Қоғамнан орнын тауып, лайықты мамандық иесі болу әрбір азаматтың парызы екені белгілі. Бүгінде Президентіміз де еңбек адамдарын насихаттап, осы бағытта қолдаулар көрсетуде. Сондықтан әрбір азамат өмірлік таңдауға жауапкершілікпен қарауы маңызды.
Мемлекеттің осы саясатын басшылыққа алған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті осы бағыттағы әлемнің жетекші университеттерінің тәжірбиелерін зерттеп, олардың маңызын сараптайды. Мұндай зерттеулер мен көрсеткіштер осы білім шаңырағының әлемдік білім беру нарығындағы жоғары бәсекеге қабілеттілігінің айқын дәлелі болып табылады.
Бүгінде оқу орны отандық және халықаралық еңбек нарықтарында бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие мамандарды қамтамасыз етіп келеді. Яғни жұмыс берушілер мен оқу орны арасында нақты байланыс орнаған. Жұмыс берушілер өндірістік тәжірбиелерге қатысып, мемлекеттік аттестаттау комиссияларының құрамында болады. Бұл үлкен маңызды жаңаша қадам әрі ол оқу сапасына әсер етеді.
Осылайша, жұмыс берушінің университеттегі білім беру процесінің сапасын басқару жүйесіне белсенді қатысу қажеттілігі үлкен маңызға ие.
Жұмыс берушінің мүдделі тарап ретіндегі ерекшелігі екі бағытт бойынша сипатталады: олар ЖОО-ның білім беру қызметтерін тұтынушылар, екінші жағынан, осы қызметтердің жекелеген түрлеріне тапсырыс берушілер. Мысалы «Нұр Темір Транс» ЖШС компаниясы логистикалық қызметтер нарығында он жылдан астам жұмыс істейді әрі осы бағыттағымамандардың сапасын арттыруға мүдделі. Жыл сайын компания өндірістік тәжірбиеден студенттері өткізіп отырады. Бұл әл-Фараби атындағы оқу орнымен орнаған ынтымақтастықтың нәтижесі. Бұл жас мамандар үшін үлкен қолдау.
Аталмыш көлік компаниясы әлемнің кез келген нүктесінен автомобиль, теміржол, теңіз және әуе көлігімен жүктердің барлық түрлерін жеткізу бойынша логистикалық қызметтердің толық кешенін, соның ішінде жүктерді қоймалау, кедендік ресімдеу, сақтандыру және толық сүйемелдеу қызметтерін көрсетеді. Бұл жас мамандар үшін өмірлік тәжірбие, болашақтанына нақты қадам болуда.
Университет кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамының жұмыс берушілерімен бірлесіп әзірлеген, логистика мен маркетинг бойынша бағдарламасы қазіргі заман талабына лайықты. Кәсіптік пәндерді қалыптастыру, жұмыс берушілердің талаптарын ескеру, жұмыс берушілердің мүдделерін ескеру, білім беру бағдарламаларының жаңартылуы осы саладағы негізгі артықшылықтар болып саналады.
Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру үшін кафедрада да «Smart Marketing and Logistics» орталығы жұмыс істейді. Орталық оқытушылардың біліктілігін арттыруға, жұмыс берушілермен ынтымақтастықты кеңейтуге, жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдарымен халықаралық ынтымақтастықты күшейтуге, магистранттар мен докторанттарды зерттеу қызметіне тартуға, ғылыми зерттеулерді коммерцияландыруға бағытталған. Жұмыс беруші компнияның қызметкерлері Жібек жолы контекстінде экономикалық белдеудің көліктік-логистикалық инфрақұрылымы мен маркетингтік қызметтері мәселесіне арналған конференцияларға да қатысыпғ өз тәжірбиелерін юөлісіп отырады.
Бұл жұмыс беруші еңбек нарығын дамытуда білім беру бағдарламасын әзірлеу мен іске асырудың барлық кезеңдеріне белсенді қатысып, ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік салаға да өз үлестерін қосады.
«Бизнес-технологиялар» кафедрасының доценті м. а. Қажымұратова А., кафедрасының аға оқытушысы-Болтаева А., кафедрасының оқытушысы-Каранова Ж.
«Нұр Темір Транс» ЖШС бас қызметкері-Бичашев