Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / "Реал Мадридтің" InterContinental қонақүйіндегі т...

"Реал Мадридтің" InterContinental қонақүйіндегі тыныштығының құны қаншаға шықты?

Барлығы 30.09.2025, 15:39 390
"Реал Мадридтің"  InterContinental қонақүйіндегі тыныштығының құны қаншаға шықты?
Сурет: kompastour.com

Алматыдағы бүкіл қонақүй үшін "Реал Мадрид" қанша төледі?

Бұған дейін белгілі болғандай, УЕФА Чемпиондар Лигасы аясындағы матч үшін Алматыға келген "Реал Мадрид" командасы InterContinental қонақүйіне орналасты. Олар келісімен қонақүйдің басқалар үшін жабылғаны туралы қауесет тарай бастады, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Мұндай қауесеттерге себеп болған жайттар – қонақүйдің қоршалуы, ішке командаға қатысы жоқ адамдардың кіргізілмеуі, сондай-ақ 29 қыркүйек кешінде ғимараттың терезелері түгелдей қараңғы болуы: сол кезде қонақүй жұмыс істемей тұрғандай әсер қалдырған.

Бұл ақпаратты SHOT Telegram-арнасы растады: "Реал Мадрид" командасы өз тыныштығын қамтамасыз ету үшін InterContinental қонақүйін 28 қыркүйектен 1 қазанға дейін толықтай жалға алған. Бұл үшін команда 278 миллион теңгеден астам (507 мың АҚШ долларынан көп) қаражат жұмсаған.

Басылым мәліметінше, 28 қыркүйек пен 1 қазан аралығында стандартты нөмірдің орташа бағасы – тәулігіне 375 доллар, ал люкс нөмір – 560 доллар болған. Қонақүйде барлығы 277 бөлме бар, және олардың барлығы матч аяқталғанша "Реалға" тиесілі. Команда 40-тан астам адаммен келген.

Осы күндері футбол мен "Реал" жанкүйерлері қонақүй маңын торуылдап, жұлдызды футболшыларды көруге тырысты. Ал 29 қыркүйек түні Алматы әуежайына жүздеген жанкүйер "Қайраттың" қарсыластарын қарсы алу үшін жиналды.

26–29 қыркүйек аралығында Алматыға "Қайрат" – "Реал Мадрид" матчын көруге Қытай, Үндістан, Ресей, Жапония, Ұлыбритания, Испания, Чехия, ТМД елдері мен басқа да Еуропа мемлекеттерінен 5 мыңнан астам шетелдік қонақ келген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Реал Мадрид #InterContinental
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды?

Бүгін 09:47

Алматыда қанттың бір келісі 445,5 теңгеге дейінгі бағамен сатылып жатыр

Бүгін 09:28

Трамп Иранға жасалатын бомбалау мен шабуылдарды екі аптаға тоқтататынын мәлімдеді

Бүгін 09:20

Тоқаев Таяу Шығыстағы соғысты тоқтату туралы келісімді құптады

Бүгін 08:54

8 сәуірге дауылды ескерту: еліміздің басты қалаларында жел күшейіп, найзағай ойнайды

Бүгін 08:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика