ffin.kz

Еліміздің еңбек нарығында жоғары білікті мамандар сұранысқа ие

Еліміздің еңбек нарығында жоғары білікті мамандар сұранысқа ие Сурет: Kaznovosti.kz

Жұмыс іздеушілердің де саны артқан.


Қазақстанның еңбек нарығында жоғары білікті мамандар мен қызмет көрсету саласы қызметкерлерін жұмыспен қамту артып келеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігініне сілтеме жасап.


2022 жылдың екінші тоқсанында Қазақстанның еңбек нарығында жоғары білікті мамандар (2,1 млн адам) мен қызмет көрсету саласының қызметкерлері (1,3 млн адам) арасында жұмыспен қамтудың өсуі байқалады. Бұл ретте, тұтастай алғанда, жұмыс күшінің экономикалық белсенділігінің тұрақты өсуі байқалады.


2022 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда, осы жылдың екінші тоқсанында жұмыс күшінің саны 10,7 мың адамға немесе 0,12% - ға өсіп, 9,3 млн адамды құрады. Егер өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстыратын болсақ, онда жұмыс күшінің 23,7 мың адамға немесе 0,26% - ға өсуін атап өтуге болады.



«Дәстүрлі түрде жұмыспен қамтудың негізгі өсімі жалдамалы жұмысшыларға тиесілі болды, олардың саны жылдық динамикада 0,3% - ға өсті, алайда тоқсан ішінде 0,2% - ға төмендеп, 6,7 млн адамды құрады. Өзін – өзі жұмыспен қамтығандардың саны бір жылда 0,13% - ға, ал тоқсан ішінде 1,2% - ға артты. Бұл ретте жылдық серпінде жалдамалы жұмыскерлердің абсолюттік өсімі өзін – өзі жұмыспен қамтығандардың өсімінен 8 есе асып түсті», – деді «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Басқарушы директоры Александра Молчановская.



Жалдамалы жұмыспен қамту құрылымы көбінесе тұрақтылықты сақтай отырып, маусымдық өзгерістерді көрсетеді, яғни белгілі бір мерзімге және белгілі бір жұмыс көлеміне жұмыс істейтін жалдамалы адамдардың саны артып келеді.


Осылайша, тұрақты жұмыс орны бар жалдамалы қызметкерлердің саны жылдық және тоқсандық динамикада тиісінше 0,5% - ға және 1,2% - ға төмендеп, 6,3 млн адамды құрады. Бұл ретте шарттың белгілі бір мерзімі бар қызметкерлердің өсуі жыл ішінде +56% - ды және тоқсан ішінде +8% - ды құрады, осылайша олардың саны 248,4 мың адамға дейін өсті, ал белгілі бір жұмыс көлеміне жалданғандар саны жыл ішінде +78% - ға және тоқсан ішінде +33% - ға 100 мың адамға дейін өсті.


«Басқа жұмыс іздеп жүрген адамдардың саны артқанын айта кету керек. Олардың салыстырмалы түрде аз санына қарамастан – барлығы 15,8 мың адам, бір жыл ішінде олардың саны 38,6%-ға, ал тоқсан ішінде – 34,2% - ға өсті, бұл азаматтардың кәсіби ұтқырлығының артуын көрсетеді,», – деп бөлісті Александра Молчановская.


Егер елдегі өзін-өзі жұмыспен қамту сапасын қарастыратын болсақ, онда олардың табысының қысқаруы тренді айқын көрінеді. Мәселен, жылдық кезеңде өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың өсуі негізінен нәтижесіз жұмыспен қамтудың 13% - ға немесе 21 мың адамға өсуі есебінен болды. Ал өткен жылдың ұқсас кезеңінде нәтижелі жұмыспен қамтудың 1% - ға немесе 18 мың адамға төмендеуі байқалды. Тоқсандық динамикада екі көрсеткіш те өскенімен, нәтижелі жұмыспен қамту – 1%-ға, өнімсіз жұмыспен қамту – 2% - ға өсіп, тиісінше 1,9 млн адамды және 176,5 мың адамды құрады.


Кәсіптер топтары бөлінісінде неғұрлым елеулі үлесті кәсіби мамандар (23% немесе 2,1 млн адам), қызмет көрсету және сату саласының қызметкерлері (14% немесе 1,3 млн), біліктілігі жоқ жұмысшылар (16% немесе 1,4 млн) құрайды. Бұл ретте жылдық серпінде барлық қалған топтарда Жұмыспен қамтудың өсуі аясында орташа білікті мамандардың (-1,1 п.т.), өнеркәсіп, құрылыс және көлік жұмысшыларының (-0,3 п. т.) және біліктілігі жоқ жұмысшылардың (-1,5 п. т.) үлестерінің қысқаруы байқалады.


Оқушылар мен егде жастағы адамдар арасында тоқсандық және жылдық динамикада жұмыспен қамтудың өсуін атап өтуге болады. Сонымен, егер мектеп оқушылары жағдайында бұл ішінара жазғы демалыстарға байланысты болса, онда 65 жастан асқан адамдар үшін себептер қосымша табыс қажеттілігінен кәсіби сұранысқа дейін өзгеруі мүмкін. Мәселен, 15 жастағы жұмыспен қамтылғандар саны жылдық динамикада 3,5 есеге және тоқсандық динамикада 8,2 есеге артып, 1,1 мың адамды құрады, ал зейнеткерлік жастағы адамдар (65 жастан жоғары) – 23% – ға және 74% - ға тиісінше 95,3 мың адамға дейін құрады.



«Білім беру деңгейі бойынша жұмыспен қамту құрылымы өзгеріссіз қалды – бұрынғысынша орта кәсіптік білімі бар жұмыспен қамтылғандардың үлесі басым (49%), екінші орында (44%)-жоғары білімі барлар және ең аз үлес тек мектеп білімі барлардың еншісінде (7%)», – деді Александра Молчановская.



Елдегі жұмыссыздық жыл бойы 4,9% деңгейде тұрақты болып қалуда. Жұмыссыздар саны бір жылда 0,1% - ға немесе 592 адамға өсіп, тоқсанда 1,2 мың адамға (-0,3%) қысқарды. Айта кету керек, 29-34 жас аралығындағы әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 6,7-ден 8,1% - ға дейін, әсіресе ауылдық жерлерде 5,8-ден 9,9% - ға дейін өсті.


Өңірлік бөліністе жұмыссыздық деңгейі іс жүзінде өзгерген жоқ, Маңғыстау облысын қоспағанда, онда осы көрсеткіш бір тоқсанда 4,9% - дан 5,1% - ға дейін өсті, бұл да жалпы ел бойынша жоғары.


Бірінші тоқсанмен салыстырғанда, бұрын тамақтану бойынша қызмет көрсету саласында жұмыс істеп, жұмыссыз қалғандар саны 60%-ға, қаржы және сақтандыру саласында – 34,3%-ға, көлік және қоймалау саласында – 34%-ға өсті. Бұл ретте жылжымайтын мүлік саласындағы жұмыссыздар саны 63,2%-ға, кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет саласында – 26,8%-ға, құрылыста – 21,1%-ға төмендеді.


 


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04