Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Марат Пашимов: «Адамдардың дені сау болуына қызмет...

Марат Пашимов: «Адамдардың дені сау болуына қызмет етеміз»

Медицина 16.06.2024, 11:37 1,082
Марат Пашимов: «Адамдардың дені сау болуына қызмет етеміз»
Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ

Медицина қызметкерлерінің маусымның үшінші жексенбісінде атап өтілетін кәсіби мерекесі биыл бүгінге, яғни 16 маусымға сәйкес келіп тұр.

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Басқарма төрағасы Марат Пашимов осы айтулы күні институттың қызметі туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Біз үшін біздің мамандығымыз – өмір салтымыз. Мен және менің әріптестерім ең ізгі де жауапты мамандықтардың бірін таңдадық. Біз күн сайын, сағат сайын, минут сайын қиын жағдайларда күрделі шешімдер қабылдаймыз және адамдардың дені сау болуына ықпал етеміз», – дейді Марат Орынбасарұлы.

Кеңестік торакальды хирург, кардиологиядағы инновациялық әдістердің авторы Николай Амосов: «Медицинадан не талап етіледі? Көп нәрсе қажет емес – тек дұрыс диагноз қою және дұрыс емдеу», – деген екен. Аталған институт дәрігерлері де осы үдеден шығып жүр десек қателеспейміз.

«Біздің дәрігерлер адамдарға тиімді көмек көрсететінін атап өткім келеді. Бізде еліміздің жетекші мамандары жұмыс істейді, диагностикада біз соңғы буынның медициналық жабдықтарын қолданамыз. Тек 2023 жылы 3D қайта құру және КТ перфузиясы мен толық кардиопакеті бар премиум компьютерлік томографын; 2 сараптамалық ультрадыбыстық және портативті ультрадыбыстық аппараттарын; оттегі станциясын; төсек жанындағы мониторлар; ИВЛ аппараттарын; функционалды кереуеттер; Холтер, қан қысымы және ЭКГ мониторингі жүйелерін, реанимациялық бригадаларға арналған санитарлық автокөлік және т.б.сатып алдық», – дейді Марат Орынбасарұлы сөзін жалғастырып.

Иә, олар ел тұрғындарына жоғары технологиялық, мамандандырылған, стационарды алмастыратын, консультациялық-диагностикалық медициналық көмек көрсетеді. Сондай-ақ ғылыми-зерттеу, білім беру қызметімен де айналысады. Мамандар өңірлердің медициналық ұйымдарына ұйымдастырушылық-әдістемелік, практикалық көмек көрсетеді, денсаулық сақтау саласында сараптама жүргізеді.

Маңызды дағдылардың бірі – командада жұмыс істей білу. Өйткені пациенттің сауығуы медицина қызметкерлерінің бірлескен күш-жігерінің нәтижесі екені сөзсіз.

«Біз – бір командамыз! КІАҒЗИ – көптеген жылдар бойы диагностикалық әдістерді жетілдіруге үлес қосып, асқазан-ішек жолдарының патологиясы бар пациенттерге көмек көрсететін жетекші республикалық орталықтарының бірі. 2023 жылы бір баллонды энтероскопия және ішектің қабыну аурулары кезіндегі тоқ ішектің тарылуын кеңейтетін баллонды дилатациясы сияқты жаңа технологиялар енгізілді. Біздің базамызда дәрігерлерге 3 және 4 деңгейдегі мамандандырылған көмек көрсететін Ішектің қабыну ауруларын үйлестіру орталығы жұмыс істейді: бұл білім беру орталығы, ел өңірлерінің дәрігерлеріне консультациялық-әдістемелік көмек (телемедициналық консультациялар) және пациенттерді амбулаториялық емдеуде консалтинг. Оның басында ғылыми және инновациялық қызмет жөніндегі орынбасарым Жамиля Кайбуллаева тұр. Медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты гастроэнтеролог Жамиля Ахтанқызы барлық өңірден келген көптеген пациентке көмектеседі, мамандарға әдістемелік көмек көрсетеді, еліміздің гастроэнтерологтары үшін білім беру іс-шараларын ұйымдастырады және белсенді ғылыми қызмет жүргізеді», – деп атап өтті клиниканың бірінші басшысы.

Кардиолог дәрігерлер – ерекше адамдар. Олай дейтініміз, олар өмірлік маңызды орган үшін жауап береді. Осындай дәрігерлердің бірі – денсаулық сақтау саласында 30 жылдан астам жемісті еңбек етіп келе жатқан Гүлнара Оспанова. Ол – жоғары санатты дәрігер, м.ғ.к., ең тәжірибелі мамандардың бірі, 15 жылдан астам уақыт кардиологиялық бейіндегі бөлімшелерді басқарды. Биыл Гүлнара Ермаханқызы аталған институтта емдеу жұмысы жөніндегі директор болып тағайындалды.

Асылхан Паримбеков 16 жыл бойы рентгенхирург, интервенциялық аритмолог болып жұмыс істейді, оның ішінде институттағы қолтаңбасына 13 жыл. Басқарма төрағасының айтуынша, ол кәсіби дамуға ұмтылу, жоғары жауапкершілік сияқты қасиеттерімен ерекшеленеді. Новосибирск қаласындағы академик Е.Мешалкин атындағы Ұлттық медициналық зерттеу орталығында, Мәскеу қаласындағы А.Бакулев атындағы Жүрек-қан тамырлары хирургиясы ҰМЗО-да, Германия, Нидерланды және Израильде  білім алған. 2011 жылдан бастап клиникада жүрекішілік электрофизиологиялық зерттеуді, жүректің аритмогендік құрылымдарының радиожиілік және криоабляциясын, электрокардиостимуляторды, кардиовертер-дефибрилляторды, жүректі қайта синхрондау терапиясына арналған жүйені имплантациялауды сәтті жүргізеді.

Медициналық статистика бөлімі – мекеме қызметінің маңызды құрылымының бірі. Жоспарлауда медстатистика маңызды рөл атқарады. Статистика арқылы басымдықтар анықталады және ресурстарды бөлу туралы негізделген шешімдер қабылданады. Сондықтан Айнаш Малаева басшылық етіп отырған бұл бөлімнің рөлі де медицина саласы үшін аса ерекше.

«Былтыр біз 5 жыл мерзімге институционалдық аккредиттеу және резидентураның 5 мамандығы бойынша мамандандырылған аккредиттеу сертификаттарын алдық. Келесі айда институттың JCI жоғары сапа стандартына және Ұлттық аккредиттеудің жоғары санатына сәйкестігін қайта растауымыз керек. Материалдық-техникалық базаны одан әрі жақсартуға; оқытуға баса назар аудара отырып, кадрлық әлеуетті күшейтуге; емдеудің жаңа әдістерін енгізу және жоғары технологиялық медициналық қызметтер көрсету үшін оперативтік араласу көлемін ұлғайтуға ерекше назар аударылатын болады», деді Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Басқарма төрағасы Марат Пашимов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Кардиология #дәрігер #қызмет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда TEER технологиясымен бірегей операциялар жасалды

Бүгін 11:38

Ахметбек Қоңырбаев Президент Алғыс хатымен марапатталды

Бүгін 11:37

Тегін оқып, офицерлік шен алып, 100% жұмысқа орналасады: Алматыда ІІМ академиясына қалай түсуге болатынын айтты

Бүгін 11:12

Алматылық спортшы семсерлесуден әлем чемпионатында тарихи медаль жеңіп алды

Бүгін 10:55

ІІМ алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті

Бүгін 10:50
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика