Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Келесі жылдан бастап папиллома вирусына қарсы екпе...

Келесі жылдан бастап папиллома вирусына қарсы екпе егу қолға алынады

Медицина 29.11.2023, 09:51 1,456
Келесі жылдан бастап папиллома вирусына қарсы екпе егу қолға алынады
Сурет: 24.kz

Келер жылы 175 мың жасөспірім қыз папиллома вирусына қарсы егіледі.


Вакциналау ұлттық екпе кестесіне енгізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бұл туралы бүгін денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Екпе екі кезеңнен тұрады. Біріншісі қыз бала 11 жасқа толғанда, екіншісі бір жылдан кейін жасалады. Вакциналау ата-анасының рұқсатымен ғана жүргізіледі. "Адам папиллома вирусы" жатыр мойны қатерлі ісігін тудыратын қоздырғыш. Сондықтан әлемнің 130-ға жуық мемлекетінде осы вирусқа қарсы екпе тұрақты түрде жүргізіледі.


Соның ішінде Грузия, Түркіменстан, Армения, Өзбекстан және Қырғызстан елдері бар. Ал бізде 2013-2015 жылдары Астана, Ақтөбе, Павлодар, Алматы өңірлерінде  пилоттық бағдарлама енгізіліп, вакцина салынды. Сол кезеңде  17 мыңнан астам қыз балаға бірінші дозасы енгізілді. Вакциналауды толық, яғни екі бөлігін 11 мыңнан астам қыз бала қабылдады. "10 жылдан кейін пилоттық жоба оң нәтиже берді" дейді мамандар. 



«Бізде 11 жастағы қыз балалар екі дозалы 4 валентті гардасил вакцинасын енгізу осы 2024 жылдан бастап енгізіледі. 11 жастан бастап қабылдайды мектепте. Ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі, түсіндіреді. Тегін. Екінші дозасы 12 айдан кейін. Он жыл ішінде Еуропада дамыған елдерде өз нәтижелерін берді. Ешқандай бедеулік әкелген жоқ. Вирус организмге енгенге дейін жасағанымыз дұрыс. Өйткені бала жыныстық қатынасқа түскенге дейін жасасақ, денесінде антиденелер пайда болады», - дейді ҚР Ғылыми зерттеу институтының жоғары санаттағы онкогинекологы Толқын Садықова.


«Қазақстан Үкіметінің жатыр мойны қатерлі ісігіне қатысты проблеманы мойындап, вакциналауға дайындық жүргізіп жатқанына алғыс білдіреміз. Қазір бұл дертпен күресте, адам папиллома вирусына қарсы екпе жасау өте маңызды. Осы науқан барысында барлық ақпарат халыққа қолжетімді болу керек. Егер ата-аналарда немесе баланың жақындарында сұрақ туындаса, дәрігерлер мен медицицна мамандары оған жауап беріп, жүйелі жұмыс жүргізгені абзал. Мысалы Австралияда адам папиллома вирусына қарсы екпе 20 жыл бұрын басталды. Содан бері ол өңірде туған бірде бір әйелде жатыр мойны қатерлі ісігі анықталған жоқ», - дейді ДДСҰ Еуропалық аймақтық бюросы, денсаулық сақтауды сақтандыру бағдарламалары бөлімінің аймақтық кеңесші Сиддарта Датта.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#папиллома #егу #жасөспірім қыздар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика