AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде ұшақта музыкалық аспаптарды тасымалдау та...

Елімізде ұшақта музыкалық аспаптарды тасымалдау талаптары қаралған ба?

Әлеумет 15.03.2023, 11:21 933
Елімізде ұшақта музыкалық аспаптарды тасымалдау талаптары қаралған ба?
Сурет: Sknews.kz

Кейінгі уақытта ұшаққа мінемін деп музыкалық аспаптарын сындырып алу жағдайлары жиілеген.


Әсіресе, эстрада өкілдері әлеуметтік желіде жазып, наразылық білдіруде. Яғни, домбырасын немесе гитарасын жүк салғышқа салып, кейін қираған күйі алып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап. 


«Енді не істейміз?» деген жырмен танылған Айшолпан енді не істерін білмей жүр. Ұшаққа мінемін деп, домбырасын екінші рет сындырып алған.



«Біз сындырмай өзіңізге тапсыруға уәде береміз деп домбырама әйнек дегенді жабыстырып берді. Алматыда домбырамды күтіп алғанда сынып шықты мойыны. Домбырам млн тұрады. Енді оны өтей ма, өтемей ме, бір құдай біледі», - дейді айтыскер ақын Айшолпан Төлеутай. 



Әнді әуелетуге арналған аспаптарын әуеге әкете алмағандардың бірі – әнші, Роза Әлқожа. Ол да әуе компаниялардың талап-шартына наразы.



«Астанадан-Шымкентке ұшайын десек, домбыра мен гитараны алуға болмайды дейді қолға. Домбыраны алайық, сыяды ғой десек, жоқ бізде ондай заң жоқ, жүкке өткізесіздер дейді. Қалай десек, домбыраға 7 мың, гитараға 7 мың төле дейді», - дейді әнші Роза Әлқожа. 



Ұшаққа жүкті қабылдау тәртібі әр жерде әртүрлі. Негізгі айырмашылық – аспаптың көлемінде.



«Гитара, домбыра сияқты аспаптарды қол жүгі ретінде рәсімдеуге болады. Арнайы футляр ішінде болғаны абзал. Егер музыкалық аспап виолончель сияқты үлкен болса, жолаушы билет алар кезде қосымша аспабы үшін қосымша орын алу керек», - дейді әуе компаниясының менеджері Эльвира Нұрбаева. 



Жалпы, еліміздегі әуе компанияларына жүкті, оның ішінде музыкалық аспаптарды тасымалдауға қатысты ортақ талап немес заң жоқ. Әр компания ұшақтарының техникалық мүмкіндіктеріне қарай өз бетінше шешім қабылдайды.



«Егер тасымалдау кезінде жолаушы қандай да бір ақауды анықтаған жағдайда, сол мезетте авиакомпанияның өкілімен бірге жүктің ақауы туралы тиісті актіні толтыру керек. Сол құжаттың негізінде шығындарын талап етуге құқығы бар», - дейді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Халықаралық әуе қатынасын реттеу басқармасының басшысы Әділет Көбенов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#ұшақ #музыкалық аспап #тасымалдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жексенбіде еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Бүгін 11:04

Ақмола облысында бұрынғы сыныптасына пышақпен шабуыл жасаған күдікті ұсталды

Бүгін 10:30

Блогер Руслан Жанпейісов 4 тәулікке қамауға алынды

Бүгін 09:41

Көлсайда тұрақта тұрған автокөлік өздігінен орнынан қозғалып, еңіске сырғып кеткен

Бүгін 09:22

Келешек мектептерінің оқушылары «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Кеше 18:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика