конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматының оқушылары Республика күніне ерекше флешм...

Алматының оқушылары Республика күніне ерекше флешмоб істеді

Барлығы 17.10.2025, 22:05 902 Сұлу
Алматының оқушылары Республика күніне ерекше флешмоб істеді
Видео кадры

Алматы қаласы Бостандық ауданының 1000-нан астам оқушысы Республика күнімен қазақстандықтарды креативті түрде құттықтады!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуына орай
Бостандық ауданының оқушылары «РЕСПУБЛИКА КҮНІМЕН!» атты жарқын флешмобқа қатысты.

Алаңды қуаныш пен шаттық сезімі, балалардың күлкісі мен отансүйгіш рух кернеді.
Бәрі бір жүректің дүрсіліне айналды — біздің Тәуелсіз Республика жүрегі! 

1000-нан астам оқушы мен ұстаз Отанға деген сүйіспеншілігін, бірлігін және Қазақстанның жарқын болашағына деген сенімін білдірді.
Балалар флешмобқа зор қуанышпен, мақтаныш сезімімен және жоғары патриоттық рухпен қатысты. 

«Мен Қазақстанды жақсы көремін, өйткені бұл менің туған елім!», — дейді №105 гимназияның 11-сынып оқушысы Шукирбекова Медина.

«Бүгін біз бірге ән айтып, би билеп, өз елін сүйетін нағыз қазақстандық екенімізді көрсеттік», — деп бөлісті №145 мектеп-гимназияның 9-сынып оқушысы Бекболат Дана.

Флешмоб достық пен бірліктің, жас ұрпақтың елге деген мақтаныш сезімінің айғағына айналды.

Бостандық ауданының білім беру бөлімінің басшысы Қасымбек Айгүл Жұмабекқызы атап өткендей, мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың бойында патриоттық рух пен ел тарихына деген құрмет сезімін қалыптастырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #флешмоб #Республика күні
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Жуалы көшесінің бір бөлігінде уақытша көлік қозғалысы шектеледі

Бүгін 16:00

Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды

Бүгін 15:52

Алматыда «БЕС АСЫЛ» республикалық ұлттық өнер байқауы өтті

Бүгін 15:49

Ғазиза Құдайберген: газет-журнал шығару үрдісі үзілмеуге тиіс

Бүгін 10:02

«Медеу» бөгетінің аңызға айналған 842 сатысын 3 мыңға жуық адам бағындырды

Кеше 21:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);