Алматының мемлекеттік кірістер департаменті декларацияларды тапсыру мерзімдері және айыппұлдар туралы еске салды

Алматының  мемлекеттік кірістер департаменті декларацияларды тапсыру мерзімдері және айыппұлдар туралы еске салды Сурет: Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Мемлекеттік кірістер департаменті алматылықтардан декларацияны тапсыру мерзімін кешіктірмеуді еске салды.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы Мемлекеттік кірістер департаментінің өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Қанағат Күлембаев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап декларацияны ұсыну бойынша міндеттемелер бизнес өкілдері мен олардың жұбайларында (заңды тұлғалардың басшыларында, құрылтайшыларында (қатысушыларында), жеке кәсіпкерлерде) туындайды. 

Алматы қаласы бойынша 3-кезеңде декларациялауға жататын тұлғалардың саны 357 мыңнан асады.

    Жалпыға бірдей декларациялау 2 нысанда ұсынылады:  
-    "Активтер мен міндеттемелер туралы декларация" (250.00 нысаны) 
-    "Кірістер мен мүлік туралы декларация" (270.00 нысаны).

«Жалпыға ортақ декларациялау жүйесіне кірген кезде 250.00 нысаны бойынша декларация тапсырылады, ол бір рет ұсынылады - "кіріс" декларациясы деп аталады, ал одан кейінгі жылдары 270.00 нысаны бойынша жыл сайынғы декларация тапсырылады», - деді Қанағат Күлембаев. 

Тәжірибе көрсеткендей, 250.00 нысанындағы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны толтыру кезінде кейбір декларанттар қателіктер жібереді және көбінесе салық кезеңін дұрыс көрсетпейді, 2024 жылдың орнына 2023 жылды көрсетеді. Жалпы Алматы қаласы бойынша мұндай декларациялар 7 мыңнан асады.

Сондай-ақ, салық төлеушінің санатын таңдауда қателіктер бар, яғни «В» санатының орнына (3-кезең бойынша декларациялауға жататындар) «А» санатын таңдайды (мемлекеттік қызметке немесе сайланбалы қызметке үміткерлер). Қала бойынша мұндай декларациялар 2 мыңға жуық.

Сонымен қатар, ол кіріс декларациясын толтыру кезінде кейбір мәселелерге және жиі қойылатын сауалдарға тоқталды.

Активтер мен міндеттемелер бойынша «кіріс» декларациясын толтыру шарттарының бірі - 2023 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша қарыздар мен талаптарды көрсету. Яғни, азаматтар декларацияда басқа жеке немесе заңды тұлғалар алдындағы қарыздарын көрсетуі керек. Сондай-ақ, осы жеке тұлғаға басқалардың қайтаруы тиіс қарыздар туралы есеп беріледі.

Салық кодексінің нормаларына сәйкес несиелік келісімдер нотариалды куәландырылған болуы керек (Салық кодексінің 631-бабының 2-тармағы). 

Шарттарды куәландыру тәртібі «Нотариат туралы» ҚРЗ 8-тарауымен регламенттеледі, нотариаттық іс-әрекеттерді жасау мерзімдері 40-бапта айқындалған (бұл үшін барлық қажетті құжаттар ұсынылған және мемлекеттік баж төленген күні).

Келісімшарттар мен басқа құжаттар бастапқы декларацияны тапсырғанға дейін нотариалды куәландырылуы тиіс (тапсыру мерзімі 2024 жылдың 15 қыркүйегіне дейін). 

Назар аударатын жайт, қарыздар мен міндеттемелерді көрсету тек бастапқы декларацияда мүмкін болады, толықтырулар қабылданбайды (салық кодексінің 211-бабының 5-тармағы).

Банктік қарыз шарттары декларацияда көрсетілмейді.

Сонымен бірге, заңды тұлғалармен (микроқаржы ұйымдарын қоса алғанда) жасалған келісімшарттар декларацияда көрсетілуге тиіс.

Азаматтар активтері мен міндеттемелері туралы декларацияда қалауы бойынша құны бірлігі үшін 3,5 миллион теңгеден (1000 АЕК) асатын құнды мүлікті көрсете алады.

Мұндай мүлікке Қазақстан Республикасында да, шетелде де орналасқан кез келген қымбат мүлік, мысалы, мәдени құндылықтар, зергерлік бұйымдар, асыл тұқымды жануарлар және басқа да бағалы мүлік, сондай-ақ аяқталмаған құрылыс объектілері жатады.

Көрсетілген мүлік 2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша бағалау құны болған жағдайда декларацияланады. Бұл ретте бағалау декларацияны тапсыру сәтіне дейін (2024 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей) жүргізілуі тиіс.

ӨКҚ спикері салық органдарының шетелдік көздерден түсетін кірістер туралы қалай білетінін түсіндірді.

Қаржы министрлігі 2021 жылдан бастап шетелдік банктік шоттарға түскен қазақстандық азаматтардың кірістері туралы ақпаратты алып келеді. Бұл мәліметтер құзыретті органдардың Салық істері бойынша өзара әкімшілік көмек туралы конвенция (Страсбург, 1988 жылғы 25 қаңтар) шеңберінде қаржылық шоттар туралы ақпаратты автоматты түрде алмасу туралы көпжақты келісіміне (CRS) сәйкес келеді.

Жыл сайын 86 елден ақпарат келіп түседі, негізгі елдер БАӘ, Ұлыбритания, Түркия, Франция және т.б.

«Келіп түскен мәліметтер жеке табыс салығы бойынша салық міндеттемелерін айқындау мақсатында салықтық әкімшілендіру үшін ғана пайдаланылады»,  - деп хабарлады Қанағат Күлембаев. 

Ол азаматтар кез келген қателіктерді немесе анық емес мәліметтерді ескіру мерзімі ішінде қосымша декларация тапсыру арқылы дербес жоюға құқылы (3 жыл). Тек, дебиторлық және кредиторлық қарыздар өзгертуге жатпайды.

Сондай-ақ, жеке тұлғалардың табыстарына салықтық бақылау қалай жүргізілетінін айтты. 
Бастапқыда автоматты камералдық бақылау жүзеге асырылады – жеке тұлғалардың шығындарының мониторингі келесідей жүзеге асырылады:
-    декларацияның болуы/болмауы тексеріледі;
-    факті анықталуда көрініс бермеулер декларациядағы кірістер мен мүліктер және кірістерді төмендету.

Содан кейін, камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жоймаған азаматтарға қатысты салықтық тексеру жүргізіледі.

Қанағат Күлемсбаев декларацияны бірінші рет тапсырмағаны үшін ескерту, бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін – 51 750 теңге (15 АЕК) көлемінде айыппұл қарастырылғанын еске салды. 

Декларацияда толық емес, жалған мәліметтерді бірінші рет ұсынғаны үшін – ескерту, бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін – 10 350 теңге (3 АЕК) көлемінде айыппұл салынады (ӘҚБтК-нің 272-бабы).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:30

19:53

19:18

19:03

18:47

18:01

17:53

17:12

17:05

16:42

16:32

16:05

16:01

15:54

15:47

15:37

15:27

15:09

15:05

14:05

12:51

12:29

11:39

11:08

11:02