ffin.kz

Келісім мен татулық ұйытқысы

Келісім мен татулық ұйытқысы Egemen Qazaqstan

Батыс Қазақстан облысы аумағында 82 этнос өкілдері тату-тәтті тұрып жатыр. Өзімен өзі болып, томаға-тұйық жүрген ешқайсысы жоқ. Кейінгі жылдары облыста этносаралық негіздегі кикілжің де тіркелмеген.


Облыстағы этностық топ өкілдері, негізінен, Орал қаласы аумағында және аудандарда қазақтармен аралас мекен етеді. 2021 жылғы 1 қаңтардағы статистикалық мәліметке қарасақ, өңірімізде 656 300 адам тұрады екен. Оның 76,3%-ы – қазақтар, 19,3%-ы – орыстар, 1,4%-ы – украиндар, 1,3%-ы – татарлар, қалған 1,7 пайызы – өзге этнос өкілдері.


Өңірдегі этномәдени бірлес­тіктер қоғамдық келісімді сақтауда белсенді қызмет етіп, жүйелі жұмыс істеп отыр. Мы­салы, олардың бастамасымен Орал қаласында «Достық» саяба­ғы абаттандырылып, жыл сайын «Этнос апталығы» әлеумет­тік жобасы іске асырылып келе­ді. Одан бөлек, атаулы дата­ларға байланысты кездесулер, бел­гілі адамдардың шығар­машы­лық кештері, отбасылық құнды­лық­тарды дәріптеу сияқты іс-шаралар үнемі өтеді.



Бүгінгі таңда Қазақстан халқы облыс­тық ассамблеясы жанынан барлық деңгейде ақсақалдардың 169 кеңесі, аналардың 157 кеңесі, 239 Қоғамдық келісім кеңесі, 14 «Жаңғыру жолы» жастар қоз­ғалысы, 3 Достық үйі, 7 «Тату­ласу орталығы», 72  медиация каби­­неті, Ғылыми-сараптама тобы, Кәсіп­керлер қауымдастығы, «Тіл мұра» қоғамдық қозғалысы, Жур­налистер клубы, Еріктілер орталығы, жексенбілік сыныптар мен халық ансамбльдері жұ­мыс істейді. Бұл ұйымдар 20 мың­нан астам адамды қамтып отыр. Өткен жылы облыс бо­йын­ша қоғамдық келісім мен этнос­аралық тұрақтылықты сақ­тау жә­не насихаттау жөнінде 327 іс-шара өтсе, осы жылдың І тоқ­санында 78 іс-шара өткізілді.



Осы орайда өңір басшысы, облыстық ассамблея төрағасы Ғали Есқалиев бекіт­кен жұмыс жоспарына сәйкес, биылғы жылдың бірінші тоқсанында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамта­масыз ету мақсатында этномәдени бірлестіктердің, қоғам­дық келісім, ақсақалдар және аналар кеңестерінің отырыс­тары, шекаралас өңірлер арасында қарым-қатынас орнатуға бағытталған кәсіпкерлер қауым­дас­тығының кезде­сулері, жүйелі түрде өткізілетін ғылыми-тал­дау, қайырымдылық және  медиа­ция жұмыстары, сонымен қатар «Қазақ­станның 100 жаңа есімі», «Жаңғы­ру жолы» жас­тар мен еріктілер қозға­лыстары және оқу орындарындағы «Дос­тық» клуб­тарының іс-шаралары ұйым­дас­тырылған болатын.


Соның ішінде, 28 қаңтарда облыстық ассамблея жанындағы Қазақ-Вайнах жастары «Достық» клубының өкілдері Маңғыстау кентінде бір құдықты тазалап, екінші құдықты қазып, мектепке ауыз су тартып берді. Осы жастар 21 ақпанда өңір ауылдарында тұратын аз қамтылған отбасылардың 85 баласы үшін «Светлячок» туристік базасында қайырымдылық акциясын өткізді.


Былтыр да, биыл да облыстық ассамблея мүшелері пандемия қыс­пағындағы халыққа барынша қол ұшын созды. 14 ақпанда «Жаң­ғыру жолы» жастар қозға­лысы мүшелері қиын жағдайда қалған 30 отбасын азық-түлікпен қамта­масыз етіп, бірлескен акция өткізді.


Облыс аумағында мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге этнос өкілдерінің қатарын көбейту, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, жас этнос өкілдері ара­сында қазақ тілін үйрену мақ­сатында «Тілге құрмет – елге құрмет» атты челлендж ұйымдас­ты­рылып, әлеу­мет­тік желілерде жарияланды. Бұл іс-шара 22 ақпаннан 22 наурызға дейін созылды.


Ақ Жайық өңірінде 1 наурыз – Алғыс айту күні ерекше өтті. Орал қаласындағы «Қазақ халқына мың алғыс!» монументіне этно­мәдени бірлестіктердің өкілдері гүл шоқтарын қойды. Іс-шара шең­берінде пандемия кезінде белсенділік танытып, мұқтаж жандарға қайырымдылық көмек көрсеткен облыстық ассамблея мүшелеріне облыс әкімі атынан алғыс хаттар тапсырылды. Осы күні Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнал­ған «30 игі іс» республикалық марафоны аясында «Қайырымдылық керуені» акциясы ұйымдастырылып, 150 әлеуметтік пакет қаланың аз қам­тылған отбасыларына таратылды.


17 наурызда «Игі істер мара­фоны» жобасы аясында «Жаң­ғыру жолы» мүше­лері тыл еңбек­керлеріне, облыстың Құрметті азаматтарына, мүгедек баласы бар, жалғызбасты аналарға барып, қолдау көрсетті.


«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына биыл Батыс Қазақстан облысынан 57 адам қатысты. Олар – тәуелсіздік жылдарында әр салада табысқа жеткен тілі басқа болса да тілегі бір этнос­тар өкілдері.


Алда 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Осыған орай «Татумыз біз бір шаңырақ ас­тында» тақырыбында ғы­лы­ми-тәжірибелік конференция, «Бір­лігі жарасқан Мәңгілік ел» жастар флеш­­мобы, «Біз – Қазақстанның біртұтас хал­қы­мыз» волонтерлар қозғалысы, «30 игі іс» акциясы, этномәдени бірлес­тік­тер­дің «Қайырымдылық керуені» өткелі отыр.


Өңіріміздің саяси жүйесінде маңызды тұтқа болып табылатын облыстық ассамблея бүгінгі таңда барлық этностың мүддесін ортақ мүддеге айналдырып, ұлттық ерекшелігіне қарамастан, барлық азаматтың құқығы мен еркіндігін қамтамасыз ететін қоғамдық институт ретінде қалыптасты деуге толық негіз бар.


 



Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51