ffin.kz

Мәдениет саласында оң өзгерістер бар

Мәдениет саласында оң өзгерістер бар egemen.kz

Президент тапсырмасы. Айтылды. Жасалды.


Мәдениет және спорт министрлігі Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалуы туралы есеп берді.


«Біз мәдениет саласында жұмыс істейтін азаматтарға жеткілікті түрде көңіл бөлмей отырмыз. Бұл – ең алдымен, кітапхана, музей, театр қызметкерлеріне қатысты мәселе. Үкімет мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысын көбейтуі тиіс», – деп Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында тапсырма берген болатын.


Мәдениет және спорт министрлігі Президент тапсырмасы аясында келесідей жұмыстар атқарылғанын хабарлады:



  • 2022 жылы мәдениет және архив ісі қызметкерлерінің еңбекақысы 23%-ға көтерілді.

  • Биыл жыл басынан сала қызметкерлерінің еңбекақысы тағы 22%-ға артты.

  • Алдағы екі жылда мәдениет және архив ісі қызметкерлерінің айлығы 55%-ға көтерілетін болады.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылға дейін республикалық мәдениет және архив ісі ұйымдары қызметкерлерінің еңбекақысын 100%-ға көтеру туралы тапсырмасы аясында биыл 1 қаңтардан сала мамандарының айлығы орта есеппен тағы 22%-ға артты. Осылайша соңғы екі жылда 64 мыңға жуық мәдениет және архив ісі қызметкерлерінің еңбекақысы орта есеппен 45%-ға көтерілді.


«2023 жылдың қаңтарынан барлық санаттағы қызметкерлердің айлығы өскенін атап өту керек. Бұл басшылар мен жетекшілер, негізгі персоналмен қатар, еден жуушы, күзетші, вахтер секілді жұмыскерлердің де еңбекақысы көтерілді», – деді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов.


Мәдениет және спорт министрлігі сала мамандарының айлығын одан әрі ұлғайтуға бастамашы болады. Мәселен, шығармашылық жоғары оқу орындарындағы концертмейстерлердің еңбекақысын көтеру жоспарда бар. Ол үшін заңнамалық актілерге тиісті өзгерістер енгізу бойынша белсенді жұмыс жүріп жатыр.


Сондай-ақ, «Ұлттық» мәртебесі бар мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің еңбекақысы екі есеге жуық өсті. Бүгінде елімізде осы санатқа жататын 5 ұйым бар. Министрлік алдағы уақытта аталған нысандардың тізімін кеңейтуді жоспарлап отыр.


Қаламгерлерді қолдаймыз


«Қазақ қаламгерлерінің үздік шығармаларына қоса, балаларға арналған шетел жазушыларының да таңдаулы туындыларын аударып, көптеп басып шығаруды және таратуды қолға алған жөн», – деп Президент өзінің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында тапсырма берген еді.


Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан мынандай іс-шаралар ұйымдастырылды:



  • 2021 жылы отандық қаламгерлердің балаларға арналған 40 көркем әдебиеті жалпы таралымы 120 мың данамен басылып шығып, еліміздегі кітапханаларға таратылды. Оның ішінде 4 кітап әлем балалар әдебиеті авторларының қазақ тіліндегі аудармасы.

  • 2022 жылы 23 балалар әдебиеті жалпы таралымы 69 мың данамен аймақтардағы барлық мемлекеттік кітапханаларға таратылды. Оның ішінде 2-еуі әлем балалар әдебиетінің қазақ тіліндегі аудармасы.

  • 2022 жылы «Үздік балалар әдебиеті», «Үздік комикс» сынды 7 номинациядан тұратын «Айбоз» ұлттық әдеби байқауы ұйымдастырылды. Жеңімпаздарға 5 млн теңгеден қаржылай сыйлық табысталып, еңбектері басылып, кітапханаларға таратылды.

  • 2023 жылы балалар әдебиетін және жас қаламгерлерді қолдау мақсатында алғаш рет Президенттік арнаулы әдеби сыйлық тағайындалады. Президенттік әдеби сыйлық 18–35 жас аралығындағы жас қаламгерлерге «Проза», «Поэзия», «Драматургия», «Балалар әдебиеті» номинациялары бойынша табысталып, әр жеңімпазға 4 млн теңгеден астам сыйақы беріледі.


Тарихи құжаттар елге қайтарылды


Президент тапсырмасы аясында 2022 жылы шетелден 7000 тарихи құжат елге қайтарылды. Құнды құжаттарда еліміздің тарихы туралы тың ақпараттар бар. Оларды қазір отандық тарихшылар мен ғалымдар зерттеп жатыр. Құжаттар Венгрия, Германия, Италия секілді және т.б. Еуропалық Одақ елдерінен әкелінген. Былтыр ғалымдарымыз 14 мемлекетке іздестіру-зерттеу жұмыстарымен барды. Олар жинаған құжаттар қатарында 445 фотосурет, 206 кітап және сирек қолжазбалар бар. Хронологиялық тұрғыдан 918–1990 жылдар аралығын қамтиды.


Қайтарылған құжаттар ҚР Ұлттық архивіне тапсырылды. Қазір Мәдениет және спорт министрлігі бірыңғай деректер базасын құру бағытында жұмыс жүргізіп жатыр. Бағалы тарихи құжаттарды тарату үшін фотоальбомдар, жинақтар, хронографтар, өмірбаяндық анықтамалықтар және басқа да пайдалы материалдар баспадан шығарыла бастады.


«Археологтар мен тарихшыларымыздың жұмысы мұнымен бітпейді. 2025 жылға дейін қазақстандық ғалымдар шетелге тағы бірнеше экспедиция жоспарлап отыр», – деп атап өтті Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04