымақтастыққа ашықтықты растады

Кеше 21:15

Алматыда World Tennis Бас ассамблеясы өтеді

Кеше 17:55

Ауладағы алаңнан үлкен арманға: Алматының Жетісу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аулалар жаңартылды

Кеше 17:01

Неліктен қыздарға 11-13 жасында АПВ-ға қарсы вакцинация ұсынылады?

Кеше 16:58

Алматы Онкологиялық орталығында сәулелік терапияны жоспарлаудың зияткерлік жүйесі енгізілді

Кеше 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);