AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Қазақстан мен Сауд Арабиясы қажылық саласындағы ын...

Қазақстан мен Сауд Арабиясы қажылық саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Әлем 24.08.2025, 18:59 629
Қазақстан мен Сауд Арабиясы қажылық саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Самат Құсайынов

2025 жылғы 23–27 тамыз аралығында Алматы қаласына Сауд Арабиясы Корольдігінің Қажылық және ұмра министрі Тауфиқ бен Фаузан Ар-Рабиа бастаған делегация ресми сапармен келді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Іссапар аясында тараптар қажылық және ұмра саласындағы ынтымақтастықты дамыту, қажылық инфрақұрылымын жетілдіру, қажыларға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, сондай-ақ мәдени және рухани байланыстарды кеңейту мәселелерін талқылады.

Делегация құрамында Сауд Арабиясы Қажылық және ұмра министрлігінің өкілдері, Мекке мен Мәдина қалаларының тиісті мекеме мамандары болды. Қазақстан тарапынан кездесуге ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Жұмабайұлы Ысқақов қатысты.

Сауд Арабиясы Қажылық және ұмра министрі Тауфиқ бен Фаузан Ар-Рабия бұл сапардың маңызына тоқталып, Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы тарихи әрі рухани байланыстардың ерекше екеніне назар аударды.
– Бұл менің Қазақстанға екінші ресми сапарым. Алғаш рет 2022 жылы елдеріңізге келген едім. Қазіргі кездесуіміздің негізгі мақсаты – Қазақстаннан келетін қажылардың қажылық рәсімдерін жеңілдету және қызмет сапасын жақсарту. Сонымен қатар, екі ел арасындағы туризмді дамыту, мәдени байланыстарды нығайту да басты назарда. Осыған орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлымен, сондай-ақ Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақовпен жемісті келіссөздер жүргіздік. Сауд Арабиясы тарапынан қажылардың сапарын оңтайландыру, тарихи мекендерге зиярат ету мүмкіндіктерін кеңейту және тікелей әуе қатынастарын арттыру мәселелері қарастырылды, – деді министр.

Өз кезегінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы екі ел арасындағы рухани қарым-қатынастың артып келе жатқанын атап өтті.
– Қажылық – мұсылманның бес парызының бірі. Егемендік алғаннан бері жыл сайын мыңдаған отандастарымыз қасиетті сапарға аттанып келеді. Биылдың өзінде төрт жарым мыңға жуық қазақстандық қажылық парызын өтеп қайтты. Сауд Арабиясы тарапынан көрсетіліп отырған қолдау – осы рухани байланыстардың нақты көрінісі. Қажылық сапарына қатысты визалық рәсімдердің жеңілдетілуі, тікелей әуе рейстерінің ашылуы, қызмет сапасының артуы – осы келіссөздердің жемісі, – деді Бас мүфти.

Сонымен қатар Наурызбай қажы Тағанұлы Сауд Арабиясының Қазақстанға деген құрметін ерекше атап өтті. Ол алдағы уақытта да екі ел арасындағы ынтымақтастықтың арта түсетініне сенім білдірді.

Сапар аясында екі ел өкілдері қажылардың қауіпсіздігі, жол қатынастарын жетілдіру, тарихи-діни орындарға зиярат жасау мүмкіндіктерін кеңейту бағытындағы нақты ұсыныстарды қарастырды.

Осылайша, Сауд Арабиясы Қажылық және ұмра министрінің Алматыға жасаған сапары Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы мәдени, рухани әрі туристік ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге жол ашты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Сауд Арабия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда өткен KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам келді

Бүгін 18:52

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Бүгін 18:28

Мемлекеттік басқаруда жаңа технологиялық мәдениетті қалыптастыру және цифрлық шешімдерді ауқымдау

Бүгін 18:25

Шығармашылық индустрияны дамыту және ЖИ саласындағы кадрларды дайындау

Бүгін 18:22

Жаппай цифрландыру және ЖИ енгізу елді кешенді жаңғыртудың негізгі факторларының бірі болып табылады

Бүгін 18:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика