ffin.kz

Кедендік рәсімдер жеңілдей ме?

Кедендік рәсімдер жеңілдей ме? Almaty-akshamy.kz

26 қазанда Бішкекте Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің үкімет басшылары кеңесінің 22-ші отырысы өтті. Ресми шара биыл 4 шілдеде Үндістанның астанасы Нью-Делиде өткен саммиттің жалғасы. Саммитте Нью-Дели декларациясы қабылданған болатын. Сонымен қатар, ұйымның 2030 жылға дейінгі Экономикалық даму стратегиясын қабылдау туралы шешімге келген еді. Енді міне, ұйымға мүше мемлекеттердің үкімет басшылары жиналған отырыста оны жүзеге асыру мақсатында ресми құжаттарға қол қойылды.



ПАНДЕМИЯ ӨМІРДІ ӨЗГЕРТТІ


COVID-19 өмірімізді өзгертті. Бәріміз бетпе-бет қарым-қатынастан алыстадық. Оның орнына онлайн мен электронды бай­ланысқа етіміз үйренді. Күнделікті адами қарым-қатынас қана өзгерген жоқ. Мектеп пен оқушы, сатушы мен клиент, азамат пен мемлекет, мемлекеттік органдардың өзара байланысына пандемия өзгеріс алып келді.


Пандемия кезін еске түсірейікші. Бәріміз үйде болдық. Көшеге, далаға шы­ғудан қалдық. Тіпті, қол алыса алмай қал­дық. Бойымызды үрей билеген уақытта күнделікті тұрмысқа қажеттіні онлайн тапсырыспен алдық. Glovo, Wolt деген­дерді қолданбаған жан жоқ шығар. Мопед, электр самокаттармен жүйткіген курьер­лер бәрін тасыды. Ал енді бәрімізге таныс күйбең тіршілікке оралғанда, олардың жолымызды жапқаны ұнамай қалды. Десе де, бұл басқа әңгіме. Сол кезде электронды саудада серпіліс болды. Өзіміздің онлайн- платформалар біраз әлеуетін арттырды. Енді тек елімізде ғана емес, халықаралық деңгейге шығу қажет.



ЭЛЕКТРОНДЫ САУДА МАҢЫЗДЫ


Осы орайда, Үкімет пен жеке кәсіпкер­лердің ойы түйісті. Үкіметтің басты мін­деті отандық компанияларды халықаралық сауда алаңдарында қолдау, қорғау. Бәзбі­реулер мұны протекционизм деуі мүмкін. Бірақ өзімізді бізден басқа ешкім қолда­майды. Тек халықаралық сауда құқығынан тысқары шығып кетпесек болды.


Үкімет басшысы Әлихан Смайылов өз сөзінде ШЫҰ елдері арасындағы электрондық сауданы дамыту үшін кедендік рәсімдерді жеңілдетуге шақырды.


«Электрондық сауда келешегі зор сала­лардың біріне айналып отыр. Түрлі баға­лаулар бойынша, ШЫҰ елдерінде электрондық сатудан түскен жалпы табыс биыл шамамен $1,5 трлн-ды құрауы мүмкін. Біз ең әуелі, кедендік рәсімдерді жеңілдету арқылы, электрондық коммер­цияны қолдау үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек», – деді Әлихан Смайы­лов.



Шынында да, электронды сауда көлемі жыл сайын артып келеді. Ұлттық статисти­ка бюросының мәліметше пандемия кезін­де интернет коммерция өскен. 2021 жылы 1 трлн теңгеден асса, 2022 жылы 1,3 трлн теңгеге жеткен. Қазір онлайн тапсырыссыз өмірімізді елестете алмаймыз. Kaspi, Arbuz, Glovo бәріміз қолданатын онлайн- платформалар. E-commerse саласының болашағы бар. Ал Шанхай ынтымақтасты­ғы кеңістігінде әлемдік деңгейдегі плат­формалар жеткілікті. Бір ғана Қытайдың Alibaba group интернет компаниясын айтса жеткілікті. Ресейдің Wildberries онлайн- ретейлері елімізде танымал. Қазір алысқа бармай қолдағы ұялы телефон арқылы тапсырыс беруге болады. Бұл бағытта біз де артта қалмауымыз қажет. Бәсекеге қабі­летті отандық интернет компаниялардың деңгейін халықаралық деңгейге жеткізу қажет. Әсіресе, еліміздің технологиялық алпауыты Kaspi-дің әлеуеті бар.



Осы мақсатта Премьер-министр ұйым елдерінің кеден органдары басшыларының кезектен тыс отырысын өткізуді ұсынды. Себебі, тауар тасымалын ретке келтіру маңызды мәселе. Шекарадан тауарлар еркін өтуі тиіс.



ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕ АЛАҢДАТАДЫ


Нью-Дели саммитінен кейін Қазақстан ұйымға бір жыл төраға қызметін атқарады. Отырыс соңында делегация басшылары бірқатар құжаттарға қол қойды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылды Экология жылын атап өтуді ұсын­ған болатын. Соған сәйкес, 2024 жылы ШЫҰ-ның Экология жылына арналған іс- шаралар жоспары қабылданды. Түрлі эко­логиялық акциялар, халықаралық конфе­ренцияларды өткізу жоспарлануда.



Қазір адамзат экологиялық қауіп-қатер алдында тұр. 2015 жылы БҰҰ деңгейінде Париж келісімі жасалған болатын. Онда әлем елдері ауаны ластаушы заттардың көлемін азайтуға уағдаласқан болатын. Қазақстан да, ШЫҰ да көш соңында қал­мауы тиіс. ШЫҰ мен БҰҰ қоршаған орта­ны қорғау туралы Бағдарламасы арасында­ғы байланысты нығайтуды Мемлекет басшысы Нью-Делидегі саммитте ұсынған еді. Еліміздің төрағалығы кезінде осы мә­селені жүзеге асыруға әрекет жасалынуы мүмкін.



 


 


 


 


 


 


 


«Аlmaty-akshamy», №129, 28 қазан, 2023 жыл

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:45

18:15

17:59

17:55

17:48

17:38

17:20

17:10

16:45

16:42

16:42

16:36

16:17

16:09

15:38

15:02

15:00

14:53

14:34

14:22

14:02

13:45

13:40

13:37

13:29