Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мақсат Жақауов: Қала мектептерін автобустарымен қа...

Мақсат Жақауов: Қала мектептерін автобустарымен қамтамасыз ету - құптарлық бастама

Әлеумет 30.06.2022, 10:01 1,079
Мақсат Жақауов: Қала мектептерін автобустарымен қамтамасыз ету - құптарлық бастама
almaty.tv

Алматы әкімдігі «Алматы – адамдар үшін жаһандық қала» бағдарламасын әзірледі, онда мегаполисті 2025 жылға дейін дамытудың негізгі басымдықтары мен 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар көрсетілген. Қала тұрғындары бағдарламамен танысып, өз ұсыныстарын «Алматыны дамыту орталығының» сайтында 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін қалдыра алады.


Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушысы Мақсат Жақауов 2025-2030 жылдарға 50-100 пайызбен мектеп автобустарымен қамтамасыз ету бастамалары дұрыс жасалғанын айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz almaty.tv сілтеме жасап.



«Алматы қаласының бірден-бір үлкен мәселесі, көшелердегі жол кептелістері. Егер қала жоспарындағыдай, мектеп автобустарын енгізетін болса, көше тығындарының 15 пайызға азайып, жұрт діттеген жеріне қиналмай барушы еді. Себебі көп мектептер қала орталықтарында болған соң, баласын мектепке өз көліктерімен ата-аналары апарып жатады. Сондықтан, 2025-2030 жылдарға 50-100 пайызбен мектеп автобустарымен қамтамасыз ету бастамалары дұрыс. Бұл - білім саласындағы жаңалықтардың бірі», – деді Мақсат Жақауов.



Оның айтуынша, ал дуалді жүйемен арнайы колледждердің білім алушыларын жұмыс берушілердің мекемелерінде кәсіби тәжірибесімен қатар өткізуге қол жеткізу, бұл әлемдік практиканың үлгісінде жүру деген сөз. 18 маманданған орталықтың құрылуы, қысқа мерзімдегі NEET жастарына қайта даярлау курстарын кеңінен жүргізу көптеген әлеуметтік мәселелерді шешіп, жұмыспен қамту деңгейі едәуір өседі.



«Алматы қаласында 250 мыңға жуық студент оқиды, соның 60 пайызы шалғайдан келіп оқитындар. Оларға әлбетте жатақхана жетіспейді. Қала жоспары бойында 2025 жылға дейін 12 мыңдық, 2030 жылға дейін 20 мыңдық орындық жатақханамен қамту әрине, күрделі де бірақ өте қажет қадамдар. Егер студенттерге қолжетімді жатақхана орындары болса, ата-аналар да тыныш, университеттердің де уайымы азаяр еді», – деді ол.



Айта кетейік, Алматы әкімдігі «Алматы – адамдар үшін жаһандық қала» бағдарламасын әзірледі. Жоба жеті бөлімнен тұрады, олар: «Жайлы қалалық орта», «Тұрақты экономикалық өсу», «Басқарылатын урбанизация», «Әлеуметтік орнықтылық пен тұрақтылық», «Жасыл Алматы», «Смарт сити», «Қауіпсіз қала».


Алматыны кеңістіктік дамытудың негізгі міндеті – жайлы қалалық орта құру және қаланың барлық аудандарында өмір сүру сапасын арттыру. Ол үшін үш басым бастама айқындалды: Алматыны көпорталықты дамыту, қоғамдық көліктің дамыған жүйесі және аудандардың байланыстылығы, жаңа тарифтік саясатты енгізу және шығындарды азайту арқылы ТКШ қызметтерінің сапасын жақсарту.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мегаполис #бағдарлама
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық баскетболшылар EYBL «Challenge Cup» турнирінде жүлдегер атанды

Бүгін 18:21

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Түркия елшісімен кездесті

Бүгін 17:54

Алматыда №11 Қалалық емхананың 2025 жылғы жұмысының қорытындысы шықты

Бүгін 17:44

Төрехан Сабырхан жартылай финалда мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Бүгін 17:13

Алматы дәрігерлері күрделі трихобезоарға сәтті ота жасады

Бүгін 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика