Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жасанды интеллекттің жаңа дәуірі 

Жасанды интеллекттің жаңа дәуірі 

Әлеумет 15.02.2025, 17:33 923
Жасанды интеллекттің жаңа дәуірі 
SDU University

«Бас редакторлар клубы» мен SDU University Құқық және әлеуметтік ғылымдар факультетінің «Журналистика» мектебінің бірлесе  ұйымдастыруымен «Жасанды интеллект және қазақ медиасының трансформациясы» атты дөңгелек үстел өтті. Жиында жасанды интеллектінің қазақ медиа кеңістігіне ықпалы, журналистиканың жаңа форматтары мен ақпараттық қауіпсіздік мәселелері талқыланды.

ҚР Парламенті Сенатының депутаты, «Бас редакторлар клубы» ҚБ президенті Бибігүл Жексенбай жасанды интеллекттің қазақ журналистикасына әкелетін мүмкіндіктері мен қауіптеріне тоқталды.

“Технологиялық  революцияның оң да, теріс те әсері бар екенін есте ұстап, оған дайын болу керек. Жасанды интеллект уақыт үнемдеп, жұмысты жеңілдеткенімен қатар, авторлық хұқық, жалған ақпарат, ақпараттық қауіпсіздік жағынан да қатерлер туғызуы мүмкін. Сондықтан заңнамалық реттеу де болуы керек. Биыл жылы Парламентте Жасанды интеллект жөніндегі арнайы заң жобасын қарау жоспарда бар”,-деді ол. Сенатордың айтуынша, ЖИ өңірлік журналистика, басылымдарды жаңа деңгейге көтеру мүмкіндігі зор.

Өз кезегінде дөңгелек үстелге қатысқан университет ректоры Әлімжан Игенбаев та жаңа технологияның мүмкіндігін атап өтті.  Сондай-ақ "Президент және халық" газетінің бас редакторы Марат Тоқашбаев, «Бас редакторлар клубы» ҚБ вице-президенті Нұрбол Төлебаев, медаисарапшы әрі оқытушы Есенгүл Кәпқызы, Qaz365 сайтының бас редакторы Бауыржан Карипов жасанды интеллекттің даму барысы мен әсіре туралы сөз қозғады. 

 

«Жасанды интеллект – бүгінгі журналистиканың ажырамас бөлігіне айналуда. Бұл технологияның мүмкіндіктерін дұрыс пайдалана білу кәсіби журналистиканың дамуына жаңа серпін береді», – деді «Alatau Aqparat» медиахолдингінің бас директоры Ержан Қалымбайұлы екі жылдан бері контент өндіру үдерісінде жасанды интеллекті пайдалану тәжірибесін бөлісті.

Форумда жасанды интеллекттің қазақ медиа кеңістігіне ықпалы, оның журналистикадағы жаңа мүмкіндіктері жан-жақты талқыланды. Цифрлық медиадағы трендтер мен ақпараттық қауіпсіздік мәселелері де назардан тыс қалмады. Спикерлер жасанды интеллекттің журналистикаға әкелген өзгерістерін, контент өндірісіндегі автоматтандыру мен медианың болашақ форматтарын сөз етті.

Өз кезегінде журналистика мамандығында білім алып жатқан  студенттер жасанды интеллект көмегімен әзірленген жобаларын көрсетті. Алдағы уақытта жасанды интеллект «Журналистика» мекбетінде арнайы пән ретінде оқу жүйесіне енгізілмек.

Сонымен қатар, студенттер мен медиа мамандары арасында ашық пікірталас өтіп, жас журналистер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Ақпараттық манипуляция, фактчекинг, этика және жасанды интеллекттің медиадағы орны сияқты тақырыптар талқыланып, сарапшылар өз тәжірибелерімен бөлісті.

Форум қорытындысы бойынша қатысушылар жасанды интеллекттің қазақ медиасының дамуына ықпалы үлкен екенін, бірақ оны тиімді әрі жауапкершілікпен пайдалану қажет екенін атап өтті. Бұл жиын медиа саласындағы мамандар мен жас журналистер арасындағы диалогтың маңызды екенін және осындай кездесулердің сала дамуына ықпал ететінін көрсетті.

Іс-шара студенттерге тәжірибелі журналистерден үйренуге, медиа саласындағы жаңа технологияларды зерттеуге және болашақтағы кәсіби бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жасанды интеллект #Бас редакторлар клубы #Журналистика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика