AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда Республика күніне орай әлеуметтік нысанда...

Алматыда Республика күніне орай әлеуметтік нысандардың күрделі жөндеуі мен құрылысы аяқталды

Барлығы 25.10.2025, 17:37 801
Алматыда Республика күніне орай әлеуметтік нысандардың күрделі жөндеуі мен құрылысы аяқталды
Сурет: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда Республика күні қарсаңында Құрылыс басқармасы тарапынан балабақшалар мен мектептердің жаңа ғимараттарын салу, күрделі жөндеу және қайта жаңарту жұмыстары аяқталды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Бостандық ауданында есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №137 түзету балабақшасы мен №87 балабақшада сейсмикалық нығайту және күрделі жөндеу жүргізілді. Сондай-ақ, 240 орындық жаңа балабақша ғимараты қайта жаңғыртылды. Жаңартылған нысандар заманауи топтық бөлмелермен, музыкалық және дене шынықтыру залдарымен, медициналық және тұрмыстық блоктармен жабдықталған. Барлық ғимарат балаларға жайлы әрі қауіпсіз болуына толықтай бейімделген.

Осы ауданда №73 мектеп-гимназиясы жаңартылды. Жоба аясында ғимараттың құрылымдары нығайтылып, қасбеті жылытылды, инженерлік жүйелер, шатыр және ішкі әрлеу толық жаңартылды. Мектепте заманауи оқу кабинеттері, кітапхана, медиатека және акт залы жасақталды.

Медеу ауданында балабақша ғимаратына сейсмикалық күшейтумен бірге күрделі жөндеу жүргізілді. Ішкі кеңістік жаңартылып, тәрбиеленушілер мен педагогтар үшін жайлы жағдай жасалды. Балаларға арналған ойын және ұйқы бөлмелері, ас блогы мен медициналық бөлім жабдықталды.

Наурызбай ауданында №174 мектеп-гимназиясына жаңа қосымша ғимарат салынды. Заманауи нысан мультимедиялық кабинеттермен, спорт залымен, буфетпен және демалыс аймақтарымен қамтылған. Сабақ өтетін бөлмелер жаңа техникалық құралдармен және интерактивті панельдермен жабдықталып, білім беру сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Барлық нысан қауіпсіздік, энергия үнемділік және жайлылықтың заманауи талаптарына толық сәйкес келеді. Бұл жобалардың жүзеге асырылуы Алматы қаласының әлеуметтік инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам болып табылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Әлеуметтік нысандар #жаңарту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);