AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Жақыныңа жанашыр бол! / Маймыл шешегі ауыр өткенде мидың қабынуы мүмкін

Маймыл шешегі ауыр өткенде мидың қабынуы мүмкін

Жақыныңа жанашыр бол! 04.08.2022, 10:16 2,083
Маймыл шешегі ауыр өткенде мидың қабынуы мүмкін
Сурет: Egemen.kz

Маймыл шешегінің ауыр ағымында науқаста мидың қабынуы (энцефалит) дамуы мүмкін.


Ал қайталама бактериялық инфекция жалпыланған кезде, сепсис пайда болуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың Telegram каналына сілтеме жасап. 



"Маймыл шешегінің асқынуларына қайталама бактериялық инфекциялар кіруі мүмкін. Бұл бактериялардың енуіне байланысты шешектердің жаппай іріңдеуі болған жағдайда пайда болады, әсіресе, қатты бөртпелер қаупі жоғары" - деді Ресей эпидемиологы.


Бөртпелер шырышты қабаттарда пайда болғандықтан, ауыз қуысының инфекциясы, сондай-ақ тыныс алу мүшелері, атап айтқанда пневмония дамуы мүмкін,- деді Пшеничная.



Инфекциядан кейін теріде тыртықтар, гиперпигментация (дақтар) немесе керісінше гипопигментация қалуы мүмкін. Сонымен қатар, балаларда ауру күрделене түседі және асқынулар жиі дамиды. Иммунитеті төмен адамдарда (әсіресе, АИТВ жұқтырған) аурудың ауыр түрінің даму қаупі жоғары болады. 


Ал Роберт Кох институты алғаш рет Германияда жасөспірімдердегі маймыл шешегінің екі жағдайы туралы хабарлады.


Ведомствоның мәліметінше, Штутгарт пен Эрфуртта ауруды жұқтырған 15 және 17 жастағы жасөспірімдер туралы айтылып отыр. Германиядағы жағдайлардың жалпы саны 2 724 адамды құрады, ауру барлық 16 федералды штатқа әсер етті,- деп хабарлады институт.


Бұрын ауру, ең алдымен, ер адамдар арасындағы жыныстық қатынас нәтижесінде берілетіні туралы хабарланған. Маймыл шешегі әлі күнге дейін Германиядағы бес әйелде ғана кездеседі. Германияда маймыл шешегінің алғашқы жағдайлары мамыр айында тіркелді. Роберт Кох институты Германиядағы жалпы халықтың денсаулығына ықтимал  қауіптілігін "шектеулі" деп бағалайды және жағдайдың дамуын мұқият қадағалайды.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Маймыл шешегі #қауіп #денсаулық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық палуан Азия Чемпионы атанды

Бүгін 21:53

Баку құрылтайының 100 жылдығы: ҚазҰУ-да түркологияның жаңа бағыттары талқыланды

Бүгін 20:11

«Жас бүркіт» қатары толықты: Алматыда әскери-патриоттық сынып ашылды

Бүгін 19:25

Мақпал Жүнісова мен Татьяна Бурмистрова марапатталды

Бүгін 19:01

Еркебұлан Еңсегенов таеквондодан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Бүгін 18:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);