AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматылық смогтан жасалған сия, велошредер және қа...

Алматылық смогтан жасалған сия, велошредер және қайта өңделген пластиктен жасалған шахмат

Барлығы 12.10.2025, 11:29 507 Сұлу
Алматылық смогтан жасалған сия, велошредер және қайта өңделген пластиктен жасалған шахмат
Алматы әкімдігі

Алматы қаласында экологиялық айлықтың басталуына орай халықаралық Almaty Open ATP 250 турнирі ECO Network және алғашқы Эко-хабпен бірлесіп өз алаңында экоаймақ ашты.

Бұл спорттық іс-шаралардың экология тақырыбын, қалдықтарды сұрыптап жинау мәдениетін ілгерілетіп, тұрғындарды қалдықтарды қайта өңдеуге арналған интерактивті аймақтар арқылы тартуының жақсы дәстүрге айналып келе жатқанын көрсетеді.

Биыл ECO Network-пен бірлесіп өз іс-шараларын экологияландыру бастамасын Almaty Marathon және FIDE World Cadet Chess Championships 2025 – 8, 10 және 12 жас аралығындағы балалар арасындағы әлем чемпионаты да жүзеге асырды. Чемпионат кезінде балалар бөтелке қақпақтарынан тікелей чемпионат барысында шахмат жиынтығын жасап шығарды.

Almaty Open ATP 250 экоаймағының бірегей бөлігі – алматылық оқушылар әзірлеген «Алматылық смогтан жасалған сия» жобасы болды. Іс-шара қонақтары дәл осы сиямен шоперлерді бояды.

Бұл символдық мәнге ие, себебі дәл қазір Алматы қаласының атмосфералық ауаны қорғау ережелері бойынша қоғамдық тыңдаулар өтіп жатыр. Бұл ережелер қаланың смог мәселесін түбегейлі шешуге көмектесуі тиіс.

«Алматылық смогтан жасалған сия» жобасының авторлары:
Иманталиева Нарминахон – №48 лицейдің 11-сынып оқушысы, жобаның негізін қалаушы;
Советхан Аружан – NIS-тің 10-сынып оқушысы, жобаның техникалық директоры.

Олар 8 елден келген 350 жобаның ішінде өткен халықаралық LaunchZone әлеуметтік жобалар батлында 2-орын иеленді.
Сондай-ақ, Жасыл технология орталығының GCIP халықаралық акселерациясының жартылай финалистері атанды.
Global Startup Awards байқауында Қазақстандағы жылдың үздік жасыл технологиялық стартаптарының бірі ретінде номинацияланды.
Сонымен қатар Invest Match акселерациялық бағдарламасының финалистері болды.

Алматы қаласының әкімдігі, экобелсенділер және чемпионат қонақтары Almaty Open ATP 250 ұйымдастырушыларына Мемлекет басшысы белгілеген «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында экологиялық мәдениетті және қалдықтарды бөлек жинау тақырыбына үлес қосқаны үшін алғыс білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Экология #сия #смог
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы бокстан әлем кубогында 7 медаль жеңіп алды

Кеше 18:58

Қазақстандық курсанттар математикадан ТМД олимпиадасында күміс жүлдегер атанды

Кеше 18:54

Елордалық джиу-джитсу шеберлері Францияда топ жарды

Кеше 18:48

ІІМ қызметкері стритлифтингтен Азия чемпионы атанды

Кеше 18:44

Атырау әкімінің орынбасары Марат Мурзиев каратэден әлем чемпионы атанды

Кеше 18:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика