Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Демалыс орындарына өз тамағыңызды алып кіру қаншал...

Демалыс орындарына өз тамағыңызды алып кіру қаншалықты заңды немесе заңсыз?

Керек кеңес 10.07.2025, 10:16 670
Демалыс орындарына өз тамағыңызды алып кіру қаншалықты заңды немесе заңсыз?
Сурет: Unsplash

Жаз басталысымен адамдардың көбі саябақтар, жағажайлар, бассейндер, түрлі демалыс аймақтарына қарай ағылады. Отбасылық демалысқа шығатындар немесе жақын таныстарымен басқосулар ұйымдастыратындар мұндай кезде қалтаға салмақ түспес үшін көбіне тамақты өзімен бірге дайындап ала барғанды жөн көреді.  Ал осы салада кәсібін дөңгелетіп отырғаннан кейін кәсіпкерлер көбінесе келушілер үшін бар жағдайды жасап, түрлі ас мәзірі көрсетілген өз тағамын ұсынады. Келушілердің өзімен әкелген тағамдарын, тіпті сусынды демалыс аймағына кіргізуге рұқсат етпей жатады. Осындай кезде көпшілік мұның қаншалықты заңды немесе заңсыз екенін білмей жатады.

Жалпы ереже: неге рұқсат, неге тыйым?

Бұл сұрақтың жауабын ҚР Сауда және интеграция министрлігінің ресми өкілі Тойгүл Жұбанисовадан білдік. Оның айтуынша, Қазақстан заңнамасына сәйкес, әрбір кәсіпкер өз бизнесінің ішкі ережесін орнатуға құқылы.

"Бұл дегеніміз — кәсіпкер өз аумағына тамақ алып кіруге рұқсат беруі де, тыйым салуы да мүмкін. Алайда бұл шектеулер заңды түрде алдын ала айтылуы керек"

 Тамақ алып кіруге болады, егер:

         •        Билет сатып аларда ешқандай тыйым туралы айтылмаса;

         •        Кіреберісте, көзге көрінетін жерде  ережелер жазылып тұрмаса;

         •        Қызмет көрсетуші сізбен шарт жасаспас бұрын талаптарды түсіндірмесе.

 

Мұндай жағдайда сіз демалыс аймағына өз тамағыңызды алып кіре аласыз. Егер кейіннен сізге «тамақпен кіруге болмайды» деп айтса — бұл заңсыз әрекет болып саналады.

 

Тамақ алып кіруге болмайды, егер:

         •        Билет сатып аларда қызмет көрсетуші:

         •        «Сырттан тамақ алып кіруге болмайды» деп алдын ала ескертсе;

         •        Бұл талапты жазбаша келісімшартқа енгізсе;

         •        Кіреберісте көрнекі хабарландыру орнатса.

Мұндай жағдайда сіздің демалыс орнының ережесіне бағынуыңыз — заңды талап.

 

Бұл қандай келісім?

Бұл — жария оферта немесе ауызша/жазбаша келісімшарт. Сіз билет алып, демалыс орнына кірген кезде сол орындағы талаптармен келісесіз. Егер талаптар алдын ала айтылса — олар заңды күшке ие болады.

 

Бұндай тыйым не себепті болуы мүмкін? 

         1.      Санитарлық қауіпсіздік – сырттан келген тағамнан улану болған жағдайда, кім кінәлі екенін дәлелдеу қиын.

         2.      Коммерциялық себептер – кәсіпкердің өз асханасы, дәмханасы болса, ол сіздің сол жерде тамақтанғаныңызды қалайды. 

         3.      Жауапкершіліктен бас тарту – сырттан келген тағам сапасына кәсіпкер жауап бере алмайды.

 

Тұтынушы құқығы:

         •        Тұтынушы барлық шарттармен алдын ала танысуға құқылы.

         •        Егер шарттар алдын ала айтылмаса, кейін қойылған талаптар күшін жойған болып саналады.

         •        Кез келген жағдайда тұтынушыны шатастыруға немесе алдауға жол берілмеуі керек.

 

Саябақ, бассейн, клуб немесе демалыс базасына өзіңізбен бірге тамақ апарғыңыз келсе, билет алар кезде ережелерді нақтылап алған жөн. Егер сізге ешқандай шектеу айтылмаса және жазбаша түрде көрсетілмесе – өз тамағыңызды алып кіруге құқылысыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Демалыс орындары #тамақ алып кіру #тұтынушы құқығы #кәсіпкер құқығы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының коммуналдық қызметтері «Қайрат – Астана» матчінде тазалықты қамтамасыз етті

Бүгін 21:22

Алматыда «Қайрат» – «Астана» матчінен кейін жанкүйерлер еріктілермен бірге стадионды тазалады

Бүгін 21:05

Ұзақ күткен матч: Алматыда “Қайрат” пен “Астана” кездесіп жатыр

Бүгін 20:15

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26

Сағындық Тоғамбай Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Бүгін 16:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика