Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Астма бақылауда: Алматылық дәрігерлер аурудың алды...

Астма бақылауда: Алматылық дәрігерлер аурудың алдын алып, анықтауға байланысты кеңес берді

Әлеумет 29.04.2025, 13:17 784
Астма бақылауда: Алматылық дәрігерлер аурудың алдын алып, анықтауға байланысты кеңес берді
Өңірлік коммуникациялар қызметі

2025 жылдың 6 мамыры күні бүкіл әлем астмамен күрес күнін атап өтеді. Бұл – осы аурудың алдын алып, анықтап, онымен күресудің тиімді түрі барына қоғам назарын аударар ерекше күн. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен  пресс-конференцияда,  Алматының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас аллерголог-иммунологы Таир Нурпеисов осыған тоқталды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

«Аста – тыныс жолдарының созылмалы қабынуы. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне қарағанда, қазір осы дертпен 300 миллионнан астам адам ауырады. Медицинаның дамып жатқанына қарамастан, ақпараты мардымсыз болып, ауруды уақытылы анықтай алмай, емге қолы жетпей жүрген пациенттер әлі де көп», — дейді Т. Нурпеисов.

Спикердің айтуынша, Алматыда тыныс демікпесімен тұрғындардың 0,5–0,7%, яғни, қаладағы әрбір 100-200-ші адам ауырады. 

«Шындығына келсек, бұл сан әлдеқайда көп одан. Біздің ақпартқа қарағанда,   3–4% дейін барады. ЕО, АҚШ, ұлыбритания, Австралия мен Жаңа Зелания сияқты экологиясы жақсы елдердің өзінде астмамен ауыратындар көбейіп, 7-10 пайызға дейін жетіпті», — деді бас дәрігер. 

Дәрігердің айтуынша, астма жастар мен балаларда көп кездеседі. Балалардың арасында ұлдар жағы көп ауырса, ересектердің арасында көп ауыратындар – әйелдер. Бұрын «поллиноз» деп атаған аллергиялық ринитпен ауыратындар да осы тізімге кіріп тұр. 

Балалардағы алғашқы белгісі  құрғақ жөтел, ересектер – күш түскенде ентігеді. 

Таир Нурпеисовтың айтуынша, тыныс емікпесі аллергияық және аллергиялықемес деп те екіге бөлінеді.

«95-98 кездесетін аллергиялық түрімен жастар жағы көп ауырады. Тез асқынғанымен, уақытылы емдесе жылдам сауығып кетеді кім болсын. Аллергиялық емес түрі аз кездеседі», — деп атап өтті ол. 

Астма Қазақстанда ТМККК / МӘМС-тің бақылауына кіретін аурудың қатарына жатады. Аурудың белгісі анықталған жағдайда, ауруды елемей, өз бетінше емделіп жүре бергенді қойып,  емханаға, аллергологтың қабылдауына баруды ұсынады эксперт.  

«Қазақстан астмамен ауратындар осы замандық қауіпсіз әрі тиімді ингаляторлармен тегін емделетін азын-аулақ елдердің қатарына кіреді. Бізде астманың алдын алып, оны емдейтін барлық мүмкіндік бар. Соңғы жылдары астманың ауыр түріне шалдыққан пациенттердің сауығып кетуіне септесетін гендік-инженерлік биологиялық жаңа аппараттар да алынды», — деп қорытты Т. Нурпеисов.

Бүкіләлемдік астамен күрес күні Астамен күрестің жаһандық бастамасы (GINA)-ның қолға алуымен өтіп жатыр. Мақсаты – қоғамның көзін ашып, науқастарды қолдап, дұрыстап емдесе, астманы да жеңуге болатынын оларға ескерту.  

Бүкіләлемдік астмамен күрес күнінің аясында білім беретін семинарлар, диагностика жасайтын акциялар мен ақпараттық кампаниялар өтеді.  Соңғы үш күнде Алматыда барлық мамандықтарға арнап аллергия мектебі дәріс оқып шықты. Пульмонологтар мен астманың асқынған түрін қарайтын аллергологтарға арнап мастер-класс та өтті. Медорталықтардың көбінде ашық есік күні өтіп жатыр осы күндері.   

Ингаляциялық терапиядан үнемі өтіп, дәрігердің кеңесіне құлақ асып отырса, ауруды асқындырмай, астманың ауыр түрінің алдын алуға болатынын айтады дәрігерлер. 

Ауруды үзбей бақылау мен емдеудің осы заманғы әдістеріне жүгінудің тиімділігін ескере отырып, биылғы іс-шара «Астма бақылауда болса – адам өмірінің сапасына артады» деген ұранмен өтпек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Аста #денсаулық #дәрігер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Open Almaty арқылы өтініш қабылдауға арналған бірыңғай 109 нөмірі іске қосылды

Бүгін 20:28

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова Ұлттық ұлан әскери қызметшілерімен кездесті

Бүгін 19:27

Исламда эвтаназияға неге рұқсат етілмейді?

Бүгін 18:24

Алматы әуежайын жаңғырту: терминал мен автотұрақтардың қызмет көрсету мүмкіндігі екі есеге артады

Бүгін 17:52

Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелер жаңғыртылады

Бүгін 17:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика