ffin.kz

Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтауы туралы

Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтауы туралы Интернет

Қазіргі кезде мемлекеттік қызметкершілердіңкәсіби қызметтегі тиімділігіне ерекше назар аударылады. Олардың  тиімділігін анықтайтынқұралдың бірі этикет нормаларын сақтау болып табылады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметшілер мінез-құлқының жалпы стандарттары айқындалған, атап айтқанда, мемлекеттік қызметшілер: 

1. Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал ету, мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарау; 

2. адал, әділ, қарапайым болу, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтау, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік таныту;

3. өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз ету; 

4. жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету; 

5. мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігіне кедергі жасайтын немесе тиімділігін төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұру; 

6. қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтау; 

7. өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмау, сынағаны үшін қудалауға жол бермеу, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалану; 

8. жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбау;

9. шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға; 

10. мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалану; 

11. қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтау, өзінің қызметтік міндеттерін адал, бейтарап және сапалы орындау, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалану; 

12. мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұранысына толықтай бейімделе отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша тұрақты негізде шаралар қабылдау; 

13. жасағаны үшін заңнамада тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеуге; 

14. іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау. 

Көрсетілген талаптарды күнделікті жұмыста талап-ұстаным ретінде қолдану, өзінің лауазымдық міндеттерін орындау әр мемлекеттік қызметшілердің парызы екені және халық арасында мемлекеттік аппараттың беделін арттыратыны сөзсіз айқын болып табылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00

10:53

10:51

10:37

10:13

10:04

09:54

09:53

09:38

09:35

09:05

08:58

08:49

08:05