AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Zaymc 2025: Алматыда жас музыканттардың халықаралы...

Zaymc 2025: Алматыда жас музыканттардың халықаралық байқауының финалы өтеді

Барлығы 05.11.2025, 14:34 400
Zaymc 2025: Алматыда жас музыканттардың халықаралық байқауының финалы өтеді
Ұйымдастырушылар ұсынған сурет

5–9 қараша аралығында Алматы қаласында Zarina Altynbayeva Youth Music Competition (ZAYMC 2025) — жас музыканттардың V Халықаралық академиялық байқауының финалы өтеді.

ZAYMC — жас таланттарды қолдауға, олардың кәсіби деңгейін арттыруға және халықаралық шығармашылық байланыстарды нығайтуға бағытталған беделді жоба.

Биылғы жылдың тақырыбы — «Түркі әлемі халықтарының және композиторларының музыкасы», ол мәдени дәстүрлердің сабақтастығы мен бірлігін бейнелейді.

Жобаның негізін қалаушы әрі көркемдік жетекшісі — Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының жетекші солисі Зарина Әнуарқызы Алтынбаева.

 Байқауға 150-ден астам өтінім қабылданып, онлайн іріктеу нәтижесінде 10–17 жас аралығындағы 46 қатысушы финалға өтті. Тыңдаулар Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Е. Рахмадиев атындағы Үлкен залында өтеді. Консерватория байқаудың бас серіктесі болып табылады.

Халықаралық қазылар алқасының құрамына академиялық өнердің көрнекті қайраткерлері енді:

 (Түркия), Егяна Ахундова (Әзербайжан), Феруза Халдарова (Өзбекстан), Денис Шаповалов (Ресей), Эрнис Асаналиев (Қырғызстан), Гаухар Тасбергенова, Руслан Талас, Дина Хамзина (Қазақстан) және Хасан Ниязи Тура (Түркия).

 Байқау қорытындысында барлық номинациялар мен жас санаттары бойынша үздік қатысушылар анықталады. Негізгі жүлделермен қатар, Түркі әлемі шығармасын үздік орындау, сондай-ақ Бибігүл Төлегенова, Марат Бисенғалиев және Гүлсін Оңай атындағы арнайы сыйлықтар тағайындалған. Апта бойы қазылар алқасы мүшелерінің шеберлік сабақтары, Q&A сессиялары және ашық дәрістері өткізіледі.

ZAYMC 2025 білім беру бастамаларының маңызды жобаларының бірі — «Түркі композиторларының антологиясы» (Volume I, 2025). Бұл — Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстан композиторларының шығармаларын біріктіретін алғашқы ноталық жинақ.

Байқау 9 қараша күні Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өтетін гала-концертпен және марапаттау рәсімімен аяқталады. Бағдарламада Абай, Латиф Хамиди, Фикрет Әмиров, Ахмет Аднан Сайгун, Мұхтар Әшрафи және әлемдік классика авторларының туындылары орындалады. Дирижерлік пультте — Хасан Ниязи Тура (Түркия) және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Нұржан Байбусинов.2019 жылы негізі қаланған ZAYMC байқауы бүгінде Қазақстанның академиялық музыка өміріндегі маңызды оқиғалардың біріне айналды. Басты мақсаты — Түркі әлемінің жаңа музыкалық зиялы қауымын қалыптастыру, ал оның бірегей ерекшелігі – барлық қатысушылар үшін тегін өткізілуі болып табылады.

Биылғы ZAYMC финалының ерекшелігі бір сахнада жас дарындар мен әлемдік деңгейдегі музыканттар өнер көрсетеді.

Көрермендерді қазылар алқасы мүшелерінің, белгілі шеберлердің және қатысушылардың шабытқа толы әсерлі орындаулары күтеді.

Қатысушы әртістер:

Егана Ахундова (Әзербайжан)

Гюльсин Онай (Түркия)

Эрнис Асаналиев (Қырғызстан)

Денис Шаповалов (Ресей)

Зарина Алтынбаева (Қазақстан)

ІС-ШАРАЛАР КЕСТЕСІ

5 қараша, сағат 16:00

Бағдарлама: ZAYMC байқауының негізін қалаушы және көркемдік жетекшісі Зарина Алтынбаеваның құттықтау сөзі, қатысушылармен танысу және жеребе тарту рәсімі.

Өтетін орны: Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Е. Рахмадиев залында

 6–7 қараша — байқау күндері (кесте бойынша).

9 қараша, сағат 15:00 — Гала-концерт және марапаттау рәсімі

Өтетін орны: Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры

Телеграм арнаға жазылыңыз
#байқау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ертең Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

Бүгін 19:28

Абай алаңында әжелер подиумға шығып, сән көрсетті

Бүгін 18:01

Алматыда «KitapFest-2026» ауқымды екі күндік кітап фестивалі өтті

Бүгін 17:46

Көктем мерекесі Алматы төрінде: Абай алаңындағы концерт пен қолөнер жәрмеңкесі

Бүгін 17:41

Алматыдағы Абай алаңындағы мерекенің көркін кіргізген концерт әлі де жалғасып жатыр

Бүгін 16:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика