Оқытудың танымал әдістері мен сарапшылардың кеңестері
Баланың өздігінше кітап оқуына көмектесетін,үйрететін түрлі әдіс-тәсілдер көп, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Мамандар өмірге келгеннен кейін алғашқы жылдары-ақ ұлыңызға немесе қызыңызға кітап оқытуды үйрету керек десе, басқа бір кеңес берушілер бала 5-6 жасқа келгенше кітап оқыту ертерек деп санайды. Баланы өте ерте кітапқа баулудың несі дұрыс емес? Мектеп жасына дейінгі балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру үшін қандай жаттығулар көмектеседі? Бүгін осы тақырыпты өрбітіп көруді жөн санадық.
Сонымен баланы неше жасынан кітап оқуға баули беру керек?
Баланың туған кезінен алты жасқа дейін жетілуі сезімтал кезеңдерге бөлінеді деген теория бар
Бұл теорияның жақтаушылары Мария Монтессори және Лев Выготский деген ғалымдар еді. Олар әр бала тұрғылықты жеріне, байлығына, отбасы құрамына және басқа факторларға қарамастан, дамудың нақты сезімтал кезеңдерінен өтеді деген қорытындыға келді.
Алты жасқа дейін алты сезімтал кезең бар.
Баланың сензитивті кезеңдері
Выготский оқу қабілетінің сезімтал кезеңі балаларда бес-алты жаста басталады деп санайды, демек, дәл осы уақытта олардың кітап оқуды үйренуі оңай болады. Бірақ басқа маңызды дағдыларды игеруге бөлінген кезеңдерді алудың қажеті жоқ, әйтпесе бала екі дағдыны да дұрыс меңгермеуі мүмкін.
Психологиядан Smart халықаралық онлайн-институтының оқытушысы, психолог Евгения Асеева бала кішілеу кезінде алдына қойған міндетті атқара алмауы мүмкін екенін алға тартады.
«Ми құрылымдары біркелкі жетілмейді, әріптерді қосып оқуға, әріптерді тануға жауап беретін аймақтар мектепке дейінгі жаста даму сатысында болады, демек, балаларға қойылатын талаптар ақылға қонымсыз болады», — деп түсіндірді сарапшы.
Сонымен қатар, өте ерте жаста меңгерілген дағды тұрақсыз болуы мүмкін.
Сүйрелеп жүріп, оқуды ерте үйренген балалар мектепте оқуды мүлде меңгермегендерге қарағанда нашар оқитын жағдайлар да болып жатады. Сонымен қатар, механикалық оқу техникасынан бала не оқығанын түсінбеуі мүмкін.
Баланы өте ерте жастан оқуға үйретсе, ол оның оқу үлгеріміне әсер етуі мүмкін.
«Баланы төрт жасынан бастап та оқуға үйретуге болады. Бірақ баланы бұлай ерте жастан жүктеу оның есейген кезде кітаптан бас тартуына әкелуі мүмкін. Менің тәжірибемде мұндай жағдайлар өкінішке қарай болды. Кейбір балалар 10-11 жасқа келсе де, бірінші сынып оқушысынан бетер нашар оқып, буындап, ежіктеп отырады. Тіпті 16 жастағы балалар арасында да осындай жағдайлар кездеседі. Бірақ бұл балалардың бойында қандай да бір ауытқушылық бар деген сөз емес, шынтуайтына келгенде, бұл баланың жүйке жүйесіне шамадан тыс жүк түскенінің, бала ағзасының ішкі қарсылығының белгісі болуы әбден мүмкін», - дейді орыс тілі-және әдебиеті пәнінің мұғалімі Евгения Асеева.
Бұл жерде балалардың жеке ерекшеліктеріне назар аудару маңызды деген пікірде психологтар мен педагогтардың пікірлері бір жерден шығады. Кейбір бала үш жасынан-ақ әріптерге қызығушылық таныта бастайды, ал енді біреулері бес жасқа дейін әріп тұрмақ, сөздерді дұрыс айтпайды. Евгения Асееваның айтуынша, ең бастысы — процесті күнделікті қайталана беретін жалықтыратын әдетке айналдырмау.
Баланың кітап оқуға дайын екенін қалай білуге болады?
Кітап оқуды қолға алмай тұрып, бала:
Кітаптарға қызығушылық танытып, оған оқып беруді өзі сұрауы керек;
«оңға-солға», «жоғары-төмен» деген сияқты сипаттамаларды түсінуі керек;
Кітап парақтарын оқу барысы оңнан солға және жоғарыдан төменге қарай екенін түсінгені жөн;
Дыбыстарды ести отырып, қабылдап, оларды ажырата алуы тиіс;
Күрделі сөйлемдер құрып, өз ойын еркін жеткізе алуы керек.
Баланы кітап оқуға қалай дайындаймыз?
Сөйлеу құзыреті студиясының жетекшісі Антонина Девятова баланы ерте жастан кітап оқуға қалай баулуға болатынын және кітап оқуға деген құмарлықты қалай құртып алмауға болатынын айтты.
Баламен сөйлесіңіз
«Балаңызбен сөйлесіңіз: қарапайым және күрделі әңгімелер айтыңыздар, қысқа және ұзақ, бәрі туралы және ештеңе туралы, қызықты және маңызды емес жайттар туралы. Ересек адаммен диалог барысында ол сөйлеу құрылымдарының мысалдарын алады, сөйлеу барысында айтылған сөйлем құрылымдарының мағынасын түсінеді, ауызша мәтіндермен, олардың дыбысталуымен және қандай сөздер айтуға болатынымен танысады», — деп түсіндірді Антонина Девятова.
Баланы кітаптармен таныстырыңыз
Сарапшының пікірінше, баланы кітаптарды өз бетінше оқытудың қалдырудың қажеті жоқ - ересек адам қасында отырып, бірге оқуы керек. Сонымен қатар, балалар ұйқыға жатарда оларға дауыстап оқып беру керек. Бұл процесте бала өзіне ата-анасынан қажет назарды алады, сонымен қатар сөйлеу дағдылары мен логикалық байланыстарды дамытады, ал бұл дағдылар оқу сауаттылығына тікелей байланысты.
Балаларды әріптермен таныстырыңыз
«Балалар үшін таныс әріптерді саусақтарымен көрсету және оларды атау — бұл қызықты ойын. Бұл жағдайда бала әріптерді кедергісіз және қысымсыз есте сақтайды. Ауызша сөйлеуді дамыта отырып, ол таныс әріптерді буындарға қосуды оңай үйреніп, оларды атайды», - деп түсіндірді Антонина Девятова.
Балалардың бойына кітап оқуға деген құштарлықты қалай дарытуға болады?
Майя Дорофееваның сөзінше, балаларға кітапты жиі дауыстап оқып беру арқылы олардың кітапқа деген құмарлығын арттыруға болады. Бірақ ол үшін баланың жасына сай кітап таңдау керек. Сол кезде бала өзіне кітап оқып беруші анасын не әкесін қызыға тыңдайтын болады.
Орта мектеп жасына дейінгі жаста, яғни төрт-бес жастан бастап балалар сюжетті қабылдай бастайды, логикалық байланысты бақылай алады, кейіпкерлердің іс-әрекеттерін түсініп, оларға баға бере бастайды. Егер бала айтылған әңгімені тыңдағанды ұнатса, онда оның оқуды үйренуі оңайырақ болады, бұл болашақта сауаттылықты жақсартуға және эрудицияны дамытуға көмектеседі.
Ата-аналарға кеңес
1. Баламен әлемді танудың негізгі әдісі – ойын екенін ұмытпаңыздар! Сондықтан ойындардың бәрі көңілді болуы тиіс.
2. Жұмсақтық танытыңыз. Жылдам нәтижеге жетуді талап етпеңіз, бала барлық оқығаныңыз бен үйреткеніңізді бірден игеріп кетеді деп қалмаңыз.
3. Мұқият болыңыз! Оқу – маңызды. Бірақ баламен қарым-қатынаста арадағы жылулық пен мейіріміді, махабатты сақтаған жөн. Оның шаршауға, көңіл күйінің болмауға, мұңаюға толықтай қақысы бар. Оқығы келмеуі де қалыпты жағдай.
4. Мақтап қоюды ұмытпаңыз. Артық мақтауға көп ата-ана сараң келеді, есесіне кемшілін көріп, мақтауын асырудан қиналып жатады. Тіпті болмашы жетістігін айтып, мақтап қойыңыз.
5. Балаңызды жетістіктері туралы отбасыңыз бен достарыңыздың арасында айтып қойыңыз. Себебі, бұл баланы жігерлендіреді. Бірақ оны басқа балалармен салыстырудың қажеті жоқ. Салыстырудың кері әсері көп.
6. Сәтсіздіктерге назар аудара бермеңіз, бала қателесуден қорықпасын.
7. Оқылған кітапты баламен талқылауды ұмытпаңыз.
8. Өзіңіз де баланың көзінше кітап оқыңыз. Оның сізден үлгі алары – анық.