AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / Көптеген адамдар АЭС қасында тұрғысы келмейді - «С...

Көптеген адамдар АЭС қасында тұрғысы келмейді - «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы

АЭС: Референдум 13.07.2023, 12:48 994
Көптеген адамдар АЭС қасында тұрғысы келмейді - «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы
Сурет: Newsroom.kz

Елімізде АЭС салуға қандай кедергілер бар?

 

«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Қазақстанда атом электр станциясының құрылысына қатысты сұрақтарға жауап беріп, АЭС құрылысын тежейтін факторларды атады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

 


«АЭС бола ма, жоқ па деген шешім қабылдау үшін көптеген факторларды ескеру керек. Осы шешімді қабылдағаннан кейін қандай өндірушімен немесе сатушымен бірігіп жұмыс істейтінімізді айта аламыз. Бүгінгі таңда АЭС орналасатын жерге қатысты мәселе бар екенін көріп отырмыз. Орын таңдағанда су бойынша, экология бойынша бірқатар талап қойылатынын да түсінуіміз керек. Қазақстанда су тақырыбы өте өзекті болып отыр, трансшекаралық өзендер, Балқаш пен Каспий тартылып келеді», - деді Нұрлан Жақыпов баспасөз мәслихатында.

 

«Самұрық-Қазына» басшысы атом электр станциясының арзанға түспейтінін, оның құны ондаған миллиард долларды құрайтынын атап өтті.

 


«Бұл атом электр станциясы өз құнын ақтау үшін тариф қандай болуы керек? Біз мемлекет ретінде ондай тарифті көтере аламыз ба? Бәріміз жарық қолданамыз, ұялы телефондарымызды қуаттаймыз, интернетке кіреміз, теледидар көреміз. АЭС орнатсақ, электр энергиясының құны қандай болады? Барлық факторларды ескеру қажет», - дейді ол.

 

Н. Жақыпов мұндай қымбат жобаға дайынбыз ба, әуелі соны шешу керегін айтты.

 


«Иә, бізде энергия тапшылығы бар. Егер АЭС салсақ, бұл тапшылық жабылады деп болжанған, бірақ құрылыс шамамен 10 жылға созылады, қомақты қаражат кетеді. Бұл электр энергиясына ақыны кім төлейді? Біз, біздің балаларымыз... Сондықтан барлық тұрғыда дұрыс талдау жүргізу қажет», - деп толықтырды ол.

 

«Самұрық-Қазына» басшысы атап өткендей, атом электр станциясын салу кезіндегі талаптардың бірі – жақсы үлкен су қоймасының болуы.

 


«Қазір есептерді оқып жатырмын. Қазірдің өзінде Каспий мен Балқаш тартылып жатыр. Егер қазір біреуін таңдап, АЭС тұрғызсақ, 10 жылдан кейін су тағы тартылуы мүмкін. Жергілікті сипаттағы сұрақтар да бар. Көптеген адамдар АЭС қасында тұрғысы келмейді», - деп толықтырды Нұрлан Жақыпов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#АЭС #салу #кері факторлар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы студенттері робототехника әлемдік додасында биік белесті бағындырды

Бүгін 22:32

Алматыда жасөспірімдер арасында көркем жүзуден ҚР чемпионаты аяқталды

Бүгін 20:27

Дархан Сатыбалды соғыс ардагерлерінің шаңырағына барды

Бүгін 16:47

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысты

Бүгін 15:50

Айдын Рахимбаев пен жұбайы байлығының жартысынан көбін қайырымдылыққа жұмсамақ

Бүгін 14:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);