Сайлау саяси науқан болып табылады. Бірақ Президент сайлауы туралы сөз болғанда, мұның саяси ауқымы, елдік мұраты, халықтық қасиеті барынша кең ауқымға айналады. Өйткені халық қашанда әділ сайлау мен әділетті сенімге иек артқан. Сол арқылы өзінің де болашақ баянына сенімділік тұғырын орнықтырған. 2022 жылдың 1 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл күзде кезектен тыс президент сайлауы өтетінін мәлімдеді.
«Мен биылғы күзде кезектен тыс президент сайлауын өткізуді ұсынамын. Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет. Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс президент сайлауына баруға дайынмын», - деді Президент Қазақстан халқына Жолдауында.
Президенттiкке кім кандидат бола алатыны жайлы тоқтала кетсек, Конституцияға сәйкес, Қазақстан Президенті болып тумысынан республика азаматы болып табылатын, 40 жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген, Қазақстанда соңғы 15 жыл бойы тұратын және жоғары білімі бар республика азаматы сайлана алады. Одан бөлек, «Сайлау туралы» Конституциялық заң бойынша, мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы мемлекеттік лауазымдарда кемінде 5 жылды құрайтын жұмыс тәжірибесі болуы, сондай-ақ белсендi сайлау құқығына ие болуы тиiс.
Сайлау мерзіміне тоқтала кететін болсақ, ел Президентін жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды. Алайда жуырда Қасым-Жомарт Тоқаев Президент мандатын 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынды. Яғни қайта сайлануға тыйым салынады.
Биыл бізде 6 үміткер бар: Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы, Қажыкен Мейрам Зекешұлы, Дайрабаев Жигули Молдахалықұлы, Абден Қаракат Жақсылыққызы, Тұрсынбекова Салтанат Пархатқызы, Әуесбаев Нұрлан Сатыбалдыұлы.
Жеңімпаз дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 50%-нан астамының дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледі. Егер кандидаттардың бірде-бірі көрсетілген дауыс санын ала алмаса, қайтадан дауысқа салынады, оған көп дауыс алған екі кандидат қатысады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың ең көп дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледі.
Президенттің Қ.-Ж. Тоқаевтың кезектен тыс сайлау өтқізуеінің себебі неде деген сұрақ көпшіліктің көкейінде жүргені жасырың емес. Оған әртүрлі пікір бар қоғамда. Соның бірі, көпшілікке мәләм, өзінің биылғы халыққа Жолдауында Президент қазіргі жағдайда қазақстандық экономиканың даму бағыты мен сапасын түбегейлі өзгерту міндеттерін белгіледі. Осы мақсатта аталған әлеуметтік-экономикалық реформаларды нәтижелі өтуі мақсатында елде 2022 жылдың 5 маусымында республикалық референдум өтті.
Кезектен тыс сайлаудың халық әділ өткенін қалайды, ал жаңа президенттен еліміздің көркейіп дамуын, әл-ауқытымыздың көтерілуін күтеді. Қазіргі Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаның жасап жатқан саясаты халыққа ұнайды, егер сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаев Кемелұлы жеңетін болса, онда халық қазіргі саясаттың әрі қарай жалғаса бергенін қалайды. Президенттік сайлау әр қашан еліміз үшін тарихи сәт болып қалады. Тарихи сәтте таңдаулы кезеңді үлкен үмітпен күтіп, осы жолда азаматтық даусымызды ашық білдірейік! Бұл сайлау әрбір қазақстандыққа үлкен жауапкершілік, азаматтық борыш болып саналады. Мемлекет дамуында мемлекеттік қызмет жүйесінде ұзақ жылдардан бері келе жатқанда байқалған бір ақиқат: Президент сайлауы - елдің болашағы. Ел болашағы - тұлғаның қолында, тұлғаның болашағы – елдің жолында!