Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / «Көлеңкелі» кәсіп

«Көлеңкелі» кәсіп

Заң мен тəртіп 26.05.2022, 08:32 1,867
«Көлеңкелі» кәсіп
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Жеке тұлғалардың арасындағы ақша аударымдарына салық салына ма?


Жеке тұлғалардың мобильді ақша аударымдары бақыланатыны туралы ақпарат тарағалы қоғамда біраз пікірталас туды. Қаржы министрлігінің 29 наурыздағы  бұйрығымен Жеке тұлғалардың банктік шоттарында жүргізілетін операцияларды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызу критерийлері бекітіліп, 15 сәуір күні күшіне енді.


Ақша аударымдарын бақылау арқылы жеке тұлғаның кәсіпкерлікке қатысы бар-жоғы анықталады. Нақтыласақ,  жеке тұлғаның банк шотына басқа тұлғадан  қатарынан 3 ай ішінде 100 мың немесе одан да көп қаражат түссе, онда бұл  кәсіпкерліктен пайда табу деп есептеледі.


Ел арасында қызу талқыланған бұл мәселе төңірегінде маманның пікірін біле кеткенді жөн көрдік.


 Перизат БАУЫРЖАНҚЫЗЫ, қаржы сарапшысы:



- 2021 жылдың 25 қарашасында Парламент «Салық және бюджеттегі өзге де міндетті төлемдер туралы» заң жобасын қабылдаған соң, халық арасында телефон арқылы жасалатын мобильді аударымдар тақырыбы қызу талқыға түсті. Салық төлеуді естіген жұрт мобильді төлемдерден жаппай бас тартып жатқанын көріп жүрміз. Ал «15 сәуірден бастап ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалардың банк шоттарының арасындағы мобильді ақша аударымдарына мониторинг жүргізуді бастайды» дегенді естіген саудагерлер саудаларын қолма-қол ақшамен жүргізе бастады.


Сонымен қатар, елде 1 миллион 200 мың кәсіпкер тіркелген болса, соның 300 мыңы онлайн бақылау құрылғысын мүлдем қолданбайды екен. Демек, салықтан жалтарып жүр. Осының жолын кесу үшін де заң қайта талқылануда.


Әр табыс тауып отырған тұлға мемлекетке шынайы салық төлеп тұру қажет. Кәсіпкерлер табыстарын жасырып қалмай, шынайы жұмыс істеуді дағдыға айналдырған дұрыс. Себебі салықтан түскен қаржыға мектеп, аурухана салуға, адамдардың құқығын қорғауға тиіс полицейлер мен мемлекеттік қызметкерлер жалақысына, азаматтардың кейбір санатына: көп балалы отбасыларға, табысынан айырылғандарға, мүгедектігі барларға жәрдемақы төлеуге, жолды жөндеуге жұмсалады.


ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті басқарма басшысының орынбасарының айтуынша, жалпы аударымдар болған. Мұның ішінде кәсіпкер де, жеке тұлғалар да бар. 35 триллион теңге аударған. Бұл - арнайы Ұлттық банктің берген мәліметі. Биыл кәсіпкерлік мақсатта да, жеке мәселені де қоса алғанда 43 триллион ақша аударылған. Енді онлайн ақша берудің жолдары анықталады.


Мобильдік төлемдерді бақылау арқылы тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу үшін есеп айырысулар кезінде онлайн-бақылау-касса машиналарын қолдануды заңдастыру, кәсіпкерлерді бизнесті жүргізуге арналған жеке шоттарды пайдалануға міндеттеу, салықты дұрыс төлеу жолға қойылатын болады.


Ал жеке тұлғаларға келер болсақ, жеке тұлғалардың арасындағы ақша аударымдарына салық салынбайды. Заң жобасында ақша аударымына жаңа салықтың немесе шектеудің болатыны көзделмеген.


 



 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ақша аударымдары #салық #бақылау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «жасыл» энергетикаға арналған халықаралық арт-көрме өтеді

Бүгін 09:34

Алматыда қазақ жазушылары марапатталды

Бүгін 09:07

Мемлекеттік қызметке қабылдау онлайн форматқа өтті

Бүгін 09:00

Бүгін еліміздің 13 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:54

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика