Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыдағы миниинвазивті торакоскопиялық оталар: ж...

Алматыдағы миниинвазивті торакоскопиялық оталар: жүрек хирургиясына жаңа көзқарас

Медицина 14.03.2024, 12:28 1,450
Алматыдағы миниинвазивті торакоскопиялық оталар: жүрек хирургиясына жаңа көзқарас
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматы Қалалық кардиологиялық орталығында жүрекке хирургиялық араласудың жаңа озық технологиясы - миниинвазивті торакоскопиялық ота жасалатын болды.


Бұл сүйек құрылымына зақым келтірместен омыртқа аралық ота жасауға мүмкіндік беретін жүрек ауруын хирургиялық емдеудің ең жақсы әдісінің бірі. Аталған әдіс асқыну қаупін айтарлықтай азайтады және пациенттерге қалпына келудің ыңғайлылығын қамтамасыз етеді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Бұл хирургиялық араласуды орындау кезінде Қалалық кардиологиялық орталықта әлемдегі жетекші өндірушілердің ең заманауи жабдығы қолданылады.



"Осы инновациялық әдісті енгізе отырып, біз енді атривентрикулярлық клапандарда (митральды, аорталық) реконструктивті, клапанды сақтайтын отаны, сондай-ақ клапандарды протездеуді жасай аламыз. Бүгін біз митральды қақпақшаның пролапсы бар 32 жастағы науқасқа ота жасадық, оған бейнеторакоскопиялық қолдаудың көмегімен митральды қақпақшаның миниинвазивті пластикасы жасалды", - деп бөлісті кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Нұржан Мүсірепов.



Ота Новосибирск қаласынан келген тәжірибелі кардиохирург, м.ғ.к. Алексей Пивкинмен өткізілген мастер класс аясында жүргізілді.



Алматы Қалалық кардиологиялық орталығының директоры Роза Қуанышбекованың айтуынша, Орталықта жыл сайын жүрекке 500-ге жуық ота жасалады.



"Қалалық кардиологиялық орталық миниинвазивті торакоскопиялық отаны белсенді түрде енгізіп келеді және ота барысын барынша арттыруға ұмтылады. Минималды инвазивті кардиохирургиялық ота хирургиядағы революциялық серпілістің бір түрі. Себебі ол дәстүрлі отаға балама болып табылады.
Бұл тәсіл пациенттерді жылдам оңалтуды қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар косметикалық нәтиже береді. Мұндай отадан өткен пациенттерде қалпына келу уақыты азая түседі және отадан кейінгі асқыну қаупіне байланысты қалыпты өмірге тезірек оралады, өйткені кеуде мүшелеріне дәстүрлі араласу үлкен кесуді, кең қолжетімдікті қажет етеді, бұл пациент үшін ауыр жарақатқа әкеледі. Біздің мақсатымыз - пациенттерге жүрек ауруын емдеудің озық әдісіне қол жеткізуді қамтамасыз ету және оларға мүмкіндігінше тезірек толыққанды өмірге оралуға көмектесу", - деп бөлісті Роза Қуанышбекова.



Алматыда қан айналымы жүйесінің аурулары жиі кездеседі. Алматыдағы әрбір үшінші тұрғын осындай аурумен ауырады. Сондықтан Қалалық кардиологиялық орталық алматылық кардиохирургтарды емдеудің жаңа әдісіне үйрету үшін мастер кластар өткізу арқылы пациенттердің осы санатына көмек көрсету кезінде емдеудің ең заманауи әдістерін қолдануға тырысады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#медицина #Кардиология #денсаулық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда TEER технологиясымен бірегей операциялар жасалды

Бүгін 11:38

Ахметбек Қоңырбаев Президент Алғыс хатымен марапатталды

Бүгін 11:37

Тегін оқып, офицерлік шен алып, 100% жұмысқа орналасады: Алматыда ІІМ академиясына қалай түсуге болатынын айтты

Бүгін 11:12

Алматылық спортшы семсерлесуден әлем чемпионатында тарихи медаль жеңіп алды

Бүгін 10:55

ІІМ алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті

Бүгін 10:50
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика