AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алмалы ауданында тәулігіне 500 адам қабылдайтын жа...

Алмалы ауданында тәулігіне 500 адам қабылдайтын жаңа емхана мен оңалту орталықтары салынады

Барлығы 05.11.2025, 11:56 344 Дина
Алмалы ауданында тәулігіне 500 адам қабылдайтын жаңа емхана мен оңалту орталықтары салынады
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алмалы ауданында бірқатар медициналық нысандарда жөндеу жұмыстары аяқталып, жаңа перзентхананың құрылысына дайындық басталды. Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінде аудан әкімі Арман Шамшин Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың барысы туралы айтты.

Қазіргі таңда ауданда 25 медициналық ұйым жұмыс істейді, оның 12-сі мемлекеттік, 13-і жеке меншік мекеме.

2025 жылы №3 қалалық емхананың күрделі жөндеу жұмыстары толық аяқталып, мекеме тұрғындарды қабылдауды бастады. Сонымен қатар Қалалық адам репродукциясы орталығының екі корпусы жаңғыртылды.

Құны 11,5 млрд теңге болатын №1 қалалық перзентхананың құрылысы бойынша жоба дайындалып жатыр. Құрылыс 2025 жылдың соңына таман бсталып, 2026 жылдың төртінші тоқсанына аяқталмақ. Құрылыс кезеңінде орталықтың бөлімшелері уақытша Әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау комитеті департаментінің ғимаратында орналастырылады.

Сонымен қатар, қалалық балаларды оңалту орталығын құру жобасы жүзеге асырыла бастады. Техникалық тексеруден кейін жоба қосымша мемлекеттік сараптамадан өтіп, түзетіліп жатыр.

«Жаңартылған параметрлерге сәйкес жобалық-сметалық құжаттама нақтылануда. Бұл жоба балаларға жаңа әрі арнайы жабдықталған жағдайда оңалту қызметтерін алуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Арман Шамшин.

Ауданда Райымбек даңғылы бойында ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған спорттық-оңалту орталығының құрылысы да жүргізіліп жатыр. Нысанды 2026 жылдың қарашасында пайдалануға беру жоспарланған. Орталық физикалық қалпына келтіру, бейімделген спорт және сауықтыру бағдарламаларына арналған көпфункциялы алаңға айналмақ.

Негізгі жобалардың бірі – Әйтеке би мен Масанчи көшелерінің қиылысында орналасқан тәулігіне 500 адам қабылдайтын жаңа қалалық емхана құрылысы. Жоба 2025 жылғы 14 сәуірде сараптаманың оң қорытындысын алды. Қазіргі уақытта нысанда бұзу жұмыстары аяқталып, құрылыс-монтаж жұмыстары 2025 жылғы қараша айында басталады. Емхананы 2026 жылдың төртінші тоқсанында пайдалануға беру жоспарланған.

Аудан әкімдігі тұрғындарға қолжетімді әрі сапалы медициналық қызмет көрсету үшін инфрақұрылымдық жобаларды дәйекті түрде жүзеге асыруды жалғастырып келеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#емхана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Бүгін 15:07

BilimClass электрондық журналы 25 мамырға орай ерекше науқан бастады

Бүгін 14:43

Енді несие беру табысқа қарай шектелуі мүмкін

Бүгін 14:10

Алматыда журналистердің арасында үстел теннисінен жарыс өтті

Бүгін 14:08

Алматыда алғашқы түнгі Almaty Glow Ride велошеруі өтеді

Бүгін 13:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);