AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / ҰЛЫТАУДА «ЖОШЫ ХАН ЖӘНЕ АЛТЫН ОРДА: ТАРИХ, МҰРА ЖӘ...

ҰЛЫТАУДА «ЖОШЫ ХАН ЖӘНЕ АЛТЫН ОРДА: ТАРИХ, МҰРА ЖӘНЕ ҰЛЫ ДАЛА ӨРКЕНИЕТІ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Мәдениет 29.09.2025, 17:50 544 yakiya
ҰЛЫТАУДА «ЖОШЫ ХАН ЖӘНЕ АЛТЫН ОРДА: ТАРИХ, МҰРА ЖӘНЕ ҰЛЫ ДАЛА ӨРКЕНИЕТІ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
Ұйымдастырушыдан

Түркі мәдениеті және мұрасы қоры Ұлытау облысы әкімдігімен бірлесе Қазақстан Республикасының Ұлытау облысында 2025 жылдың 27-28 қыркүйек күндері “Жошы хан және Алтын Орда: тарих, мұра және Ұлы Дала өркениеті тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-танымдық конференциясын өткізді.

Конференцияның мақсаты – Жошы хан мұрасын және Алтын Орда тарихын ғылыми тұрғыдан зерделеу, тарих, реставрация, фольклор, музыкатану, өнертану бағыттарындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын кешенді түрде жүргізу, Ұлытау өңірі мәдениетіндегі түркі танымына ортақ құндылықтарды айшықтау, тұтас түркі өркениетінің рухани қазынасы ретінде бағалау және қазіргі қоғамдағы мәнін айқындау.

“Алтын Орда және Жошы ұлысы кезеңіндегі мемлекеттілік пен тарихи-мәдени процестер” және “ХІІІ-XIV ғасырлардағы Түркі әлемінің музыкалық-фольклорлық мұрасы мен рухани құндылықтары. Күйші-сазгер Кетбұқа бидің тарихи-мәдени мұрасы” тақырыптарын қамтыған ауқымды іс-шараға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Татарстан елдерінен келген тарихшы, филолог, фольклортанушы ғалымдары қатысты.

Конференцияның пленарлық отырысында Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова, Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Арғынбеков сөз сөйледі. Ақтоты Райымқұлова конференция қатысушыларына алғысын білдіріп, өз сөзінде Жошы хан мұрасы мен Алтын Орда тарихын тереңінен зерделеніп, Ұлытау топырағындағы тамыр жайған түркілік ортақ құндылықтарды айқындау бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірі екендігіне баса назар аударды.

Сондай-ақ, іс-шара аясында түркі халықтарының рухани құндылықтарын ұлықтаған түркі мәдениетінің амбассадорыатанған “TURAN” ансамблінің “TAMYR” атты концерті өткізілді. Концертке жиналған көрермен түркі әлемінің 40-тан аса ұлттық аспаптарының үнімен танысып, халық шығармаларының әуезді әуеніне бөленді.

Сонымен қатар, жоба аясында конференция қатысушыларына Жошы хан, Алаша хан, Домбауыл кесенелері сияқты Ұлытау өңірінің күллі түркі жұртына ортақ тарихи-мәдени орындарына саяхат ұйымдастырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жошы хан #конференция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Салық қарызы бар азаматтар шетелге шыға алмайды

Бүгін 11:15

23 мамырға арналған ауа райы болжамы

Бүгін 10:05

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Кеше 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Кеше 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Кеше 17:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);