Алматы кітапханалары жолдауды кеңінен насихаттауда

  • 18:31, 29 қыркүйек 2025
Алматы кітапханалары жолдауды кеңінен насихаттауда Алматы әкімдігі

Қазақстан 3 жылдың ішінде цифрлы елге айналмақ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауын «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» деп атады. Бұл құжат – еліміздің жаңа тарихи кезеңдегі даму бағытын айқындайтын стратегиялық бағдарлама болып табылады.
Жолдаудың негізгі өзегі – жасанды интеллектті (ЖИ) қоғам өмірінің барлық саласына тиімді енгізу, оны экономиканы дамыту мен халықтың әл-ауқатын көтерудің қуатты құралына айналдыру. Бүгінгі таңда ЖИ – әлемдік дамудың басты тренді. Ол білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, бизнес және мемлекеттік басқару жүйелеріне үлкен өзгеріс әкеліп отыр. Қазақстан да бұл үдерістен шет қалмай, жаңа технологияларды игеру арқылы озық елдердің қатарына қадам басуға тиіс.

Президент Жолдауында жасанды интеллект дәуіріндегі ең басты құндылық – адам екенін ерекше атап өтті. Яғни технология адамды алмастыру үшін емес, оған көмектесу үшін жасалады. ЖИ халықтың тұрмысын жеңілдетуге, жаңа мүмкіндіктерге жол ашуға және елдің тұрақты дамуына қызмет етуге тиіс.

Сонымен қатар, Жолдауда цифрлық трансформацияны жүзеге асырудың нақты бағыттары белгіленді. Олардың қатарында: жасанды интеллект мамандарын даярлау, жаңа буын кадрларын қалыптастыру; ғылыми-зерттеу орталықтарын ашу және халықаралық ынтымақтастықты дамыту; цифрлық инфрақұрылымды жетілдіру, интернет сапасын арттыру; азаматтардың цифрлық сауаттылығын көтеру.
Бұл міндеттердің барлығы Қазақстанды өңірдегі ірі цифрлық орталыққа айналдыруға бағытталған, тіпті Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылды. Жолдауды  талқылап мазмұнын ашу жұмыстары халық арасында кеңінен жүргізілуде.

Осы орайда Алматы кітапханаларының №39 бөлімшесі «Батыр» Президенттік полкінің 0111 әскери бөлімімен бірлесе отырып  «Жолдау 2025: Жасанды интеллект және цифрлық даму – жаңа дәуірге бастар жол» атты ауқымды  іс- шара өткізді.    

Жолдаудың негізгі мазмұнын көпшілікке кеңінен түсіндіру, жасанды интеллекттің еліміздің дамуындағы рөлін айқындау және осы бағытта атқарылатын жұмыстарға қоғамның назарын аудару – басты мақсат. Осы орайда Халық қалаулысы, Алматы қалалық мәслихатының депутаты  Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамының вице-президенті, тіл жанашыры, меценат Дулат Тұрсынұлы Тастекей арнайы қонаққа шақырылып,.  осы жолдауды, мазмұнын  , оның маңызын түсіндіріп жан жақты талдап ойымен бөлісе келе  «Жасанды интеллектіні күнделікті өмірде пайдалану қажеттілігіне тоқтала отырып, сұраныстарды мүмкіндігінше қазақ тілінде беру тіліміздің қолданыс аясын кеңейтуге мүмкіндік беретінін атап өтті».

Сондай-ақ 0111 әскери бөлімі командирінің  орынбасары Жусекеев Жандос Болатбекұлы да Президент Жолдауы – жай ғана ресми құжат емес, әрбір қазақстандықтың өмір сапасын жақсартуға, қоғамдағы әділеттілікті орнықтыруға бағытталған нақты бағдаршам екенін ерекше атап өтсе, әскери бөлім сардарлары мен сарбаздары өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя отырып, өз көзқарастарын да ортаға салып пікір алмасты.

    Президент атап өткендей, бүгінгі заманда жасанды интеллект бүкіл әлемді өзгертіп жатыр. Ол – тек технологиялық құрал емес, экономиканы өсіретін, ғылым мен білімді дамытатын, халықтың тұрмысын жақсартатын қуатты күш.

     Президенттің Жолдауы – Қазақстанды өңірдегі жасанды интеллект орталығына айналдыруға бағытталған нақты жоспар. Жасанды Интеллект дәуірінде басты мақсат – адамды алмастыру емес, адамға көмектесу. Ол халықтың әл-ауқатын арттырып, әрбір азаматқа жаңа мүмкіндіктер ұсынады.

Бұл Жолдау – болашаққа сенім, еліміздің озық технологиялар елдері қатарынан табылуына жасалған қадам.
ЖИ дәуіріндегі Қазақстан – әділдікке, ашықтыққа, білім мен ғылымға негізделген жаңа мемлекет. Бұл жолда әрбір азаматтың атқарар үлесі зор. Шара соңында әскерилер Дулат Тұрсынұлына орталарына келіп ақпараттармен бөлісіп терең түсінуге атсалысқаны үшін, ал  Алматы кітапханалары қызметкерлеріне осынау іс-шараны ұйымдастырғандары үшін ризашылықтарын білдіріп әскери бөлім командирінің алғыс хатымен марапаттады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:31

18:28

18:20

17:50

17:50

17:41

17:38

17:31

17:24

17:08

17:04

16:54

16:27

16:11

15:38

15:20

15:18

14:51

14:41

14:01

13:52

13:51

13:46

13:18

12:39