Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / “Екі қолы байлаулы адам өзіне қол жұмсауы мүмкін б...

“Екі қолы байлаулы адам өзіне қол жұмсауы мүмкін бе?“ Арман Дүйсеновтің әйелі ұлының қазасы туралы

Әлеумет 14.11.2025, 14:35 616
“Екі қолы байлаулы адам өзіне қол жұмсауы мүмкін бе?“ Арман Дүйсеновтің әйелі ұлының қазасы туралы
әлеуметтік желі

Марқұм Арман Дүйсеновтің әйелі Айсұлу Айданқызы ұлының қазасы туралы алғаш рет айтып, Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық арыз жолдады, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Ол бұл туралы Аман Тасығанға берген сұхбатында бөлісті.  Айсұлудың айтуынша, 2024 жылғы 7 қазанда оның 21 жастағы ұлы Абылай Дүйсен өлі табылған.

"Екі қолы артына байлаулы адам өзіне қол жұмсауы мүмкін бе? Тергеу барысында көптеген дерек анықталды, бірақ нақты шешім әлі жоқ. Бостандық аудандық полициясы да анық жауап бере алмады", – дейді ол.

Марқұмның анасы тергеу кезінде Абылайдың өліміне қатысты бірнеше материал тіркелгенін, алайда істің толық ашылмағанын айтады. 2025 жылғы 24 қазанда Бостандық аудандық соты Айсұлу Айданқызы, оның 13 жастағы баласы және 83 жастағы әкесін тұрып жатқан пәтерден шығару туралы қаулы шығарған.

Оның айтуынша, пәтерге таласып отырған Мұқаш Санжар (марқұм Абылайдың досы - еск.) тергеу кезінде бұл пәтерді сатып алмағанын, тек Абылайға қарыз ақша беріп, пәтерді кепілге алғанын мойындаған. Бұл дерек 2024 жылғы 15 қазан және 2025 жылғы 30 шілдедегі тергеу сотының қаулыларында көрсетілген.

"Сот сатып алу–сату келісімшартын жарамсыз деп тануы керек еді. Ал WhatsApp жазбаларында Санжардың Абылайға 65 миллион теңгені өте жоғары пайызбен қарызға бергені анық көрінеді. Сот шешімі заңға қайшы", – деді Айсұлу Айданқызы.

Ол істің әділ қаралуына ықпал етуін сұрап, мемлекет басшысына ашық өтініш жолдады:

"Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, сот төрелігінің әділ болуына көмектесуіңізді өтінемін", – деп аяқтады композитордың жары.

Еске салайық, қайтыс болған Арман Дүйсеновтің ұлының өліміне қатысты қылмыстық іс былтыр қазанда қозғалған болатын.  

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Арман Дүйсенов қазасы #Ұлы #өлім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

8848 театры – «Бақыт үлкен болмайды» атты жаңа премьераны көрерменге ұсынбақ...

Бүгін 18:02

Доллар бағамы төмендеді

Бүгін 17:27

Зейнетақыдан 20 пайыз ұсталады деген рас па?

Бүгін 17:18

Алматы қорығындағы қоңыр аюлар ерте оянды

Бүгін 17:06

Алматылық гимнасттар 20 медаль жеңіп алып, командалық есепте бірінші орын иеленді

Бүгін 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика