Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Демалыс күндері қайда баруға болады?

Демалыс күндері қайда баруға болады?

Керек кеңес 20.11.2022, 05:16 4,006
Демалыс күндері қайда баруға болады?

Алматы қаласы әсем тауларымен, жасыл желегімен  туристердің таңданысын тудырып келеді. Алайда көпшілік біле бермейтін табиғаты әсем жерлер де жетерлік. Бүгінде қала әкімдігі туристік инфрақұрылымды дамыту мақсатында ескіріп, тозып кеткен жерлерді қайта қалпына келтіруде. Қазіргі уақытта ол жерлерде қала тұрғындары  спортпен айналысып, тынығып, демалуда. Осы ретте оқырмандар назарына әсемдігімен көздің жауын алатын саябақтар мен демалыс орындарын ұсынсақ.


                                 КҮЙГЕНСАЙ БҰЛАҚТАРЫ


Күйгенсай, яғни халық арасында Горельник атауымен танымал минералды су бұлақтары Медеу шатқалынан жоғары орналасқан. Демалыс орнына жету үшін  қаладан оңтүстікке қарай 18 шақырым  жол жүрсеңіз жеткілікті. Минералды судың жылылығы 20–22°С құрайды. Құрамы гидрокарбонатты сульфатты-натрийлі тұщы минералдардан тұрады. Су құрамында радон, кремний қышқылы бар. Сондай-ақ, тереңдігі 250 м ұңғымадан тәулігіне 800 м3-ге дейін шапшымалы жылы су алынады. Жақында ғана бастаудың жанынан жаңарған әрі кеңейтілген алаң қолданысқа берілген. Туристердің суға түсуіне арналған бөшкелер және спорт алаңы бұрынғыға қарағанда үш есе кеңейіп, жаңартылған. Жөндеу жұмыстарын кәсіпкер Сергей Спицын өз қаражаты есебінен жүргізген. Демалыс орнына жету үшін арнайы экокөліктер мен автобустар бөлінген.



«Шексіздікке» жетелейді


Кіші Алматы өзенінің бойында орналасқан «Тереңқұр» жаяу жүргіншілер алаңы өз елімізден бөлек, шетелдік туристердің де сүйікті мекеніне айналған.  Бұл маңайдан бүгінде  спортпен айналысатын, кофе ішіп, әңгіме-дүкен құратын  адамдарды жиі кездестіруге болады. Жаяу жүргіншілер жолы Керей–Жәнібек хандар көшесінің төмен жағындағы «Тереңқұр» бағынан бастау алып, әйгілі «Арман» кинотеатрынан аяқталады. Бүгінде жол жиегінде демалуға арналған ерекше стильдегі орындықтар, қазақы алтыбақан, теннис, мини-футбол, шахмат, дойбы үстелдері орналасқан.  Кей тастарда арнайы  жыл жануарлары бейнеленген. Жиектегі гүлдер мен ағаштардың мағлұматтары тақтайшаларға жазылған. Осы жол арқылы жастардың арасында «Шексіздік» деп аталатын жерге бардық. Ол жерде көбіне күннің батып бара жатқан бейнесін көруге ынтығады деседі. Сондай-ақ, көптің жанарын жаулаған түнгі Алматының бейнесін жақсы көруге болады. Сол жолға қайта түсіп, жоғары көтерілсеңіз, үйрек, аққулары бар тоғанға тап боласыз. Айналасы былтыр жаңартылған алаңда жас жұбайлар, жастар суретке түсуге арналған орын жасап алған. «Тереңқұрға» күз мезгілінде серуендеп қайтуға кеңес береміз.



 


Желтоқсаншылар саябағы


Республика күніне орай жұмыс барысымен «Жас қанат», «Маяк» ықшамаудандары орналасқан «Желтоқсан» саябағына барып қайттым. Саябақтың аумағы үлкен болғандықтан, тіпті адасып кеткен едім. Сол кезде скандинавиялық жүріспен жүгіріп жүрген бір ағамен танысып, саябақты аралап қайттық. Саябақта 13 ойын алаңы бар – 8 балалар және 7 спорт алаңы, оның ішінде воркаут алаңдары, мини-футбол және стритбол ойын алаңдары, сондай-ақ паркур ойын алаңы бар. Саябақтың басты ерекшелігі - Кіші Алматы өзенінен ағып келген көлшік бар. Ол жерде үйректерді де көруге болады. Сондай-ақ, Желтоқсан оқиғасы кезінде түсірілген фотолар ағаш тақтайшаларға ілініп, кішігірім музей жасалған. Сондай-ақ, демалатын, тамақтануға ыңғайлы орындар да бар.



 


Аллергиялық ауруларға ем


Кіші Алматы шатқалында  «Алма-арасан» демалыс аймағы орналасқан. Бүгінде бұл жерге өз елімізден бөлек, шетелдік туристердің де қызығушылығы ерекше. Бұл жерде де суға түсуге арналған бөшкелер мен спорттық алаңдар бар. Сондай-ақ, киім ауыстыруға арналған орындар мен шомылуға  арналған орындар қарастырылған. Үлкен ыдысқа су таудың 320 метр тереңдігінен ағып жатыр. Оның температурасы +26 градус. Мамандардың айтуынша, судың адам денсаулығына пайдасы зор. Бұл – емдік қасиеті бар, шипалы, тұзды су. Тері, буын сырқырауы және түрлі аллергиялық ауруларға емдік әсері мол. Тау тереңдігінен тәулігіне 760 текше метр су ағады екен. Қала мен Алма-арасанды байланыстыратын №211 автобус жүреді. Экспресс-бағыт Алма-арасанға дейін небәрі 6 аялдамаға тоқтайды. Жұма, сенбі және жексенбі күндері таңғы 8-ден кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Ал билет құны –  300 теңге. 7 жасқа дейінгі балаларға тегін болса, 7 мен 15 жас аралығындағы балалар 50 пайыз жеңілдікпен жүре алады. Жол жүру құнын қолма-қол ақшамен немесе «Оңай» картасы арқылы да төлеуге болады.



 


Роуп-джампингпен айналысам десеңіз


Соңғы уақыттары әлеужеліде биіктіктен секіріп, адреналин алып жатқан адамдардың видеосы тарап кетті. Секіру аймағы біздің қаламызда да бар екендігін білесіз бе? Ол «Сұңқар» трамплинінде орналасқан.  Бұл да спорттың бір түріне жатады. Оны роуп-джампинг деп атайды. Бұл трюктерді Gorilla Zipline аттракционында тартылған арқан арқылы төменге түсу, аспаннан құлдилап секіру арқылы байқап көре аласыз. Осылайша бойыңыздағы биіктікке деген қорқынышыңызды жеңіп, адреналин аласыз.  Алматыда роуп-джамперлердің секіретін бірнеше сүйікті орындары бар. Соның ішінде Алматы–Қонаев күре жолындағы тастанды құбыр, Алма-арасан шатқалындағы бөгет, Қарғалы өзенінің маңына секіргіштерге жиі жиналады.




Тарихи-этнографиялық кешен


Қаламыздың маңында «NOMAD» этноорталығы бар екендігін білесіз бе? Ол Алматы облысы, Үшқоңыр тауының етегінде ашық аспан астында орналасқан. Тарихи-этнографиялық кешенде  көшпелілердің дәстүрлі мәдениетіне терең бойлауға мүмкіндік бар. Қайта жаңғырған тарихты көріп, қолөнермен айналыса аласыздар. Мұнда әркім қылшықты және қылшықсыз кілемдерді тоқуды, киіз басуды, дәстүрлі қазақтың тағамдарын әзірлеуді үйреніп, кейіннен дәмін де тата алады.



 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#демалыс #орындар #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда AI Engineering бағдарламасының жаңа легі басталады: оқушылар жасанды интеллект пен жобалар жасайды

Бүгін 19:41

Алматыда жасыл желектерді ауқымды дәрілеу жұмыстары басталды

Бүгін 19:38

Махаббат пен парыз арасындағы тартыс: Алматыда «Шідер» детектив-драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 18:38

Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:17

Алматыда World Schools Team Championship 2026 Азия кезеңі басталды

Бүгін 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика