AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Берері мол бес кітап

Берері мол бес кітап

Әлеумет 22.08.2023, 09:08 955 Almaty-akshamy.kz. 
Берері мол бес кітап
Сурет: ашық дереккөз

Шекара асып, шетел көру әр адамның арманы. Дегенмен, бұл әркімнің басына бұйыра бермейтіні анық. Ал жоспарлаған адам шетел аралап, ерекше әсерге бөленетіні анық. Жоспарлағандардың көбі арманын орындай алмай қалатыны жасырын емес. Сол үшін адам баласы кітап оқу арқылы өз қиялына жетуі бек мүмкін. Ендеше саяхатқа жаны құмар жандарға мотивация беретін бес кітапты оқып шықсаңыз олжаға кенелеріңіз анық. 


 «Сицилия: Тәтті бал, ащы лимондар» (Мэтью Форт)


Бұл кітап Мэтью Форт атты ер адамның Сицилияға саяхаты туралы. Ол италиялық Vepsa моделіндегі ескі мотороллермен аралды түгелдей шарлап шыққан. Бұл саяхат туралы роман, үлкен күнделік, ой толғау сияқты. Кітап сізді бей-жай қалдырмайды. Мәселен, кітаптың бір бөлімі Италиянікіне мүлде ұқсасмайтын Сицилияның асы туралы жазылған.


«Ақ жолбарыс» (Аравинд Адига)


«Ақ жолбарыс» - үндістан қоғамындағы тұлға аралық қатынас пен әлеуметтік проблемаларды - тамырын терең жайған жемқорлық, дәтүрге деген соқыр сенім, кедейшілік және тағы сол сияқтыларды сипаттайтын кітап. Оны оқу жеңіл тимейді, туындыны Үндістанға саяхат жасап, осы елді түсінгісі келетін адам қолына алған жөн.


«Тибеттегі жеті жыл» (Генрих Харрер)


Аустриялық саяхатшы әрі альпинист Генрих Харрердің автобиографиялық тарихнамасы. Ол Тибетте 1944 пен 1951 жылары, Екінші дүниежүзілік соғыс пен осы аймаққа Қытайдың басып кіргеніне дейін өмір сүрген. Кітап тибет халқы, оның бірізділігі мен мәдениеті туралы. Сонымен қоса, бұл елдің қалай Қытай провинциясына айналғаны сипатталады. Кейін жақсы досқа айналған Далай лама туралы да қызықты жазылған.


«Жолда» (Джек Керуак)


Бұл кітапты ұзақ уақыт бойы баспалар қабылдамаған екен. Алайда кейін ол америкалық прозаның классикасына қосылып, бит-ұрпақ әдебиетінің маңызды үлгісіне айналды. Кітапта Джек Керуак пен досы Нил Кэсседидің Құрама Штаттар мен Мексика жерлерін саяхаттауы жайлы.


«Касабланкадағы жыл» (Тахир Шах)


Бұл бұлтты күн райы мен Лондонның тіршілік ырғағынан мезі болған англиялық туралы. Ол отбасын алып Солтүстік Африкаға көшіп кетеді. Кітапта өзге елге сіңісіп кетудің қиындығы жақсы баяндалған, жергілікті халықтың тілін біле тұрғанымен сен бөгдесің, өйткені олардың салт-дәстүрі мен дәстүрі саған толық түсініксіз. Бұл кітапқа бір жақты баға берілмегенін айта кетейік. Бірі оны бүтіндей шаблон десе, өзгелері қатты тамсанған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кітап #саяхат #жоспар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Вечерний Алматы» газетінің жарық көргеніне 90 жыл толды

Бүгін 18:27

Саз әлемінің сардары дүниеге келген күн: Ахмет Жұбанов туралы сіз білмейтін 10 дерек

Бүгін 18:02

Алматыда инклюзия жүйесін құру жолдары талқыланды

Бүгін 17:47

Алматыда әкелер форумы өтті

Бүгін 17:43

Алматы базарларында ұлттық ойындар бойынша жастар фестивалі өтіп жатыр

Бүгін 17:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика