ffin.kz

Дамудың басым бағыттары

Дамудың басым бағыттары almaty-akshamy.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың 1 қыркүйегінде «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты кезекті Жолдауында еліміздің экономикалық саясатының сапалы дамуына, мемлекеттік басқару ісінің қайта жаңғыруына, сонымен қатар өнеркәсіп, білім мен ғылым, отандық бизнес салаларының да өзекті де маңызды мәселелеріне тоқталды.


Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арналған Жолдауының негізгі бөлігінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму жолына басымдық бере отырып, «Жаңа экономикалық саясат», «Нақты секторды дамыту», «Ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция», «Мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту», «Заң және тәртіп» секілді бес нақты бағдарға бөлген.



Президент өз Жолдауында халықтың әл-ауқатын арттыруды алға тарта отырып, жаңа экономикалық бағдардың басты бағыты ретінде жеке кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыруды, барлық адамдарға бірдей мүмкіндік беру арқылы бәсекелестікті дамытуды, сонымен қатар, ұлттық табысты әділ бөлу секілді кезек күттірмейтін басты міндеттерді атап өтті. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы көкейкесті мәселе ретінде ұлттық қордың қаржысын тиімсіз жұмсау тоқтатылатыны жайында: «Ұлттық қордың қаржысын тиімсіз жұмсау тоқтатылады. Бұл – өте өзекті мәселе. Қордың қаражатын аса қажет инфрақұрылымды дамытуға және еліміз үшін маңызы зор жобаларды қаржыландыруға жұмсаймыз», – деп, Ұлттық қордың басты қызметі мен оны ұтымды пайдалану жолын қадап айтты.



Жолдаудың «Ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция» атты үшінші бағдарында еліміздің басты құндылығы ретінде адам капиталына ерекше баға берілген. Бұл бағдарда қоғамның орнықты даму жолындағы ұлт саулығына, яғни денсаулық сақтау саласына баса мән беру керектігі сараланады. Бүгінгі таңдағы сақтандыру жүйесінің тиімділігі төмендеп, көпшілік халықтың медициналық қызметті толық көлемде ала алмай отырған кемшіліктердің келелі тұстарын сынға алды. Аталған олқылықтардың алдын алу негізінде ерікті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу мәселесін көтерді. Президент Үкіметке денсаулық сақтау саласын және жалпы әлеуметтік саланы қаржыландыру жүйесін қайта қарауды нақты тапсырды.



Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық маңыздылығын арттыруда жетекші рөл атқаратыны баршамызға мәлім. Сол себепті, Қ.К.Тоқаев ұлт сапасын жақсартуға жаңа қадам ретінде білім саласының ерекшелігіне басымдық береді. Табысты ұлт болудың тағы да маңызды шарты ретінде – орта білімнің сапасына басты назарын аударады. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуы тиістігін сараптап, осы негізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынатындығы жайлы ұтымды ойларымен бөлісті.



Жолдауда жастарға жан-жақты қолдау көрсетуді – мемлекетіміздің басты міндеті ретінде қарастыруды баса айтты. Жалпы, жастарды қолдауға ерекше басымдық беріліп, осы бағытта көптеген жобалардың іске асырылуы көзделіп отыр. Мұның басты айғағы ретінде еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылдан бастап 100 мың жастың жұмыспен орналасуына мүмкіндіктердің туындайтыны, жастарға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие берілетіндігі жайлы айтылды. Жастар мәселесіне қатысты айтылған ауқымды жобаларына жүйелі шаралар қабылданып, өз уақытында жүзеге асырылады деген сеніммен қараймыз.


Мемлекет басшысының әділетті Қазақстанды құру жолындағы көтерген негізгі бастамалары мен салмақты ойлары мемлекетіміздің өркендеп дамуына тың серпін беріп қана қоймай, жаңа мүмкіндіктер мен қоғамдық маңызды мақсаттарға жол ашатыны анық. Президент Жолдауында көтерілген түйінді мәселелер жүйелі түрде әрі дер кезінде орындалатын болса, қазақстандықтардың әл-ауқаты артатыны рас. Ұлт мүддесі мен жарқын болашаққа нық қадам басу жолында еліміздің әрбір азаматы «жұмылған жұдырықтай» берік ынтымақтастықта биік белестерді бірлесіп атқаруды ұмытпағаны абзал. Жаңа Қазақстанның жаңаруы мен жаңғыру жолында жасалынып жатқан жүйелі реформалар ел өркендеуінің берік негізі болады деп үміт артамыз.


 


 


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04