Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Такси жүргізушілері мен курьерлер жеке кәсіпкер ре...

Такси жүргізушілері мен курьерлер жеке кәсіпкер ретінде саналмайды

Әлеумет 29.09.2025, 17:50 588
Такси жүргізушілері мен курьерлер жеке кәсіпкер ретінде саналмайды
bangkokbook.ru

Бұл норма жаңа Салық кодексі аясында күшіне енетін болады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Мемлекеттік кірістер комитетінің арнайы салық режимдерін әкімшілендіру басқармасының басшысы Ерқанат Шынбергеннің сөзінше, бұл тікелей қосымшалар мен интернет-платформалар арқылы жұмыс істейтін таксистер мен курьерлерге қатысты. Олар – Yandex, InDrive, Glovo, Wolt және басқа сервистер. 

Дәл осы платформалардың операторлары жұмыс істейтін адамдар үшін әлеуметтік төлемдерді ұстап қалып, өзі аударады. Бұл норма 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енген және жаңа Салық кодексінде де сақталмақ. Ең басты айырмашылық, аталған санаттар үшін ЖК мәртебесі алынып тасталады. 

– Қазір арнайы салық режимін қолданатындар – жеке кәсіпкерлер. Ал келесі жылдан бастап олар есептен алынып, жеке тұлға ретінде қарастырылады, – деді Е.Шынберген.

Тағы бір өзгеріс бар. Ол төлем құрылымына қатысты. Яғни, бірыңғай мөлшерлеме бұрынғыдай 4 пайыз болып қалады, бірақ оның ішінен жеке табыс салығы алынып тасталады. Оның орнына міндетті зейнетақы жарналары енгізіледі. Бұл жарналарды да платформаның операторы ұстап қалады. 

– Жаңа Салық кодексінде де солай, әлеуметтік төлемдердің 4 пайызы, мысалы таксистер үшін платформа арқылы ұсталады. Ай қорытындысы бойынша оператор оларды тиісті қорларға аударады. Қазір бұл жүйені Қазақстан бойынша шамамен 118 мың адам пайдаланып отыр, – деп нақтылай түсті басқарма басшысы. 

Жалпылама алғанды, ресми түрде салық жүктемесі өзгермейді, мөлшерлеме бұрынғыдай 4 пайыз болып қалады. Сондықтан, қағаз жүзінде жолақы мен жеткізу құны өзгермеуі тиіс. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#курьер #салық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мүгедектігі бар 90 мыңнан астам қазақстандық республикалық референдумда қолайлы жағдайда дауыс бере алады

Кеше 19:31

Референдум-2026: зағип жандар дауыс беру учаскелерінде жаңа Конституцияның аудио нұсқасына қол жеткізе алады

Кеше 19:30

Республикалық референдумға дайындық: мүгедектігі бар адамдар үшін учаскелердің қолжетімділігі қамтамасыз етіледі

Кеше 19:29

Қазақстандағы референдумды 38 елден және 11 халықаралық ұйымнан келген 359 байқаушы байқайтын болад

Кеше 19:28

 400-ге жуық адам Sirius Energy қаржы пирамидасының құрбаны болды

Кеше 17:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика