Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда жол апаттары көбейді: биыл 2 мыңға жуы...

Қазақстанда жол апаттары көбейді: биыл 2 мыңға жуық адам көз жұмды

Әлеумет 14.11.2025, 16:21 430
Қазақстанда жол апаттары көбейді: биыл 2 мыңға жуық адам көз жұмды
Сурет: Ortcom.kz

Қазақстанда биыл жол қауіпсіздігі ахуалы күрделі болып отыр, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ғалым Сарғұловтың мәлімдеуінше, 2024 жылдың басынан бері 29 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы орын алып, салдарынан 1 916 адам көз жұмған, 40 мыңнан астамы түрлі жарақат алған.

Спикердің айтуынша, апаттардың негізгі себептері жылдар бойы өзгермей келеді:
– жылдамдықты шамадан тыс асыру;
– мас күйінде көлік жүргізу;
– жаяу жүргіншілердің жолды белгіленбеген жерден кесіп өтуі;
– жүргізушілер тәртібінің төмендігі.

Тек жоғары жылдамдықтың кесірінен 406 адамның өмірі қиылған. Қарсы жолаққа шығудан – 400, жолды рұқсат етілмеген жерден өтуден – 67 адам қаза тапқан.

Жолдағы тәртіпсіздік көлемі де алаңдатарлық
Жыл басынан бері:
– 12 млн-нан астам жол ережесін бұзу дерегі анықталды;
– 21 мың мас жүргізуші ұсталды;
– 25 мың адам жүргізуші куәлігінен айырылды;
– 21 мың азамат әкімшілік қамауға алынды;
– 401 мың жаяу жүргіншіге айыппұл салынды.

Сарғұловтың айтуынша, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында цифрлық бақылау күшейтіліп жатыр. Қазір:
– 523 мобильді бақылау кешені жұмыс істейді;
– «жасырын патруль» әдісі қолданылады;
– дрондар арқылы 4 мыңнан астам құқықбұзушылық тіркелген;
– барлық камералар мен цифрлық жүйелер «ТОР» платформасына біріктірілген.

Бұл технологиялар іздеудегі көліктерді анықтауға, агрессивті жүргізушілерді бақылауға, үздіксіз ұзақ жол жүрген «шаршаған жүргізушілерді» белгілеуге мүмкіндік береді.

Орташа жылдамдықты бақылау да күшейтіледі.
Қазір ұзындығы 2 мың шақырым болатын 8 тасжолда орнатылған жүйе алдағы уақытта тағы 10 ірі бағытта іске қосылады. «Астана–Щучинск» және «Астана–Қарағанды» трассаларына 56 LED ақпараттық белгі орнатылып, ауа райына байланысты жылдамдық өзгертілетін режим енгізілді.

Жаяу жүргіншілер қауіпсіздігі - басым бағыт.
Жүргіншілерге жол бермеу деректерін азайту үшін арнайы автоматтандырылған кешендер орнатылуда. Қарағанды облысында мұндай 22 кешен жұмыс істеп, 7 мыңнан астам бұзушылықтың жолын кескен. Ең маңыздысы - орнатылған аймақтарда бірде-бір жол апаты тіркелмеген. Бұл тәжірибе тағы бес өңірде жүзеге асырылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #жол #апаттар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика